168
біз жас жігіт азғыруға көне ме, ол барлық жағынан сыпайы ма, ол өзі үшін де жақсы
сақшы ма, сондай-ақ және өзі үйренген мусикалық өнер үшін барлық жағдайларда, ол
өзінің сабырлы және үйлесімді, иә өзіне де және мемлекетке де көп пайда келтіруге
қабілетті екенін көрсете ала ма? — біз соларды айқындаймыз. Кімде-кім осы
сынақтардан өтсе және барлық жас шамасында — балалық, жас жігіттік және
есейгенде — ол өзін тыңғылықты адам етіп көрсетсе, соны мемлекеттің басқарушысы
және сақшысы етіп қою керек, оған көзінің тірісінде лайықты сый құрмет көрсету
және өлгеннен соң оған лайықты құрметті жерлеу ұйымдастырып және оны ерекше
мәңгі есте сақтау қажет. Ал кімде-кім мұндай болмаса, ондайларды қабыл алмау керек.
Басқарушылар мен сақшыларды іріктеу және оларды тағайындау, міне қандай болу
керек, Главкон; шынында да, бұл ешқандай толық емес, мұнда тек қана жалпы
белгілер ғана айтылған.
Маған бұл осылай болуы керек сияқты.
Осындай сақшыларды шын мағынасында толығынан жетілген деп айтуға болады
емес пе? Олар мемлекетті сыртқы жаулардан қорғап, ал ішкі жағдайда, достасқан
азаматтарды күтіп—сақтауға ұмтылып, бұларды жамандық жасауға ықыласы
болмайтындай, ал сыртқылардың жауыздыққа шамасы келмейтіндей етуі керек. Ал біз
жаңа ғана сақшылар деп атаған жас жігіттер басқарушылардың көмекшілері және
олардың көзқарастарын таратушылары болар еді.
Мен келісемін.
Бірақ біз ең алдымен, көбінесе, басқарушылардың өздерін, егер бұл мүмкіндік
болмаса, тым құрғанда қалған азаматтарды, таяуда біз айтқандай, қажеттіліктен
туындаған игілікті ойдан шығарылған қиялға сендіретін қандай амал табар едік?
Қандай бұл қиял?
Тіпті жаңа да емес, финикиялық: бұрынғы уақыттағы ақындар айтқандай, бұл
ұдайы болып тұрған және адамдар бұған сенген, бірақ біздің заманымызда бұл болған
жоқ және осыған сендіре алатындай өте нанымды дәлелдер талап етіледі.
Сен, менің байқауымша, айтуға тайсалып тұрсың ғой?
Мен тартыншақтанып тұрғанымның себебі, егер мен айтсам, толығынан орынды
болып көрінеді.
Айта бер, қорықпай-ақ қой.
Жақсы, айтайын, бірақ қалай батылым барып және қандай сөйлемдерді
пайдаланам. Мен ең алдымен өз басқарушыларымыз бен жауынгерлерімізді, одан соң
басқа азаматтарды мынаған иландыруым керек; біз немен оларды тәрбиелеп және
бағып өсіргеніміз, оларға түстерінде көрініп, басынан кешіргендер сияқты, ал
шындығында, олар сол кездері жер астында болып, оның қойнауында бір-бірімен
жапсырылып және тәрбиеленіп, өсіп, олардың өздері де және қаруларымен оларға
дайындалған, әр түрлі жабдық заттары да пайда болды. Олар біржолата толығынан
дайындалып біткенде жер — анасы болғандықтан, оларды дүниеге әкелді. Сондықтан
олар қазірдің өзінде өздері өмір сүріп отырған елін, анасы және асыраушы ретінде,
қамын ойлап және егер оған біреу шабуыл жасаса, оны қорғап, ал басқа азаматтарға өзі
сияқты жерден шыққан туысқан ретінде қарауы керек.
Сенің ұзақ уақыт бойы осы қиялды баяндауға қымсынғаның тегін емес екен.
Толығынан орынды да. Бірақ аңыздың қалған бөлігін тыңда. Мемлекеттің барлық
азаматтары ағайындас (біз оларға осылай дейміз, мифті әрі қарай жалғастыра отырып),
бірақ бізді жапсырып, соғып шығарған құдай, кім басқаруға қабілетті болса, соны
тудырарда алтын араластырды және сондықтан олар ең бағалылар, олардың
көмекшілерін — күмістен баптап, ал темір мен мысты араластырып диқаншылар мен
әр түрлі қолөнершілерді шығарды. Сендер барлығың — туысқансыңдар, бірақ көбірек
өздеріңе ұқсастарды тудырасыңдар: дегенмен, кейде алтыннан — күмісті, күмістен —
алтынды ұрпақтың пайда болуы, басқалардан да солай қайталануы мүмкін. Құдай