Page 158 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

158
білдіртпей, жастарды әдемі сөзге, достыққа және өзара келісімшілікке
жақындастыратын леп сияқты шеберлерді табуымыз керек.
Осылай тәрбиелеу қандай тамаша болар еді!
Міне, солай. Главкон,— дедім мен,— мусикалық өнердің басты тәрбиелік
маңызының өзі осында жатыр: ол барлығынан гөрі жанға тереңірек бойлап және
бәрінен де күштірек соны қамтиды; ырғақ пен үйлесімділік өзімен бірге сүйкімділікті
ала келеді, ал ол адамды да, егер дұрыс тәрбиеленген болса, сүйкімді етеді, ал олай
болмаса онда, керісінше, болып шығады. Кімде-кім бұл салада тиісті тәрбие алып
шықса, сол әр түрлі қателесулерді, бөлінбеушілік немесе табиғи кемшіліктерді өте
өткір қабылдайды. Оның ашу-ызасы немесе, керісінше, рахаттануы дұрыс болады; ол
не әдемі болса, соны мақтайды және оны өз жанымен қабылдап, сонымен қоректенеді
және өзі де ешбір мінсіз болады; ал бұзақылықты ол дұрыс айыптап және оны жас
шағынан, тіпті ақылды сөздерді қабылдамай тұрғаннан бұрынырақ, өте жек көреді; ал
енді осындай ақылды сөзді естігенде ол, оны сүйіп тыңдайды, ол оның тәрбиеленуіне
байланысты тән қасиет екенін түсінеді.
Меніңше, — деді Главкон, — мусикалық өнердің тәрбиелік маңызының өзі осында
ғой.
Оқып үйренуде, сондай жағдайда, — дедім мен, — әр түрлі әріптер кездессе,
барлық жағынан, қайдан олар кездессе де, онша коп емес, біз оларды анықтай аламыз;
алайда біз оларды ұсақ болсын, ірі болсын байқамаған болып, елемей қоймаймыз.
Бірақ барлық жерде де әуелі анықтағаннан бұрын, оны танып және оқып үйренеміз.
Дұрыс.
Ендеше, судағы немесе айнадағы әріптердің бейнеленуін біз алдымен әріптердің
өзін білу арқылы ғана анықтай аламыз, — алайда, ол үшін сол өнермен жаттығудың өзі
қажет-ақ.
Шүбәсіз.
Бірақ мен осыны, құдайлар атынан ант етейін, мақұлдап отырмын ғой: бізге
мусикалық өнерді игеру мүмкін емес, егер біз, не өзіміз айтып отырған біз
тәрбиелейтін сақшылар пайымдылықты, ер жүректілікті, ойлаудың игілікті бейнесін,
қайырымдылықты және осыларға тумалас, сонымен қатар, олардың қарама-қарсы
жақтарын танып білмейінше және олардың қайда екенін өз алдына бөлек пе, әлде
бейнелеулерде ме, не кішігірім, не үлкен екенінде ме солардың қайда өмір сүретінін
анықтамайынша — біз оларды елемей қалдыра алмаймыз, бірақ бұл жерде де — өнер
және жаттығу қажет деп есептейміз.
Бұл өте қажет.
Ендеше, — дедім мен, — егер біреудің жан дүниесінде жатқан тамаша
адамгершілік қасиеттер оның сыртқы бейнесімен сәйкес келсе, өйткені оларда жалпы
белгілер бар ғой, бұл көруге қабілетті зор адам үшін өте әсем көрініс болар еді.
Әрине.
Ал ең жоғары әдемілік, аса зор дәрежеде, тартымды ғой.
Әрине!
Міне осындай адамдарды, бәрінен де мусикалық өнерге берілген кісіні, жақсы
көрер еді. Ал кімде мұндай үйлесімділік жоқ болса, мұндайларды ол сүймеген болар
еді.
Иә, егер бұл кемшілік көңіл-күйдің жетімсіздігінен емес: ал денеге тән болса, бұған
шыдап және кездесулерді ұнамды деуге болар еді.
Түсінемін, — дедім мен, — Сенің осындай сүйіктің бар немесе болған, сондықтан
мен қарсы бола алмаймын. Бірақ маған мынаны айтшы: рахаттануда пайымдылық пен
қанағатсыздықтың арасында жалпы бірдеңе бар ма?
Қалайша болады! Олардан есалаң боласың, бұл қайғырудан да жаман.
Ал осылармен жалпы бірдей басқа да бір адамгершіліктің түрлері бар ма?