Page 166 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

166
тағылықпен және зорлық-зомбылықпен жасап, дегеніне жетеді; ол өмірін
білімсіздікпен және ақымақтықпен, ебдейсіздікпен және сүйкімсіздікпен өткізеді.
Бұл өте дұрыс.
Сірә, адам табиғатының қайдағы екі жағы үшін дер едім, құдай адамдарға өнердің
екі түрін берді: мусикалық өнер және гимнастикалық, бірақ жан мен дене үшін емес
(бұл не, бұлайша, айтқанда), адамдағы ашулылық пен философиялық бастама үшін,
бұл екеуі бір-бірімен келісімге келуі бірде қатты тартылып, бірде бәсеңсіп, олардың
өзара хал-жағдайларының белгілі шамаға жетуі мүмкін болады.
Байқауымызша бұл солай.
Олай болса, кімде-кім жақсы жағдайда гимнастикалық жаттығуларды мусикалық
өнермен алмастырып отырса және оларды жанға жайлы етіп орналастырса, сол адамды
біз мусикалық өнерде мүлтіксіз жетілген және шектерді күйге келтіргеннен гөрі, істі
толығынан жөнге салған деп санаймыз.
Сократ, бұл солай, орынды.
Ендеше, Главкон, біз мемлекетімізде де оның құрылымын сақтау үшін, үнемі
қалайда, бір қамқоршы керек болады.
Және өте керек болады.
Тәрбие мен білім берудің ең басты үлгілері бізде осындай болсын. Біздегі
азаматтардың қол ұстасып жүріп би билеуі, аң аулаушылық, итпен аң аулау,
атлеттердің өзара сайысы және аттар мен екі аяқты күйме арбаларды меңгерудегі
жарыстарды ұйымдастыру қандай болатынын, көп айтып жатудың қажеті не? Жалпы
алғанда, осының бәрі түсінікті, мұның бәрі ең басты үлгілермен сәйкес келуі керек,
сондықтан, мұнда не керек, соны табу қиын болмайды.
Сірә, қиын емес.
Басқарушылар мен сақшыларды таңдау
Ал, осыдан кейін, біз не жөнінде талдау жасаймыз? Мүмкін, осы біздің
азаматтардың ішінде, біреуі басқарушы, ал екінші біреуі соның қол астында болар?
Әрине.
Кімнің жасы үлкен болса, сол басқару керек, ал кімнің жасы кіші болса, сол бағыну
керек, түсінікті ғой.
Түсінікті.
Және оның үстіне ең жақсы деген басқару керек.
Және бұл да түсінікті.
Ал егіншілердің ішіндегі ең жақсысы кімде-кім егін шаруашылығында
ерекшеленгендер емес пе?
Солай.
Ал, енді қазір былай: біздің азаматтарымыз сақшылардың ішіндегі ең жақсысы
болуы керек, ендеше, ондайлар мемлекетті күзету үшін ең лайықтылары.
Солай.
Мұнда түсіну де және қабілеттілік те, ал, осымен қатар, мемлекет туралы
қамқорлық та талап етіледі.
Әрине.
Ал әркім нені жақсы көрсе, соның қамын көп ойлайды.
Міндетті түрде.
Оның бәрінен де жақсы көретіні — егер істің пайдасы — оның өз басының пайдасы
деп саналуы және оның ісінің табысы өзінің жеке жолының сәттілігімен сәйкес келуі
— ал ондай болмаған жағдайда - керісінше.
Иә, бұл солай.