Page 155 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

155
Енді, менің досым, бізде, сірә, мусикалық өнердің шығармашылық пен аңыздарға
қатысты жағы не жөнінде айту керек және қалай айту керектігі толығынан талданып
аяқталған сияқты.
Маған да солай сияқты.
Ендеше, — дедім мен, — өлең айтудың және әншілік поэзиясының қасиеттерін
қарау ғана қалды.
Сірә, солай.
Олар қандай болу керек және олар жөнінде біз не айта аламыз, егер біз жүйелі
ойлай алсақ, бастапқы айтқандарымыздан әркім-ақ мұны шығарып алады.
Главкон күліп жіберді.
Сократ, менің өзім,— деді ол,— сірә, әркімдерге жатпайтын шығармын, өйткені
кәзір біз нені негіздейміз, ол не жөнінде екенін жеткілікті ұғып ала алмай отырмын.
Дегенмен, мен аңғарып отырмын.
Қаңдай жағдайда болмасын,— дедім мен,— сен ең алдымен мелосте үш бөлім —
сөз, гармония және ырғақ бар екенін батыл түрде негіздей аласын.
Иә, мен мұны да негіздей аламын.
Мелоста сөз болғандықтан, мұнда ол әні жоқ сөзден айырмашылығы болмайды.
Яғни ол да, біз жаңа ғана айтқан, баяндаудың үлгілерімен келісімді болуы керек.
Бұл дұрыс.
Және сөздері үйлесімділікпен және ырғақпен қосақталып жүруі керек.
Басқаша қалай?
Бірақ біз поэзияда жоқтаулар және аяныштар болмау керек екенін мойындадық
қой.
Иә, болмау керек.
Ал жоқтауларға қандай күй қалыптық белгілері болуы мүмкін? Сен музыкада
білгірсің ғой, маған айтшы?
Лидийлік аралас, медийлік қатаң және де басқада осы сияқты түрлері бар.
Ендеше оларды алып тастау керек, — дедім мен,— бұлар тіпті әйелдерге де
жарамсыз, ал еркектерге тіпті қажетсіз.
Әрине.
Сақшыларға мас болушылық, нәзіктенушілік және дырдулық мүлде жараспайды.
Әрине.
Ал қандай күй — қалыптардың нәзіктендіруге және дастархан басындағы әндерге
тән өзіндік қасиеті бар?
Ионийшілік және лидиялықтар — оларды босаңсытушылар деп атайды.
Досым менің, осындайлармен жауынгер жандардың пайдалануына рұқсат беруге
бола ма?
Ешқандай да, бірақ сенде тағы да, сірә, дорийлік және фригийлік күй - қалыптар
қалып қойды.
Мен музыкалық күй - қалыптарды айыра алмаймын, бірақ сен маған ержүрек
адамның соғыс қимылдардың қалың ортасында жүріп және әртүрлі қиындықтарды
жеңіп шығуға мәжбүр болған, ол сәтсіздікке ұшырағанда, не жаралы болып, әлде
ажалға қарсы ұмтылғанда немесе оған қандай да бір бақытсыздық тап болғанда, ол
шыдамды түрде әлі де қатарда тұрғандай өзінің ауыртпалығын мойнымен көтеріп
жүргенін бейнелейтін, ән мен күй керек, мен соған еліктеймін.
Маған тағы да басқа музыкалық ән-күйді қалдыр, ондағы біреу бейбіт уақыттың өзінде
амалсыз емес, ерікті қызметпен айналысады, егер ол өзінің дұғаларымен құдайды, өзінің