Page 172 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

172
Сақшылар мен оның көмекшілерін осыған қызмет етуге мәжбүр етуіміз керек, олардың
және басқалардың барлығын да өз істерінің үлгілі шебері болуына иландыруымыз керек.
Сонымен, біздің мемлекетіміздің өрлеуінде және лайықты құрылуында барлық
сословиедегі адамдардың осы ортақ гүлденуде өзінің табиғи жағдайына сай үлесін
қосуына мүмкіндік беруіміз керек.
Меніңше, сен жақсы айтып отырсың.
Бірақ саған осыған өте ұқсас айтылатын нәрсе дұрыс болып көрінер ме екен?
Мысалы, қандай?
Қалған іскерлердің де барлығын жаман етіп, бұзып жіберетін міне, осы емес пе?
Сен нені айтып отырсың?
Байлық пен кедейлікті.
Ол қалай?
Міне былай: байып кеткен құмырашының, сеніңше, қайсысы өзінің іскерлігін
дамытқысы келер еді?
Ешбірі де.
Ол одан да жалқау және ұқыпсыз болып кетпей ме?
Иә, жаман болып кетеді.
Яғни, ол нашар құмырашы бола ма?
Әрине, солай.
Ал егер, кедейліктен ол өзіне құрал-жабдық немесе өз қолөнеріне қажетті бір зат
ала алмаса, оның жасаған заты нашар болады және ол өз ісіне өзінің ұлдарын және
шәкірттерін дұрыс үйрете алмайды ғой.
Иә, басқаша бола алмайды.
Яғни, бұдан да, басқадан да — кедейліктен де, байлықтан да — жасалған заттар да,
іскерлердің өздері де нашар болады.
Бұл анық.
Идеалды мемлекеттегі байлық пен кедейшілікті жою
Сөйтіп, біз өзіміздің сақшыларымыз үшін барынша сақталатын бір нәрсе таптық, —
тек ол мемлекетке сақшыларға байқатпай еніп кетпес пе екен?
Ол не?
Байлық пен кедейлік. Біреуі сән-салтанатқа, жалқаулыққа, жаңалыққа жетелесе,
екіншісі жаңалықтан басқа опасыздыққа және жаманшылық істерге алып келеді.
Әрине. Дегенмен, Сократ, мынаны да таразыла: қалай біздің мемлекетіміздің
соғысуға күші жетеді, егер оның ақшалық қаржысы болмаса, әсіресе, егер ол ірі және
бай мемлекетпен соғысуға мәжбүр болса?
Анық, осындай бір мемлекетпен соғысу қиынырақ болады, ал екеуімен жеңілірек.
Ол қалай?
Өйткені, біз білетін әскери істің білгірлері алдымен бай адамдар айқаспай ма?
Әрине, бай адамдармен.
Адимант, қалай екен? Жұдырықтасудан жақсы дайындығы бар бір сарбаз екі
мұндай дайындығы жоқ, бірақ бай және толық адамды жеңуі оңай емес пе?
Бірақ екеуімен бір мезгілде емес.
Жоқ, міндетті түрде осылай: ол алдымен қашып отырып, сосын қайрылып тұрып
кім бірінші жақындаса соны соғады. Күн ыстықта, аптап болып тұрғанда бұл тәсілді
жиі-жиі қайталаса ше? Осындай сарбаз өзінің қарсыластарының бірталайын жеңбей
ме?
Талас жоқ, оған таң қалуға болмайды.