170
ең жақсы сақшылар болуына және басқа да азаматтарға жамандық келтіруіне
мүмкіндік бермейді.
Иә, дұрыс ойлайтын адам, дәл осылай деген болар еді.
Байқа енді, — дедім мен, — егер оларға осындай болу керек болса, олардың өмірі
мен тұрғын үйін, шамамен, былай құру керек емес пе: алдымен ешкімде ешқандай
жеке меншікке ие болудың керегі жоқ, бұған өте-мөте қажеттілік болмаса. Одан соң
кез-келген адамның кіруіне рұқсат етілмейтін тұрғын үй немесе зат қоятын қойма,
болмауы керек. Парасатты және ержүрек соғыс ісінің мамандарына азық-түлік
қорлары қажет болса, оларды басқа да азаматтардан, соларды күзетіп қорғағаны үшін,
алуларына болады. Қор жинағының мөлшері сақшылар үшін бір жылға жетуге тиіс,
бірақ мөлшерден тыс болмасын. Жорыққа аттанғандай барлығы бірге тамақтанып
және бірге өмір сүретін болады. Ал енді алтын мен күміске байланысты оларға
айтарымыз құдіретті алтын — бұл құдайлардан, олар әрдайым адамның жан дүниесіне
орналасқан, ендеше ешқандай да адам алтынға мұқтаждық емес. Иә, және осындай
құдіретті алтынға ие бола отырып, оны арамдап, ажалдылардың алтынымен
араластыру абыройсыздық болар еді: оларда алтын таза болуға тиіс, жиі қолданатын,
көбінесе, арамдықпен қолдан жасайтын ақша емес қой. Жалғыз оларға ғана біздің
мемлекетімізде алтынды және күмісті пайдалануға, тіпті оған жанасуға да, олармен бір
үйде тұруға, олармен өзін-өзі әшекейлеуге немесе алтынданған және күмістенген
ыдыстардан ас ішуге болмайды. Тек қана осылай сақшылар аман есен қалып және
мемлекетті сақтай алады. Ал сәл ғана оларда жеке меншік, өз жері, үйі, ақшалары
болысымен, олар бірден сақшылардан қожайынға және диқаншыларға айналып шыға
келеді; басқа азаматтардың одақтастары болудың орнына, олардың қас дұшпан
әміршілеріне айналады; өздері жек көріне отырып және өздеріне деген өшпенділікті
тудырады, жауыздық ниеттерімен қоректене отырып және олардан қауіптеніп, олар
барлық уақытта сыртқы жаулардан гөрі ішкі жаулардың алдында үлкен қорқыныш
үстінде өмір сүреді, ал осындай жағдайға байланысты олардың өздері және бүкіл
мемлекет өзінің тезірек жойылуына қарай ұмтылады.
Міне, осындай себептерден мен жаңа айтқандай, дәл осылай сақшылардың пәтер үйін
және басқа да жайын ұйымдастырып, мұны заң дәрежесіне дейін көтеру керек. Әлде сен
келіспейсің бе?
Келісемін, - деп жауап берді Главкон.
Төртінші кітап
Адимант сөзге араласты:
Сократ, сен өзіңді қалай қорғайсың, — деді ол, - егер оларды онша бақытты ете
қоймадың десе және оның үстіне оған өздері кінәлі: өйткені, шындығын айтқанда,
мемлекет олардың қолында, бірақ олар мемлекеттің берген игіліктерінің ешқайсысын
пайдаланған емес, ал кейбіреулер болса егіске жер алар еді, әдемі үйлер салатын,
оларды жиһазға толтыратын, құдайға ерекше құрбандығын шалып, өзге елдіктерді
қонақжайлықпен қарсы алады, жаңа ғана сен айтқан — алтын мен күміске және
адамның бақытты өміріне керекті деп есептелетін нәрселердің бәріне ие болады. Олар
жалдамалы көмекші отрядтар ретінде тек сақшылық қызмет үшін ғана сенің
сақшыларың мемлекетте орнығып алған сияқты.
Иә, — дедім мен, — оның үстіне басқалардан айырмашылығы үстіне ешқандай
сыйақы алмай олар тек азық-түлік үшін қызмет етеді, сондықтан олар өз еріктерімен
басқа елдерге кете алмайды, өзін бақыттымын деп жүргендер сияқты басқаша түрде