163
"Қанды сығымдап алып, жұмсартылған улы ішімдікті жараға септі".
Ал енді одан кейін не ішіп, не жеу жөнінде олар Менелайға белгілеп, тағайындағандары
еврипилдігінен гөрі ешбір артық емес, өйткені, емдеу үшін дәрілер жеткілікті болады, егер
ол адам жараланғанға дейін дені сау болса және тәртіпті өмір салтын ұстап жүрсе, ал қазір
оған шараптан, балдан, арпа жармасынан және езілген ірімшіктен араластырылғандарды
да ішуге тура келсе — осы дәрілер емдеуге толығынан жарайды. Ал табиғатынан ауру
адамды, оның үстінен тағы да ұстамсызды Асклепиаттар өздері үшін де және
айналасындағыларға ешбір пайдасыз санайды. Сондықтан оған, ол тіпті Мидастан да бай
болса, қамқорлық жасаудың және емдеудің керегі жоқ.
Сенің айтқаныңа сенсек, Асклепийдің балалары өте зерек болған ғой.
Оларға осылай болу міндетті сияқты, бірақ бізбен трагедияшылар да, Пиндар да
келісе қоймас; олардың бізді сендіруі бойынша, Асклепий Аполлонның ұлы
болғанымен, бірақ та ол өлейін деп жатқан байды емдеп, өзін пара беріп, сатып алуға
дейін апарған. Сол үшін ол найзағайдың отымен өртеніп, күлге айналған. Бірақ біз
жоғарыда не жөнінде айтылғандарға сүйене отырып, олардың бірде-біріне сенбейміз.
Егер ол құдайдың баласы болса, онда ол неге пайдакүнем, ал егер ол пайдакүнем
болса, онда ол құдайдың баласы емес.
Міне, осы өте дұрыс. Сократ, мына мәселе жөнінде не айтасың: біздің
мемлекетімізге жақсы емдеушілер керек емес пе? Ал ондайлардың қолынан қаншама
көп cay адамдар және қаншама көп аурулар өтуі мүмкін ғой. Соттармен де дәл осылай:
кімде-кім табиғатында талапты, келешегі мол жандармен көп қатынаста болса, солар
ең жақсылардың қатарында саналады.
Әрине, мен жақсы емшілер туралы айтып отырмын. Ал кімді мен осындайлар
деймін?
Өтінемін. Маған айтыңыз.
Несі бар айтып көрейін. Бірақ сен өзіңнің сұрағында бір-бірімен үйлеспейтін
заттардың басын біріктіріпсің.
Қалайша?
Өте шебер дәрігерлер жас кезінен-ақ өзінің ғылымын оқып, үйренумен қатар,
жазылудан үмітін үзілген көптеген аурулармен мүмкіндігіне қарай байланыс жасап, іс
атқарған және табиғатында өзі де әр түрлі ауруларды басынан өткеріп, денсаулығы
онша болмаған адамдар. Өйткені, менімше денемен емдемейді ғой — олай болса
дәрігердің өзінің денесінің жаман жағдайда болуы кешірілмейтін қылық — жоқ денені
жанмен емдейді, егер дәрігердің жаны жаман болса, онда жақсы емдеу мүмкін емес.
Бұл дұрыс.
Ал сот ше, досым менің, ол жанды жанмен басқарады. Оның жаны жасөспірім
кезінен-ақ теріс содырлы жандардың арасында, олармен қатынаста болсын, неше түрлі
әділетсіздіктерден өтіп және өзі осындай әрекеттерге барып, мұның өзі жат қылықтар
туралы өзінің тәжірибесімен түйіндеп, басқаның ауруын өз бойындағы аурумен
салыстырғандай болмау керек. Керісінше, оның жаны жас кезінен бастап кінәсіз және
жаман әдеттерге ешқандай қатысы жоқ болса ғана, ол ешбір мінсіз және таза әділ
сотпен адам тағдырын шеше алады. Сондықтан да тәртіпті, жөнді адамдар олардың
жас кезінің өзінде-ақ қарапайым және әділетсіз адамдардың тарапынан алдауға жеңіл
түсіп қалады — өйткені олардың өзінің бұзылған адамдарына үндес келетін ешбір
белгілері жоқ.
Ал шындығында, олар осыдан қатты зардап шегеді.
Сондықтан да жақсы сот болатын жас жігіт емес, қарт адам, өйткені, ол тек жасы
толған шағында ғана әділетсіздіктің не екенін түсініп, біледі. Оның бар екенін өз