Page 167 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

167
Ендеше сақшылардың ішінен, біздің байқауымызша, өзінің өмірінің мақсаты етіп
мемлекеттің пайдасына шын пейілімен қызмет етуді қалап және бұған қарама-қарсы
қимыл-әрекет жасауға ешбір келіспейтіндерді таңдап алуымыз керек.
Бұлар ең қолайлы қамқоршылар болар еді.
Меніңше, адамдар арасында қай жастағылар болмасын мынаны аңғаруы керек;
кімде-кім осындай көзқарасты қорғауға қабілеттілігін байқатса, ондайға не азғыру, не
күш көрсету әсер етпей оның мемлекет үшін ең жақсы не істеу керектігін ұмытпауға
немесе пікірден арылуға әкеледі.
Сен қалайша мұны — арылу дейсің?
Мен саған айтайын. Меніңше, пікір кей кезде адамның санасынан оның өзінің
еркімен, ал кейде еріксіз түсіп қалады; оның еркімен болатыны, егер адам ұзақ ойлап,
айнып қалса, жалған пікірден арылса, ал еріксіздік — ол оның кез-келген ақиқат
пікірді алып тастауы.
Мұны қалайша біздің еркімізбен болатынын мен түсінем, ал енді бұл қалай еріксіз
болады, мұны мен, әлі де түсінуім керек.
Неге? Сен адамдардың жақсы бірдеңеден өздерінің тек еркінсіз ғана
айырылатынын, ал жаманнан — әр уақытта өз еркімен айырылатынын білмейсің бе?
Ақиқат жөнінде адасушылық — бұл жаман емес пе, және оған сүйену жақсы емес пе?
Бір нәрсе шынында да өмір сүреді деген пікірге ие болу, бұл сеніңше ақиқатқа
сүйену емес пе?
Сенікі дұрыс. Маған да ақиқаттың пікірлерінен адамдар тек еркінсіздіктен ғана
айрылатын сияқты болып көрінеді.
Олай болса.мұндай жағдай адамдарды тонағанда, азғырғанда немесе зорлағанда
болады ғой?
Қазір тағы да ештеңе түсінбеймін.
Байқаймын мен трагедиялардағыдай айтып кеттім-ау деймін. Тоналғандар деп, мен
кімде-кім өзін қайта сендіруге көндірген немесе кім ұмытшақ: кейбіреулерді, олардың
өздеріне білдірмей уақыт, ал басқаларын — ауызша дәлелдемелер ұрлайды. Енді сен
түсіндің бе?
Иә.
Зорлауға тап болғандар деп, мен азап шегу, немесе қайғы өз пікірінен бас тартуға
мәжбүр еткендерді айтамын.
Мұны мен де байқадым. Сен дұрыс айтасың.
Азғырылғандар болса, менің ойымша, оны сен де мойындайсың, кім өзінің пікірін
рахатқа басы айналып немесе белгісіз бір бой алдырған қорқыныштың әсерінен
өзгерткенді айтамын.
Барлығы алдамшы, әрине еріксіз қызықтырады.
Міне осылай, мен жаңа ғана айтқандай, өзінің көзқарасын басқаларға қарағанда
қажырлық сақтайтын және мемлекет үшін барлығын, олардың пікірінше, ең жақсысын
жасау керек. Тіпті жас шағынан оларға жұмыс беріп, олардың кім ерекше ұмытшақ
және алдауға түсіп қалатынын байқау керек. Есіне сақтағыш және алдауға
берілмейтіндерді іріктеп алып, ал оңдай еместерді қабылдамау керек. Солай емес пе?
Иә.
Сондай-ақ оларға еңбектегі ауыртпалықтарды жүктеп және жарыстар
ұйымдастырып, сонда осының өзін байқауға болады.
Дұрыс.
Олай болса олар үшін үшінші түрдегі сынауды өткізу керек. Яғни еріксіз
қызықтыру арқылы оларды бақылауға болады. Құлындарды шу мен айғай арқылы
қуып, олардың үркекпе екенін байқауға болатын сияқты, сондай-ақ жас жігіттерді де
әуелі қайдағы бір қорқынышқа душар етіп, одан соң сүйкімді жайлармен ұштастырып,
оларды отқа түскен алтыннан да, әлдеқайда артық сынақтан өткізу керек; тек осылай