Page 160 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

160
Иә, солай.
Оларға атлеттердің өмір жағдайы сәйкес келер ме екен?
Мүмкін.
Бірақ бұл ұйқышылдыққа әкеледі және денсаулыққа зиян. Бұл атлеттер өмір бойы
ұйықтайды және алдын-ала белгіленіп қойған тәртіпті сәл ғана бұзса, олар бірден өте
қатты сырқаттана бастайтынын, сен байқаған жоқсың ба?
Иә, мен мұны байқадым.
Әскери атлеттер қайдағы бір ең жақсы дайындыққа мұқтаж: оларға иттер сияқты
сергек болу қажет, ерекше көру қабілетімен және есту жағынан ерекшеленуі және
жорықтардағы сулардың, тамақтардың ауысып отыруынан, ыстық пен жауын-
шашындардан, әлсіремейтін күшті денсаулыққа ие болуы керек.
Және маған да солай сияқты көрінеді.
Бірақ ең өте жақсы деген гимнастикалық тәрбие біз жаңа ғана талдаған мусикалық
өнермен туындас емес пе?
Сен оны қалай түсінесің?
Мұндай тәрбие, әсіресе, соғыс ісінде қарапайым және ыңғайлы.
Қай жағынан алғанда?
Бұл жөнінде Гомерден де білуге болады. Жорық кезінде Гомер қаһармандарын,
мереке кезінде де, теңізде жүзіп жүрсе де, балықпен тамақтандырмайды, ал
Геллесионтте етті пісірмей, тек қуырып қана береді, мұның өзі жауынгерлерге,
шынында да өте қолайлы; өйткені от жағу, әр уақытта қолдағы іс және ыдыс-аяқ тасып
жүрудің қажеті жоқ.
Иә,бұл көп жағдайда ыңғайлы.
Және, меніңше, Гомер ас қатығы мен тұздықтар туралы еш жерде ештеңе
айтпайды.Алайда, бұл жөнінде басқа да атлеттер біледі: өйткені кім өз денесін жақсы
жағдайда ұстағысы келсе, соған осының барлығынан тыйылуы керек.
Дұрыс: олар мұны біледі және тиылады да.
Байқап отырмын, сен сиракуздың дастарқанын және сицилиялық әр түрлі
тағамдарды мақұлдамайсың, сенің ше бұл дұрыс.
Мақұлдамаймын.
Ендеше, егер коринфтік қыз өз денесін жақсы жағдайда сақтауға ұмтылып, сол
арқылы сүйкімді болса, сен оны да жақтырмайсың ғой.
Әлбетте.
Және антикалық печеньелерді де, тіпті олардың тәттілігімен даңқы жайылса да?
Әрине.
Менің ойымша, біз мұндай тамақтануды меликалық поэзияның өмір бейнесімен
немесе барлық мусикалық күй қалыптағы және барлық ырғақтардағы шығарылған ән
айтумен салыстырғанымыз дұрыс болды.
Әрине.
Ана жақта ала-құлалық бетімен кеткендікті тудырса, мұнда ол — ауруға әкеледі.
Ал мусикалық өнердегі қарапайымдылық жанға салмақтылық, гимнастикада — тәнге
саулық береді.
Өте дұрыс.
Мемлекетте бейбастақтық және ауру жайыла бастаса, онда сот орындары мен
ауруханалар ашу қажеттілігі тумай ма?
Және сот ісімен емшілік ету, егер онымен ізгі ниетті адамдар барынша айналысса,
құрметті болып саналмай ма?
Иә, солай болып шығады.
Егер дәрігерлерге және шебер де адал соттарға тек нашар адамдар мен
қолөнершілер ғана емес, тіпті игілікті қалыпта тәрбиеленгендердің әсері аса мұқтаж