164
жанынан емес және өзіне тән қасиет болғандықтан емес, керісінше, басқалардың
жанындағы оған жат бірдеңе ретінде байқайды. Мұның қандай жамандық екенін
талдап, үйреніп білгенше көп уақыт қажет болды, — өйткені, ол үшін бұл, оның өз
тәжірибесінен туған емес, оған бұл білімнің тәні ғана еді.
Ол өте жақсы сот болатыны көрініп-ақ тұр.
Иә, жақсы: сенің сұрағаның, міне осы. Өйткені кімнің жаны жақсы болса — сол
жақсы адам. Ал пысық адам және барлық жағынан тек жамандық деп күдіктенетін, өзі
болса толып жатқан әділетсіздіктерді істеп және өзін-өзі барлық істердің шебері және
дана санап, шындығында, өзіне ұқсастармен қарым-қатынас жасап, солардың ішінде өз
ісінің білгірі сияқты болып көрінеді, сондықтан да ол өзінің ақымақтық істерін байқай
жүріп, өте сақ болуға тырысады, бірақ ол жақсы адамдармен, өзінен жасы үлкендермен
кездескенде ол ақымақ болып көрінеді. Өйткені ол таза әдет-ғүрыптар жөнінде ештеңе
білмейді — бұл өнеге тәлімдер оған жат. Ал енді жақсы адамдардан гөрі кесірлі
жандармен үнемі кездесіп тұратын болғандықтан, ол өзіне де және басқаларға да надан
болып көрінгеннен гөрі, дана сияқты болады.
Өте дұрыс.
Олай болса бізге мұндай сотты іздеудің қажеті жоқ, егер ол жақсы және дана
болсын десек, керісінше, бұрынырақ біз көрсеткендей адам болсын. Кесірлік еш
уақытта да, адамгершілікті, не өзін-өзі тани алмайды, ал адам табиғатының ізгілігі дер
кезінде тәрбие алып, өз жөнінде және теріс пиғыл жөнінде білімге ие болады. Тек қана
осындай адам, менің де, дана болады, керісінше, кім жарамсыз болса, ол тіпті мұндай
бола алмайды.
Және маған да солай сияқты.
Ендеше осындай сотты өнердің түрімен бірге сен біздің мемлекетімізде
емдеушілікті біз айтқандай заңдастырасың ғой. Денесі және жаны да бағалы
азаматтарға қамқорлық жасалып, кім ондай болмаса, кім тек денесі жағынан ғана
бағаланса, олардың өле беруіне мүмкіндік беру: ол жаны кесірлі адамдар және оның
үстіне ешбір ем қонбайтындарды олар өздері-ақ өлтіріп тастайды.
Осылай жасау бәрінен де дұрыс екені кім осындай кемшіліктерден зардап шексе
оған да және алдымен мемлекетке тиімді болады.
Ал жас өспірімдер сотқа шағынудан бас тартар, өйткені, олар қарапайым
мусикалық өнерді игереді ғой, ал ол, біз айтқандай, парасаттылықты тудырады.
Әрине.
Осындай жолдармен мусикалық өнерді игерген адам, егер керек десе, мынандай
шешім қабылдайды, гимнастикамен айналысып жүріп, ешбір қажеттілігі болмаса,
дәрігерлік көмекке де жүгіре бермейді.
Мен мұнымен келісемін.
Ол рухтың табиғи ержүректігі мен албырттығы үшін, олардың оянуы үшін,
гимнастикалық жаттығулармен айналысады және қиыншылықтарды жеңе береді. Бірақ
оның бәрі күштілерге ие болуы үшін емес — басқа да атлеттер сияқты мықты болу
мақсатында тамақтанып және ауыртпалықты басынан кешіру үшін емес.
Сенікі өте дұрыс.
Мусикалық және гимнастикалық өнерлердің көмегімен тәрбиелеуді орнатқанда
осыны, Главкон, кейбір адамдар ойлағандай бірі денені, ал келесі бірі жанды дамытуға
бағыттаған ба?
Ал, енді, қалайша?
Бәлкім, бұл да, ол да ең алдымен жан үшін орнатылған шығар.
Қалайша?
Кімде-кім барлық өмірін гимнастикаға арнап және мусикалық өнермен ешбір
жанаспаса, оның рухани құрылымының қандай болатынын, сен байқаған жоқсың ба
және оған қарама-қарсы жандарда бұл құрылым қандай болады?