Page 161 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

161
болып отырса, біздің азаматтарымыздың жаман және ұятты тәрбиеленгендеріне сен
тағы қандай дәлелдемелер келтірер едің? Сенің ойың — өзінің әділеттілік туралы
ұғымдары болмағандықтан басқада адамдардың, олар қайдағы бір билеушілер сияқты
және олар барлығын да шеше алатындардай қаулыларын пайдалану масқара және бұл
тәрбиесіздіктің белгісі ретінде қызмет етпей ме?
Бұл аса зор масқаралық.
Адам өз өмірінің көптеген уақытын соттар — жауапкер немесе талапкер ретінде
өткізіп қана қоюмен шектелмей, сонымен қатар ол кез келген амал-тәсілдерді
пайдаланып және айла - тесіктерден өтіп, жауапкершіліктен құтылып кетудің
жолдарын білемін деп, және қайдағы бір түкке тұрғысыз, ұсақ-түйек істері үшін өзінің
әлдеқайда зор әділетсіздік істейтін тәккапарлана айтса, онда бұл нағыз барып тұрған
масқаралық емес пе? Қалғып-мүлгіп отырған сотқа мұқтаж болмай-ақ өміріңді тіпті
әдемі және өте жақсы өткізуге болатыны оған беймәлім.
Иә, бұл өте үлкен масқаралық.
Ал егер емдеуге деген мұқтаждықтың жаралағандықтан не басқа да бір жылдан-
жылға қайталанатын аурулардан емес, керісінше, дырдулықтан және біз жоғарыда атап
өткен тұрмыс қалпынан болса — бұл масқаралық емей немене? Ылғал мен булану бір
орында ұзақ тұрып, тура батпақтағыдай бұзылады және бұл тапқыр Асклепиадтар
сияқтылардың ауруларға "желдер" және "өтіп кеткен" деген атау берулеріне түрткі
болады.
Шынында, бұл аурулардың жаңа және қисынсыз атаулары.
Менің ойымша, бұл сонау Асклепий заманында да болмаған. Менің бұлай деп
қорытынды жасауым Троя түбінде де оның балалары жаралы Эврипилге арпа жармасы
қоюлатып құйылған және қырылып-жойылған ірімшікті араластырып, прамнийлік
шарапты ішкізген әйелге қарсы болған жоқ. Мұның өзі, көрінер көзге, шырышты
қабынуды тудыру мүмкін. Асклепийдің балалары Патроклдың емдік шараларына да
қарсы емес еді.
Бұл, шынында да, осындай жағдайдағы адам үшін оғаш ішімдік екен!
Мұның оғаш болатын ештемесі жоқ, егер сен сол кездерде, Геродиктің пайда
болған уақытына дейін, Асклепиадтар аурудың бағытын меңгере алмаған, яғни осы
қазіргі емдеудің тәсілін білмеген. Геродикт гимнастиканың ұстазы болған: ол ауырып
қалғанда өзін емдеу үшін гимнастикалық әдістерді қолданған; ең алдымен, ол, осылар
арқылы өзін-өзі азаптаған, ал одан соң көптеген басқаларға да осыны пайдаланған.
Қалайша?
Ол өзінің ажалын соза берген: ол өзінің ауруын қаншама бақылап жүргенімен —
оның ауруы өлім қауіпіне әкелген. Оның жазылуға ешқандай мүмкіндігі болмағаннан
кейін, ол басқа ештемемен айналыспай тек өзін-өзі емдей берген. Қиналып, өзінің
әдеттен тыс өмір қалпын бұзуға тырысқан. Сөйтіп ол үздіксіз өліп бара жатып, өзінің
осындай даналық білгірлігінің арқасында кәрілікке дейін өмір сүрді.
Оның өнері де өзін жақсы сыйлаған екен!
Асклепий өзінің ұрпақтарына емдеудің бұл түрі туралы ештеңе айтпауы, оның
білімсіздіктен, немесе, тәжірибесіздіктен туған емес. Оны түсінбеген адамға сол керек.
Асклепий кім де кім заңды тәртіпті қатаң ұстаса, онда әркімге қоғамдағы белгілі бір іс
тағайындалған және ол оны орындауға міндетті екенін білсе де, бірақ ол бүкіл өмір
бойы, өзінің ауруларын бос дырдумен жүріп, емдеумен болды. Ең қызығы осыны
растау байлар мен денсаулығы мықты дегендердің арасынан емес, қолөнершілердің
тарапынан байқаймыз.
Сен нені айтқың келіп тұр?
Ағаш шебері ауырғанда дәрігерге көрініп, құсық келтіретін немесе асқазанның
жұмысын күшейтетін дәрілер сұрайды. Осындай жолдар мен аурудан құтылғысы
келеді, ал оған болмаса, күйдіргі немесе тілік жасауды сұрайды. Егер оған ұзаққа