Page 156 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

156
уағызымен және насихаттауымен адамды сендіреді, немесе одан бірдеңе жөнінде сұрайды,
болмаса, керісінше, өзі басқа адамның сұрақтарын, өсиеттері мен дәлелдемелерін зер сала
тыңдайды және дандайсуды білмейді, бірақ, барлық жағынан шамасын сезіп және істің
салдарын ескере отырып, пайымды қызмет атқарады. Міне, осы екі "амалсыз" және
"еріктілікті" ән-күйлерді сен, маған қалдыр: олар бақытсыз, бақытты, пайымдылықты,
ержүрек жандардың дауыстарына өте жақсы еліктейді.
Бірақ сен басқаны емес, осы жаңағы мен айтып отырған күй - қалыптарды тастап
кетуін сұрап отырсың ғой.
Сонымен, ән айтуда да және мелистік поэзияда да не көп дауыстың, не барлық күй
- қалыптардың араласуының қажеттіктері жоқ.
Маған да солай сияқты.
Ендеше біз тригондарды, пектигтерді және басқа көптеген шегі бар күй -
қалыптарды жасайтын шеберлерді дайындамайтын болдық қой.
Солай көрінетін сияқты.
Ал енді флейт пен флейтшілерді дайындап шығаратын шеберлерді сен біздің
мемлекетімізге жібересің бе? Ал бұл ең көп дауысты құрал емес, ендеше, барлық күй -
қалыптарды араластырғанның өзінде бұл тек флейта ойнауға еліктеу ғана емес пе?
Мұның солай екені, түсінікті.
Сенде лира мен кифара қалды ғой, олар қалаларда, ауылдық жерлерде кеңінен
тараған, ал бақташылар арасында қандай да болмасын сыбызғы қолды болар еді.
Біздің әңгімеміздің өзі соны көрсетіп тұр ғой.
Біз,— дедім мен,— Аполлонмен оның аспаптарын Марсияның аспаптарынан
жоғары қойсақ әдеттен тыс ештеңе істемейміз.
Зевстің атынан ант етейін,— деп жауап берді ол, - бұл менімше де, осылай.
Және иттің атымен ант етейін,— деп айғалап жібердім мен,— таяуда ғана
нәзіктендірілген деп отырған мемлекетіміз, қалайша, қайтадан тап-таза болып шыға
келгенін біз өзіміз де байқамай қалдық.
Иә, біз пайымдылықпен іс атқарамыз ғой, — деді ол.
Кел, ендеше басқа қалғандарында тазалап шығайық, үйлесімділіктің, дыбыс
үндестігінің соңынан бізде ырғақтар туралы мәселе көтеріледі — яғни олардың көп
жақтығы мен әртүрлі өлшемдері соңынан қуалаудың қажеті жоқ, бірақ, керісінше,
қандай ырғақтар қарапайым және ерлік өмірге сәйкес келетінін орнықтыру керек.
Осыны орнықтырған соң, міндетті түрде ырғақ пен ән айту сәйкес келетін сөздерден
кейін ғана, ал сөздер ырғақ пен ән айтудың соңынан ермеуі тиіс. Сенің ісің, ырғақтар
дегеніміз не, сен қалайша, оларды бұрынырақ музыкалық күй ырғағына сәйкестіре
жасағаныңды, көрсету.
Бірақ Зевс атынан ант етейін, мен түсіндіре алмаймын. Мен тағы байқай келе
қайырманың үш түрінің бар екенін, олардан өлеңмен жазылғандардың өлшемі
қалыптасады, барлық күй - ырғақтары төрт дыбыс шығарулардан пайда болады, бірақ
олардың қайсысының қай өмірге еліктейтінін — мен оны айта алмаймын.
Ол жөнінде, - дедім мен, - біз Дамонмен ақылдасамыз, ал ең алдымен қандай
өлшемдер опасыздықты, арсыздықты, есалаңдықты және басқа ақымақтық белгілерді
көрсетсе, ал, қарама-қарсы жағдайларда, қандай ырғақтарды қалдыруға болады.
Мен көмескі түрде естігенімді еске түсіріп отырмын, Дамон қайдағы бір құрамалы би
билеу әскери өлшемді, сонымен қатар, дактиликалық және ерліктік деп атады, бірақ ол
мұны қалай құрады және қысқалық пен ұзындықтан құрастырылатын өлеңді, бір қалыпты
жоғарылатуға және төмендетуге қалайша қол жеткізді, ол жағын мен білмеймін. Есімде
Дамон ямбыны да және басқа да қайырманы — ұзындығы мен қысқалығы үйлескен
трохей деген сияқты. Кейбір жағдайларда оның масқаралағаны ма, әлде мақтағаны ма,