15
таусылғанша философиялық ой кешемін, қайсысың ұшырассаң да, бұрын да айтып
жүргендей, "Сен қуатымен, даналығымен әлемге аты шыққан Афинаның азаматысың,
яғни жақсылардың ортасынан шыққансың, солай бола тұра саған ақшаны еселеп мол
табуға ғана ұмтылу немесе даңқ пен сый-сияпатты ғана көздеу, ал зердені, ақиқатты,
қаныңның пәктігін ойламау саған ұят емес пе дей беремін. Ал егер қайсыбірің олай емес,
мен осы соңғыларды ғана көздеймін десе, онда мен оны сынақтан өткізіп, тәптіштеп сұрай
бастаймын, ал кейбіреулерде айтылмыш қасиет жоқ болып көрінсе, мен оның ең асыл
нәрселерді емес, ең пәс нәрселерді бағалайтынын бетіне басып, әшкерелеп жүремін. Кәрі
болсын, жас болсын, жат жұрттық па, жоқ сіздермен (іс, әсіресе сіздермен, афиналықтар
тап осылай істеймін, өйткені сіздер менің қандасымсыздар. Бар иманыммен айтамын, бұл
маған құдайдың әмірі, бүтін шаһарда сіздерде менің осы құдайға қылатын қызметімнен
артық игілік жоқ. Мен кім болса да, кәріге де, жасқа да тәнді емес, жанды қақсатуды ойлау
керектігін айтумен ғана жүрмін ғой. Жақсы қасиеттің ақшадан тумайтынын, керісінше,
қауымда да, жеке тірлікте де ақшаның да, басқа игіліктердің де жақсы қасиеттерден
болатынын айтудамын. Егер осындай сөздермен мен жас жігіттерді аздырып жүрсем, онда
бұл сөздердің зиян болғаны. Ал біреу мен бүл емес, басқа сөздер сөйлейді дейтін болса, ол
жалған. Сондықтанда менің айтатыным: "Афиналықтар, Анитқа мойын ұсынасыздар ма,
жоқ па, мені босатып қоя бересіздер ме, жоқ па, бір емес, сан рет өлетін болсам да, менің
айтатыным да, істейтінім де осы".
Шуламаңыздар, афиналықтар, мен өтінемін: не айтсам да, шыдап тыңдаңыздаршы,
меніңше, менің сөздерім сіздерге тек пайдалы. Мен сіздерге тағы бірдеңелер
айтпақшымын, оған сендер тіпті айқай көтерулерің мүмкін, бірақ не де болса, олай
етпеңіздер.
Сеніңіздер, егер сіздер мені тап осы қалпымда, тек осындай адам болғаным үшін өлімге
қисаңыздар, онда тек өздеріңізге зияндық жасайсыздар, маған емес. Маған Мелеттен де,
Аниттан да ешбір зиян келмейді, себебі менің ойымша жаман жақсыға зиян жасай
алмайды. Әрине, ол өлтіре алады, қуып жібере алады, жамандай алады. Ол ма, басқа ма,
кім де болса мұны ең жаман нәрсе деп түсінетін болар, бірақ мен олай деп ойламаймын.
Одан да көрі жаман нәрсе: әділеттікті аттап, кінәсізді өлімге үкім еткізу. Сондықтан да,
афиналықтар, мен қазір өзімді өзім үшін емес, ол тек солай көрінер, сіздер үшін
қорғаудамын, сіздер мені өлімге кесіп, құдайдың өздеріңізге берген сыйынан айырылып
қалмауларыңыз үшін. Егер мені өлімге кессеңіздер, меңдей адамды табу сіздерге оңай
болмайды, себебі мені осы шаһарға құдай қойған ғой, күлкілі болса да айтайын, дөрекілеу
айтсақ, кәдімгі жақсы, бірақ семіріңкіреп, еріншектеніп алған атты бір бөгелек шағып,
тыныштық бермегені сияқты. Тап осылай болсын деп осы шаһарға құдай жіберген, күні
бойы кезіп жүріп кез келгенді оятып, өтініп, иландырып дегендей... Басқа бір осындай
адамды, афиналықтар, сіздерге табу оңай емес, егер маған сенсеңіздер мені сақтай
аласыздар. Бірақ, Анитқа құлақ ассаңыздар, шырт ұйқыдан кенет оятылған адамдай, ашу
үстінде мені беймаза сонаны соғып жібергендей, өлтіре салуларыңыз да ықтимал.
Өйтсеңіздер, қалған өмірлеріңіздің бәрін ұйқыда өткізесіздер. Әрине, егер құдай, сіздердің
қамыңызды ойлап, тағы біреуді жібермесе. Құдайдың мені осы үшін біздің шаһарға
қойғандығы мынадан - ақ көрініп тұрған жоқ па? Кім өзінің бар шаруасын тастап,
жоқшылыққа ұшырап, барлық уақытын басқалардың ісіне арнап жүр, әрқайсыңа тап бір
әкесіндей, не ағасындай өсиет айтып, жақсылыққа бағыштап жүр? Одан мен бір пайда
тауып, сол үшін ақы алып, не сұрап жүрсем екен, менің айыптаушыларым арсыздықпен
қанша қараласа да, өсиет үшін ақы алады дей алған жоқ, куәлік те келтіре алмады. Оның
менде болмағандығына мен айқын айғақ келтіре аламын: ол менің кедейлігім.
Бұл жағдайда түсінбестік бір нәрсе болуы мүмкін. Мен неге оз кеңестерімді, өсиетіңді
жеке адамдарға ғана айтамын? Неге халық жиналған жерде, мәжілістерде, бүкіл шаһарға