Page 165 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

165
Сен нені айтып тұрсың?
Бір жағынан, дөрекілік пен қаталдық, екінші жағынан — жұмсақтық пен нәзіктілік.
Иә, мен де байқадым, тек гимнастикамен айналысатындар әдеттегіден тыс
дөрекілеу, ал тек қана мусикалық өнермен айналысатындар тым жұмсақтар — бұл
оларды онша әшкерелей қоймайды.
Ал, сонымен қатар, дөрекілік рухтың табиғи қайсарлығына мүмкіндік туғызуы
және бұл дұрыс бағытта тәрбиелесең ерлікке айналуы мүмкін, бірақ, әрине, тым
шектен шыққан дөрекілік тым ауыр және оған төзуге болмайды.
Иә, маған да солай көрінеді.
Олай болса ше? Момындық философияға бейімдейтін мінездердің қасиеті болмай
ма? Шындығында, керексіз момындық шектен тыс жұмсақтыққа әкеліп соғады, бірақ,
ол жақсы тәрбиеге байланысты тек момындық және кішіпейілділік болып қала береді.
Бұл солай.
Ал біздің сақшыларымыз осы екі табиғи қасиеттерге ие болуға тиісті дейміз.
Иә, тиісті.
Және бұл қасиеттер бір-бірімен сәйкес келуі керек.
Әрине.
Және кімде олар сәйкестік тапса, оның жаны парасатты және ер жүректі.
Толығынан.
Ал кімде бұлар сәйкес келмесе, онда оның жаны — қорқақ және дөрекі.
Және тіпті өте.
Егер өзін адам мусикалық өнердің аялауына жол беріп, флейтаның әуенін құлағы
арқылы, май құйғыз тәрізді көкірегіне тәтті, мейірімді және қайғылы күйдегі, жаңа біз
айтқан, егер ол барлық өмірін өлең айтудың әсерімен біресе аянышты ыңыранып,
біресе қуанса, егер онда ызалы рух болса, ол алғашқы кезде, қақталған темір сияқты,
жұмсарады да бастапқыдағы оның ешбір пайдасыз қатал мінезі оған ендігі жерде
пайдалы болып шығады. Бірақ егер де ешбір дамыл бермей осындай таңғажайып әсер
берілсе, онда ол балқып кеткендей, оның жанынан барлық тарамыс сіңірлерін кесіп
алып, тастағандай және ол, онда мықты емес "найза ұстаушы ғана болады".
Ешбір күдіксіз.
Егер басынан бастап, табиғатынан рухы әлсіз адам кез келсе, онда бұл тез болады.
Ал кімде кім рухы ашулы болса және өзінің қызулылығын басып, күйгелек болып
қалса; онда көрінген ұсақ-түйек оның қытығына тиеді, дегенмен ол райынан тез
қайтады. Мұндай қызбалықтан адамдар кейігіш, ашушаң және толығынан наразы
болып шығады.
Міне, осылай.
Енді не? Егер адам дене жаттығуларына көп еңбек етіп, жақсы және молынан
тамақтанса, бірақ не мусикалық өнерге, не философияға ешқандай қатысы болмаса
менмендік пен қызу шағы кернеген кезде, оның ержүректігі өзінен де өзі асып түспей
ме?
Толығымен мүмкін.
Енді не? Егер ол басқа ештеңемен айналыспаса және Музамен ешқандай қарым-
қатынасы болмаса, оның оқуға деген аңсауы көкейінде болса да, ол ешбір таным,
ешбір іздену дегенді білдірмейді. Ол ешқандай шығармашылыққа және басқа да
мусикалық өнерлерге қатысты емес. Сондықтан да ол күннен-күнге әлсіреп,
мылқаулық пен көр соқырлыққа айналады да, ол мұндай адамды оята алмайды,
үміттендірмейді және оның түйсіктерін тазартпайды.
Иә, бұл осылай.
Мұндай адам, менімше, сөздерді жек көрушіге, наданға айналады; ол ауызша
сендіру қабілетімен ешбір айналыспайды, ал, керісінше, хайуан сияқты, барлығын