169
басқарушылардан ең алдымен және көбінесе, дәл осы.жерде, олар айбынды сақшылар
болуын және басқа ешнәрсені өзінің ұрпағы ретіндегідей қорғап сақтамауын, өз
балаларының жан дүниесінде нендей қоспалардың бар екенін бақылай отырып, егер
бала мыс немесе темір араласқан болып туса, оған бұлар ешқандай аяушылық
білдірмей, бірақ оның табиғи талаптылығына, болашағына лайықты, яғни
қолөнершілер немесе диқаншылардың қатарына қосу керек: егер де алтын не күміс
қосылған болса, онда бұл жайды бағалап, оны құрметпен сақшылардың немесе
көмекшілердің қатарына жіберу керек. Егер мемлекетті темір немесе мыс араласқан
сақшы қорғаса, онда ол күйрейді деген сәуегейлік бар ғой; бірақ осы мифке сендіру
қалай болады; бұған сен де қандай да бір амал бар ма?
Сақшылардың өздері сенетіндей ешқандай амал жоқ, бірақ осыған олардың
балаларын және кейінгі ұрпақтарын иландыруға болады. Алайда, мұның өзі
азаматтардың мемлекетке де және бір-біріне де үлкен қамқорлықпен қарауына
мүмкіндік туғызды: мен сенің сөздеріңді, шамамен, осылай түсінемін. Бұл жердегі
көпшілікке ұнау осындай қауесеттің қаншалықты тез тарауына байланысты; біз
болсақ, осы біздің жермен туыстарымызды қарумен жарақтандырып, өзіміз
басқарушылардың басшылығымен алға ұмтыламыз. Жергілікті орынға келген соң оны
айнала қарап, қалада, қай жерде лагерьді жақсы орналастыруға болады, жергілікті
тұрғындарды бағынышты жағдайда ұстап, егер кімде-кім заңға бағынғысы келмесе,
және табынға ұмтылған қасқырға ұқсап дұшпандық шабуыл жасай қалса, оларға
тойтарыс беруіміз керек. Лагерьді орналастырып және тиісті тасаттық беріп, енді олар
пәтер үй құрылысымен айналысуы керек. Солай емес пе?
Иә, солай.
Пәтер үй, шындығында, қыста да және жазда да адамдарды паналатып тұратын
болу керек. Солай емес пе?
Басқаша қалай? Сен менімше, үйлер туралы айтып тұрсың ғой.
Иә, бірақ пайдакүнемдер үшін емес, әскерлерге арналған үйлер туралы айтып
тұрмын.
Сеніңше, мұнда қандай айырмашылық бар?
Саған түсіндіріп көрейін. Ең жексұрын және оңбағандық — бұл малшылардың
табынды қорғайтын иттері, әлде солай асырағандықтан ба, әлде олар ештеңеге құлақ
аспайтын болған ба, не аш болғандықтан ба, не бұл әдетке айналған ба, олар қойларға
қастандық жасап, өздері иттерден гөрі қасқырларға ұқсайды.
Бұл, әрине, сұмдық.
Басқарушылардың көмекшілері әрдайым сақ болып, олар азаматтардан жоғары
басымдырақ болғандықтан, бұларға қатысты бізде мұндай ештеме жасамауы керек,
мейірімсіз әміршіге ұқсамай, бірақ олардың жақсылық тілеушілері болып қалуы керек.
Егер олар жақсы тәрбие алған болса, онда өте жоғарғы сақтық толығымен
қамтамасыз етілген болар еді.
Бірақ мұның өзі де, осылай емес пе,— деп байқап қалды Главкон. Осы жерде мен
былай дедім:
Қымбатты, менің Главконым, бұған бола қасарысып тұруға болмайды. Ең жақсысы
біз, таяуда айтқандарды, мақұлдауымыз керек: олар дұрыс тәрбие алулары қажет, ол
қандай болмасын, ондағы басты мәселе — олар бір-біріне де көне өздері қорғайтын
азаматтарға момындықпен қарым-қатынас жасау.
Біз мұны дұрыс айттық.
Сақшылардың тұрмысы
Бұлардың тәрбиеленуіне қосымша, дейді, кез-келген дұрыс ойлайтын адам, —
олардың пәтер үйін және басқа да мүлкін сондай етіп ұйымдастыру керек, бұл олардың