171
қолданысқа жұмсай алмайды. Маған қарсы айып таға отырып бұның бәрін және басқа
да осындай көптеген нәрселерді ұмытып кеттің.
Бұлардың бәрін айыптауға қосамыз ба, — деді Адимант.
Яғни, біз қалай өзіміздің қорғауымызды қалыптастыратынымызды сұрайсың ба?
Иә, соны сұраймын.
Идеалды мемлекеттің үлгісі (утопия)
Егер біз сол жолмен жүретін болсақ, онда не айту керек екенін табамыз,— деп ойлаймын.
Егер біздің сақшыларымыз осындай жолдармен өздерін бақыттырақ сезінетін болса, онда
оның ешқандай таңқаларлығы жоқ екенін айта аламыз; біз бұл мемлекеттің негізін
қалыптастырғанда оның тұрғындарының бір бөлігін ғана аса бақытты қылу үшін жасауды
көздеп отырған жоқпыз, керісінше, бүкіл мемлекетті түгелімен бақытты еткіміз келеді.
Өйткені, біз тек сондай мемлекетте әділеттілік табамыз деп сенеміз, ал әділетсіздік болса,
керісінше, өте жаман мемлекеттік құрылыста. Осы бақылаулардың негізінде бізді ұзақ
уақыттан бері ойландырып жүрген мәселелерді шешуді көздейміз. Қазір біз қиялымызда
өзіміздің жорамалдауымыз бойынша, бақытты мемлекет жасап отырмыз, бірақ оның бір
жеке бөлігінде емес, онда тек жеке біреулер ғана бақытты болатындай емес, бүтіндей
барлығы бақытты болатындай; содан соң оған қарама-қарсы мемлекетті қарастырамыз.
Бұл егер біз сурет салып жатқан кезде біреу келіп, тірі тәннің ең әдемі бөліктерін көрсету
үшін ең әдемі бояуларды пайдаланғанымызды бетімізге басқан сияқты, мысалы, егер
көздер өте әдемі болса да, қара емес, қара қошқыл түске боялған болса. Сірә, мұндай
жазғырудан қорғану үшін: "Сенің ойыңша біз көздерді соншалықты әсіре ғып жасасақ,
олар тіпті көздерге де мүлдем ұқсамай кетпей ме, бұл айтқанымыз дененің басқа да
бөліктеріне қатысты, сен анда, біз дененің барлық бөліктерін тұтас сен айтқандай жасасақ,
онда ол бүтіндей әдемі болып шығар ма еді?" — деп жауап берген орынды.
Сол сияқты сақшылардың қызметін оған ешбір сай келмейтін, яғни сақшыны сақшы
етпейтін бақытпен біріктіруге мәжбүр етпе. Біз диханды да сәнді киіндіріп, алтынға
малып, тек өзінің рахаты үшін ғана жер жыртуға мүмкіндік бердік дейік, ал қыш күйдіріп,
одан әртүрлі бұйым жасаушылар отбасында жайланып жатып, өз еріктерінше ішіп,
тойласын, қыш шеңберін жақындатып қойып, өз қолөнерімен қалағанынша ғана
айналысып жатсын. Басқаларда да осындай жағдай болсын дейік, бүкіл мемлекетті осы
жолмен гүлдендіріп, бақытты қыла аламыз ба?
Жоқ, бізді үгіттеме, егер біз сені тыңдасақ, онда дихан дихан болмайды, құмырашы
құмырашы болмайды, тіпті мемлекетті құратын адамдардың еш біреуі өз келбетін сақтай
алмайды. Дегенмен, кейбір жағдайларда бұл сондай қажет емес. Егер етікшілер жарамсыз
болып, бұзылып, өздерін шындықтағыдан басқаша көрсетсе, мемлекетке бұдан әлі үлкен
бақытсыздық келмейді. Егер заңдар мен мемлекет күзетінде тұрған адамдар, шын мәнінде
ондай емес, тек солай көрінетіндер ғана болса, сен көресің, олар бүкіл мемлекетті
негізімен құлатады және тек солардың ғана жақсы орналасуға, гүлденуіне мүмкіндіктері
болады.
Егер біз сақшыларды нағыз сақшы қылсақ, олар ешуақытта мемлекетке зиян келтірмейді.
Ал кімде-кім дихандар туралы олар мемлекеттің мүшелері емес, салдық құрып,
бүкілхалықтық мерекеде серілікпен жүргендер деп есептесе, ол, бәлкім, мемлекетті емес,
басқа бір нәрсені көздегені болар. Бізге күзетшілерді тағайындауда тек солардың ғана
тұрмыс жағдайының тәуір болуын ойлауымыз қажет пе, әлде бізге бүкіл мемлекеттің,
оның гүлденуінің қамын көздеуіміз керек пе, осыны шешуіміз керек.