16
кеңес бермеске? Оның себебі менде, бір құдайдың аян беруіндей ме, әйтеуір бір керемет
жағдай болады. Мелет мені қаралаған шағымында оған күлген де болатын. Ол менде бала
кезден басталды: бір нәрсе істеуге оқталған кезімде өз ішімнен дауыс шыққандай болады,
сол істі істеуден тоқтатады, бірақ басқа бір нәрсеге итермелейді. Сол дауыс мені мемлекет
ісіне араласуға жібермейді. Ол, меніңше, өте дұрыс. Наныңыздар, афиналықтар, егер мен
мемлекет ісімен айналыссам, өзім де, сіздерге де ешбір пайда келтірмей-ақ әлдеқашан
мерт болған болар едім. Шындықты айтқаныма ашулана көрмеңіздер: сіздерге не сіздер
сияқты қандай да болмасын көпшілікке қарсы тұрып, мемлекетте болып жататын көптеген
әділетсіздіктер мен заңсыздықтарға ашықтан ашық жол бермеуге тырысқан адамдардан
сау қалатыны болмайды. Жоқ, шынында да кім әділеттілік үшін атой салса, аз уақыт та
болса аман жүру үшін, ол ресми істерден аулақ, жеке іспен айналысуы керек. Оған мен
көптеген дәлелдер келтіре аламын. Өз басымда болған оқиғаларды айтсам, сіздер
түсінесіздер: ажал төніп тұрса да мен әділетке қарсы нәрсеге тізе бүге алмаймын, ал тізе
бүкпей, сөз жоқ, мерт боламын.
Ол оқиғаларды айту ауыр да іш пыстырарлық нәрсе. Басқа ешбір қоғамдық орында
болмасам да, Кеңесте болдым. Бізде Филеге, Антиохидата 10 стратегті бірден соттауға
тура келгені бар. Олар теңіздегі ұрыс кезінде өлген жолдастарының мүрдесін ала алмай
кеткен. Ол заңсыз еді, оны кейін бәрі де мойындады. Сонда жалғыз мен притандардың
ішінде заңды бұзбай қарсы дауыс бердім. Сондағы сөйлеген шешендер де, тіпті сіздердің
өздеріңіз де мені қамауға алуды талап етіп, айқайлап тұрған шақтарыңызда да, мен
түрмеден не өлімнен қорқып сіздермен бірге болғаннан, әділет пен заңмен бірге
болғанымды артық көрдім. Сіздердікі әділетсіздік еді. Ол кезде қаланы халық билеуші еді.
Ал олигархия келген кезде де отыз тиран мені және төрт кісіні Саламиндік Леонтты
жазалау үшін алып келуге Толға жіберген. Басқаларға да осы сияқты бұйрықтарды беріп
жатты. Бүл жолы да мен Әділетсіздік пен араздыққа барғаннан өлімге бас тігуді артық
көрдім. Төрт кісі барып Леонтты алып келді, ал мен бармай үйіме кеттім. Ол үкімет қанша
күшті болса да, мені әділетсіздікке көндіре алмады. Мүмкін мені асар ма еді, егер ол
үкімет тез құлап қалмаса. Оған көп куәлар бар.
Егер мен қоғамдық істермен айналысып жүрсем, осынша жасқа дейін жетер ме едім?
Әрине, адал, әділет үшін кез келгенге қол ұшын беруге ұмтылатын және соны өмірде ең
басты нәрсе деп білетін әрбір адамға ол мүмкін емес. Өмір бойы, аз да болса қоғамдық
істерге араласқан кезімде де, жеке істерде де: ешкіммен, айыптаушылардың менің
"шәкірттерім" деп атағандармен де, басқалармен де, әділетке қайшы келетін келісімге
келген емеспін.
Мен ешкімнің ұстазы да болған емеспін. Ал егер біреулер менің оз ісімді қалай
атқаратынымды көргісі келсе, оған мен кедергі жасамадым. Ақша алсам — дәріс беріп,
алмасам — бермей жүргенім жоқ, жұрттың бәріне байы ма, кедейі ме, бірдей маған сауал
беруіне болатын, ал егер, кім қаласа, өзі де жауап беріп, немесе мені тыңдауына болатын.
Ал егер соның нәтижесінде біреулер адалдау не арамдау болып шықса, оған мен, әділетке
жүгінсек, жауап бере алмаймын, өйткені ешкімді бірдемеге үйретуді мойныма алған
емеспін, үйреткенім де жоқ. Егер біреу жеке жағдайда ақы беріп, бір нәрсені үйрендім
дейтін болса, ол — жалған.
Бірақ, кейбіреулер менімен ұзақ уақыт болуға неге құштар? Бұдан бұрын да айттым,
афиналықтар, оларға білмейтін, бірақ өзін білгірмін деп есептейтіндерді менің қалай
әшкерелейтінім ұнайды. Бүл, әрине, қызық. Олай етуді, қайталаймын, маған құдайлар
жаршылары арқылы да, түсімде аян беруде де, т.б. жолдармен де тапсырған, маңдайыма
жазылған нәрсе. Егер мен бір жас жігіттерді аздырып жүрсем, ал басқаларын әлдеқашан
азғындатқан болсам, жасында менен зиян шеккендердің кейбіреулері қазір маған келіп