159
Ешбір жағдайда да.
Ал, мысал үшін, арсыздық пен бейбастақтық ше?
Бәрінен де кемірек.
Сүйіспеншілік рахаттанудан да артық өте күшті және өткір сүйіспеншілікті атай
аламыз ба?
Атай алмаймын және одан артық ақылсыздық та болмайды.
Шын сүйіспеншілікке қарапайымдылық және әсемдік, оның үстіне пайымдылық
және үндестік тән.
Әрине.
Ендеше шын сүйіспеншілікке ашу-ызаны және бейбастақтықпен туыстас басқа да
жайларды енгізуге болмайды ғой?
Болмайды.
Олай болса, сүйіспеншілік ләззатындағы құштарланушылық да енгізуге болмайды:
ондай жаймен шын сүйетіндер немесе сүйіктілердің, яғни ғашық болғанмен, оның
сүйіктісінің ешқандай ортақ мүддесі болуы мүмкін емес.
Иә, Сократ, Зевстің атымен ант етейін, бүл құштарланушылық енгізуге болмайды.
Біздің жасап отырған мемлекетімізде сен ғашық болған өзінің сүйіктісінің досы
болуын, сонымен бірге уақытыңды өткізіп және ол, егер келісімін берсе, оған
әсемдіктік үшін балаң ретінде қарауың керек. Ал қалған жағдайда ол кімді күтіп-бағып
жүрсе, сонымен қарым-қатынас жасай берсін, тек қана олардың арасындағы байланыс
бірдеңеге ұзарып кетті деген жорамал ешуақытта да болмасын. Ал бұған қарама-қарсы
жағдайда, ол өзіне дөрекі және әсемдік түсінбейді деген кінә тудырып алады.
Иә, бұл солай.
Біздің мусикалық өнер жөніндегі әңгімеміз, — дедім мен, — аяқталып келе жатқан
сияқты емес пе? Ол немен аяқталу керек болса сонымен аяқталады, өйткені мусикалық
өнерге қатыстылардың бәрі — әсемдікке деген сүйіспеншілікпен аяқталуы тиіс.
Келісем,— деді Главкон.
Мусикалық және гимнастикалық тәрбиенің өзара себептілігі
Мусикалық өнердің соңынан жастарды тәрбиелеу мәселесі гимнастикаға да
қатысты болуы керек.
Әрине.
Және бұл жағынан алғанда тәрбиені жасынан бастап, барлық өмірі бойы ұқыпты
түрде жүргізу керек. Мәселе, менің ойымша, мынада жатыр, дегенмен, сенде мұны
шеш: адамның денесі сау, қаз-қалпында болса, онда ол өзіне тән қайырымды
сапаларымен жақсы рухани қалыпты тудырады деп айта алмаймын, менімше,
керісінше, жақсы рухани қалып өзінің мейірімді сапаларымен дененің ең жақсы
жағдайына себеп болады. Ал, қалайша, көрінеді?
Менімше де, солай.
Олай болса, егер біз өзіміздің сақшыларымыздың рухани бейнесі жөнінде
жеткілікті түрде қамқорлық жасасақ және одан соң олардың ұғымына дененің қамын
ойлауды тапсырып, ал өзіміз көп сөйлеуден қашып, кейбір бірнеше үлгілерді ғана
көрсетеміз. Біз дұрыс жасадық қой?
Толығынан.
Олар мас болудан бойларын тарту керек екенін біз айттық. Сонша ішіп, тіпті өзінің
қайда екенін білмеу басқа біреуге мүмкін шығар, тек сақшыға емес.
Егер сақшы басқа да бір сақшыға мұқтаж болса, ол — күлкі ғой.
Ал олардың тамақтануы қалай болады? Өйткені бұл адамдар ең үлкен жарыстарға
қатысушылар ғой. Солай емес пе?