Page 154 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

154
дөңгелектің шықырлауына, кернейдің, сырнайдың және сыбызғылардың дыбысына,
кез-келген құралдардың және оған қосымша тіпті иттің үргеніне, қойдың
маңырағанына және құстардың дауыстарына дейін қамтиды. Барлық осы айтылғандар
дыбыстарға және сыртқы бейнеге еліктеуге әкеліп соғады, ал егер мұнда баяндаулар
бола қалса, олар өте аз.
Және бұл да болмай қоймайды.
Міне, бұл, мен айтқан баяндаудың екі түрі болып саналады.
Іс жүзінде дәл осылай болады.
Егер біз баяндаушылыққа үйлесімді үндестік пен ырық берсек барлық осыны
дұрыс қолдаушылар бір түрлі үйлесімділікпен сәл ғана бір және сондай осылардың бір
түрі аздаған ғана ауытқушылықтар тудырады, буынға ие болады. Бұл жердегі
ауытқушылық онша үлкен емес: ырғақтықтың да жағдайы, шамамен алғанда, осылай
болмақшы.
Әрине, бұл осылай.
Ал басқа да түрлерімен іс қалай? Ол осыған тура қарама-қарсылықты, яғни
тыңдаушыларына әсер етуі үшін тіпті басқадай ырғақтар мен құрылымдарды талап
етпейді ме? Тегі мұнда өзгертулердің әр түрлі формалары болуы мүмкін.
Иә, бұл оның ерекше өзгешелігі.
Ал енді барлық ақындар немесе тыңдаушылардың алдыңда бірдеңе айтып
сөйлеуші, жалпы адамдар, баяндаудың осы бір, не басқа тәсілімен, немесе ең соңында,
олар да өзара тіркескен түрмен айналысады.
Бұл бол май қоймайды.
Олай болса, біз не істеуіміз керек? Біздің мемлекетімізде осы түрлердің барлығына,
әлде осы араласқан біреуіне ғана, болмаса, керісінше, араласқан түріне ғана рұқсат
етеміз бе?
Егер, менің пікірім, жоғары тұрса, бұл онда, ақын адал адамға еліктейтін
араласпаған түрі болар еді.
Алайда, Адимант, араласқан түрде де жағымды. Балалар мен олардың
тәрбиешілеріне сен қалаған түрден гөрі, оған қарама-қарсы әлде қайда ұнамдырақ
болып отыр; тобырдың көп бөлігіне де дәл осылай.
Иә, бұларға ол көбірек ұнамды.
Бірақ, мүмкін, сен бұл біздің мемлекеттік құрылымымызға сәйкес келмейді, өйткені
бізде адам екі жақты да, көп жақты да бола алмайды, әркім өзіне тиісті бір нәрсені ғана
істейді дерсің.
Иә, сәйкес келмейді деп, айта аламын.
Сондықтанда тек біздің мемлекетіміздің ішінде етікші тек қана етікші, ол өзінің
етікшілігімен қоса ескекші емес, ал диқаншы өзінің егіншілік еңбегіне қосымша сот
емес және әскери адам — ол әскери адам, ал бірақ ол өзінің әскери ісіне қосымша
пысықай, епті іспен айналысатын адам емес; және тағы сол сияқты.
Бұл дұрыс.
Егер де адам жаңа түрге ене алатындай іскерлікке ие болса және кез келген нәрсеге
еліктей алса, оның өзі біздің мемлекетімізге келіп, бізге өзінің туындыларын көрсеткісі
келсе, біз оның алдында қасиетті, таңқаларлық және сүйкімді нәрсеге бас игендей
боламыз, бірақ мұндай адам біздің мемлекетімізде өмір сүрмейді және ондай болуға
жол бермейміз деп, оған хошиісті бергізіп, жүннен тоқыған белгілі шүберекпен басын
таңып, басқа мемлекетке шығарып саламыз да, ал өзіміз өте қатал болса да сүйкімділігі
онша емес ақындар мен аңыз тудырушыларға біздегі парасатты адамның тәсіліне
еліктеп, олар не айтса да басында біздің белгілеп қойған, жауынгерлерді тәрбиелеудегі
таңдаған, үлгілерімізбен келіскеніне қанағат тұтамыз.
Егер осы бізге байланысты болса, әрине осылай жасаған болар едік.