Page 153 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

153
Әрине.
Күндер мен құлдарға еліктеуге де болмайды. Өйткені олар — құлдар не
тапсырылса, соны атқарады.
Иә, бұл да жарамайды.
Немесе ақымақ адамдарға еліктеуге болмайды, өйткені олар әдеттегідей, қорқақтар
және біздің жаңа ғана айтқанымызға қарамастан іс-қимыл жасайды — өсек тасиды,
бірін-бірі келемеждеумен айналысады, бейпіл — ауыздылыққа салынады және мас
күйінде болсын немесе айыққан күйінде жүрсе де, иә, жалпы олардың өзара
байланыстарында және басқа адамдармен қарым-қатынастарында, сөз немесе іс
жүзінде қандай жаза басушылықтар мен мүлт кетушіліктер кездеспейді дейсің!
Сондай-ақ біздің сақшыларымызды сөзде де, істе де есі жоқ адамдармен салыстыруға
үйреніп алғанымызға жол бермеуіміз керек. Есі ауысқандар мен бұзылғандарды, олар
еркектер немесе әйелдер болса да, айыра білу керек және соларға ұқсас істерді
жасамау керек және оларға еліктеуге болмайды.
Нағыз шындық.
Әрі қарай. Ұсталарға, түрлі қолөнершілерге, триердегі ескекшілер мен олардың
бастықтарына, жалпы алғанда, осындай істермен айналысатындарға еліктеуге бола ма?
Қалай болады! Біздің сақшыларға мұндай мардымсыз істерге көңіл бөлуге де
болмайды.
Әрі қарай. Олар аттардың кісінегенін, бұқалардың мөңіреуіне, тасқындардың
сарқырап ағуына, теңіздің гуіліне, күннің күркіреуіне және басқа да осы сияқтыларға
еліктей алама?
Бірақ оларға есуастыққа бой ұрып және ақылсыздарға ұқсауға тиым салынған ғой.
Егер мен, сенің сөздеріңді дұрыс түсінсем, баяндау мен әңгімелеп берудің шын
мәніндегі кіршіксіз таза адамның, бірдеңені хабарлауға қажет болған жағдайда,
пайдаланатын түрі бар; алайда бұған ешқандай ұқсастығы жоқ, бірақ өзінің
әңгімелеуінде қарама-қарсы талабы мен тәрбиесі бар адам ғана сүйене алады.
Бұлар қандай түрлер?
Менімше ұстамды адам өзінің баяндауында қандай бір пікір айтуға келгенде
немесе рақымшыл адамның іс-әрекетін баяндағанда, ол бұл мәселені дәл өзінің
басынан өткендей және сол адам өзі екенін көрсетіп бергісі келеді; мұндай
еліктеушілік ешқандай ұяттылықты тудырмайды. Ең жақсысы сенімді және зерделі іс-
әрекеттерге еліктеу, бірақ, денсаулығы әлсіреген немесе сүйіспеншілікке,
маскүнемдікке тағы басқа бақытсыздыққа тым беріліп, тұрақсыздық пайда болған
адамдарға еліктеу, әлдеқайда жаман. Айтушы, өзіне лайықты емес біреу-міреумен
кездесе қалса, ол шынында да жаманға, өзінен төменге еліктегісі келмейді,
еліктегеннің өзінде, егер бұл жаман іске аларлық бірдеңе жасаса ғана, оның өзінде де
ұзаққа бармайды. Әңгімеші мұңдай адамдарға еліктеп жаттықпаған, бұл оған ұят және
өз-өзінен бас тарту — жексұрындық саналады, өзіне қарағанда жаманырақ адамдардың
бейнесін қабылдап, оларды бұл өзінің рухани құрылымы жағынан сыйлай алмайды,
сыйлағанның өзінде әзіл үшін ғана.
Бұл табиғи нәрсе.
Ендеше ол өзінің баяндауында, біз жаңа ғана Гомердің өлеңдері хақында жасаған
ескертпелерді пайдалануға: оның баяндауы әр түрлі тәсілмен жүргізіледі, яғни
еліктеушілікпен де, баяндау арқылы да, егер оның шығармасын тұтас алсақ та, бірақ
еліктеудің үлесі онша көп болмайды, әлде менікі дұрыс емес пе?
Әрине, бұл әңгімешінің қалайда мұндай тәсілдері болады.
Ендеше кімдікі жаман болса және оған ұқсамаса соғұрлым барлық мүмкіндігі
бойынша еліктеушілер көп болады; мұндайлар ештеңеден жиіркенбейді, барлығына
көптеген сансыз тыңдаушыларының қатысуымен шын еліктеуге тырысады, яғни, біз
айтып өткендей, найзағайдың жарқылына, жел мен бұршақтың шуына, білік пен