157
ырғақтардың өзінен гөрі шапшаңдыққа тікелей қатысты ма, әлде сол екеуіне де бірдей ме
— алайда, маған, мұны жеткізіп айту мүмкін емес. Осының барлығын, жаңа мен
айтқандай, Дамонның өзіне қалдыру керек. Өйткені бұл ұзақ талқылауды талап етеді.
Әлде сенің пікірің басқаша ма?
Жоқ, Зевстің атымен ант етейін.
Бірақ қалай болғанда да сен мынаны белгілей аласың: бір жағынан, сүйкімділік пен
ырғақтылық, екінші жағынан, көріксіздік пен ырғақсыздық өзара сәйкес келеді.
Әрине, солай.
Сол сияқты ырғақтылық сөздің жақсы стиліне сәйкес келсе, ал ырғақсыздық оған
қарама-қарсы болады. Жақсы мен жаман үндестіктер жөнінде де соны айтуға болады,
ырғақтық пен күй - қалпы, жаңа ғана айтылғандай, сөздің соңынан еру керек, ал,
керісінше, сөз олардың соңынан келмеуге тиіс.
Шынында да олар буынмен сәйкес келуі керек.
Ал, айтылу тәсілі және сөздің өзі адамның жан-дүниесімен сәйкес келуі керек емес
пе?
Әрине.
Барлығы да, әсіресе, сөздер.
Иә.
Ендеше күй - қалпының сөзі, оның жағымды үні сүйкімділік және күй ырғағы —
осының барлығы жайдарылықтың салдары: бұл біз жете ойламай жұмсартып айта
салған ақкөңілдік емес, бірақ шын мәніндегі ешқандай мінсіз таза рухани адамгершілік
үлгісі.
Толығымен келісемін.
Жастар өздерінің міндеттерін орындау үшін осыған, әрдайым, ұмтылып отыруға
тиіс емес пе?
Тиісті.
Ал енді қалай болса да осыған суреттер, басқа да бұған ұқсас әрбір шеберлік —
тоқу, кестелеу және құрылыс салу, әртүрлі аспаптар жасау және бұған қосымша, тіпті
дене мен өсімдіктердің табиғаты — мұнда барлық жағынан сүйкімділік және
көріксіздік те болуы мүмкін. Көріксіздік, ырғақсыздық, үйлесімсіздік — жаман
тілділік пен жаман қылықтылықтың жақын ағайындары, ал оларға қарама-қарсы,
керісінше, пайымдылық пен адамгершілік ең жақын еліктеушілік.
Сөзсіз.
Міне солай, шынында да, неге тек ақындарды ғана бақылап және оларға өз
шығармаларында не адамгершілік бейнелерін жүзеге асырып, не өз шығармасында
олардан бас тартуын міндеттеуіміз керек пе? Ал қалған басқа да шеберлердің
шығармаларын бақылап және олардың тірі жандардың бейнелерін жүзеге асырудағы,
құрылыс жұмыстарындағы немесе басқа да істеріндегі өнегесіздікті, бейбастақтықты,
арам ниеттілікті және бұзақылықты жүзеге асыруына жол бермеуге ұмтылуымыз керек
емес пе? Кімде-кім осы талаптарды орындай алмайтын болса, онда біз оны шеберлікке
жібермеуіміз керек, әйтпесе біздің сақшыларымыз бұзақы кеселдер бейнелерінің
негізінде тәрбиеленіп, ақымақтықтың жайылымындағы сондай көптеген нәрселерді
жинап және күн сайын ұсақ-түйектен бастап, көп санды бейнелерге дейін жалап -
жұтып, осылардан өздеріне де біліне қоймайтын қай-қайдағы біріккен үлкен зұлымдық
олардың жан-дүниелерінде пайда болады. Жоқ, керісінше, өздерінің дарындылығымен
табиғаттың әсемділігін және оның сүйкімділігін бақылап отыруға, әсем
шығармалардан олардың көздеріне көрініп немесе естігендерін біздің жастарымызға
ауасы таза жердің адамдарына әсер еткендей пайдалы болатын: бұл игілік тудырушы
өлкелерден есетін, өзімен бірге денсаулық әкелетін және бірден, жас шағынан