162
созылған емдеуді белгілесе, басын қымтап, орауды, тағы басқаларды айтса, ол бірден
ауруға мұршасы келмейді. Иә және барлық назарын ауруға аударып, тиісті
жұмыстарын елемесе өмір сүрудің өзінің қажеті жоқтығын айтады. Осындай
дәрігермен қош айтысқан ол, өзінің күнделікті өмір салтына қайта оралып, егер тәуір
болса өзінің жұмысымен айналыса береді; егер оның денесі ауруды жеңуге шамасы
келмесе, күнделікті күйбеңнен құтылады және өледі.
Мұндай адамға мүмкін, осылай емшілікпен айналысу лайықты болар.
Осының бәрі оның белгілі жұмысы болғандықтан, егер оны орындамайтын болса,
оның өмір сүруінің де керегі жоқ, шығар?
Сірә, солай.
Ал бай адамда, біз жоғарыда айтқандай, мұндай міндетті істер жоқ болса, егер
олардан бас тартуға мәжбүр болса, өмірі өмір болмайтын жағдайға да тап болмайды.
Бірақ мұны олар мойындамайды.
Сен Фокилидтің өзіндегі дененің мықтылығын тек өмірдегі тұрмыс жағдайыңды
қамтамасыз еткенде ғана дамыта аласың деген тұжырыммен келіспейсің ғой?
Менің ойымша, мұны бұдан бұрынырақ істеу керек.
Осыған бола Фокилидпен соғыспай-ақ қояйық, ең жақсысы өзіміз үшін мынаны
түсініп алайық: бай адамға дененің мықтылығы үшін жаттығулар жасау керек пе және
егер ол онымен айналыспаса, өмір оған өмір болудан қалады ма, немесе, тек ағаш
шеберлері де және басқа да қолөнершілерге өзінің ауруларымен әлек болмасын,
өйткені бұл олардың назарын өз жұмыстарынан тыс қалдырады ма және Фокилиттің
кеңесі ештемеге бөгет жасамай ма?
Зевстің атынан ант етейін, егер өзінің денесі жөніндегі осындай қамқорлық
дағдылы гимнастикалықтың шегінен шықса: онда бұл үй шаруасындағы істерде де
және әскери жорықтарда да наразылық тудырып, қаладағы отырған өкімет өкіліне де
онша жағымды емес.
Ең басты мәселе осындай тым асыра жасалған қамқорлық кез келген білімдерді игеруге,
ойлауға да және өз-өзіңмен жұмыс істеуге де бөгет жасайды: адамдардың болжауы
бойынша, бұл ақылдың тым қызбалануымен бас айналғандық, және бұған философияны
кінәлайды, өйткені ол адамгершілікті дамыта, байқай отырып, барлығына бөгет болып
және тек сол адамды өзін-өзі өмір бойы үнемі ауру санап, үнемі өзінің денсаулығы
жөнінде қиналуына әкеліп соғады.
Бұл шындыққа ұқсайды.
Ендеше бізге Асклепийге бұл белгілі еді деп айтуға болады ғой: кімде-кімнің
табиғатынан денесі сау және кім біркелкі тұрмыс қалпын жүргізіп келсе, бірақ қайдағы
бір ерекше ауруға тап болса, осындай адамдарға Асклепий қалай емдеудің жолдарын
көрсетті: ауруларды дәрілермен және тілгілеп кесу арқылы қуып шығуға болады,
алайда қоғамдық жұмыстарға зиян келтірмеу үшін әдеттегі өмір қалпын сақтап қалу
керек. Ал өмір бойы созылып келген ішкі аурулар жағдайында, Асклепий ауруға оны
аз да болса жеңілдететін ешқандай әрекет жасамады. Ол оның өмір қалпының әр түрлі
өзгеру арқылы және оның ауруын созып, бұл кісінің түкке тұрғысыз өмірін ұзартуға
және одан дәл осыңдай ұрпақ туғызуға мүмкіндік жасамады. Кімде-кім белгілі бір
мерзімде өмір сүре алмаса, Асклепий ондайды емдеудің қажеті жоқ, өйткені мұндай
адам өзіне де және қоғамға да пайдасыз деп есептеді.
Сен, Асклепий қоғамға қамқоршы болды деп тұжырымдайсың ғой?
Бұл айқын көрініп тұр. Иә, және оның балалары да әкесінің осындай екенін
көрсетті. Троя түбіндегі шайқаста олар ерекшеленіп, сонда өздерінің емшілік өнерін,
жаңа мен айтқандай, қолданып пайдаланғанын сен көрмейсің бе? Немесе Менелайдың
Пандараның садағының оғынан алған жарасындағы: