Page 152 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

152
Бұл туралы мен жаңа ғана айттым. Бізге ең алдымен мынаған келісу керек.
Поэтикалық баяндауда еліктеуге мүмкіндік беруге бола ма, немесе осылардың
кейбіреуіне мүмкіндік беріп, ал басқаларына берілмейтін болар және қай-қайсысынан,
немесе еліктеушілікті тіпті алып тастау керек шығар.
Сенің өз ішіңнен трагедия мен комедияның біздің мемлекетімізде рұқсат етуге бола
ма, жоқ па деп ойлап отырғаныңды аңғарамын.
Мүмкін,— дедім мен,— бірақ, мүмкін мұнымен шектелмеймін мен әзірше
білмеймін: сөз желдің лебі сияқты, бізді қайда ала жөнелсе, соған қарай кетуіміз керек.
Тамаша айтылған!
Сен, Адимант, мынаны шеш: сақшылар бізде еліктеушілер болуы керек пе, әлде
жоқ па? Дегенмен, бұл да алдыңғы талқыланған мәселелерден келіп шығады —
өйткені әркім өзі жақсы білетін бір іспен ғана айналысады, бірақ көп іспен емес: егер
ол көптеген нәрсені қолға алса, ештеңе бітіре алмайды және ол ешбір іспен
ерекшелене алмайды.
Иә, дәл солай болады.
Еліктеушілік жөнінде де дәлел осындай емес пе? Бір адам көптеген заттармен,
осының бәрі біреу және сол сияқты болып көрінгенімен, бірден табысты түрде еліктей
алмайды.
Иә, мүмкін емес.
Шын мәніндегі еліктеуші болуы үшін кім өзінің айналысып жүрген, ауыз толтырып
айтуға лайықты, ісін еліктеушілікпен қосақтайды, тіпті еліктеушіліктің екі түрі бір-
біріне жақын болғанның өзінде де бір адамға оны меңгеру мүмкін болмайды —
мысалы, комедияны да және трагедияны да жазса да. Сен жаңа ғана ол да, бұл да
еліктеушілік дедің емес пе?
Иә, әрине, сенікі дұрыс, бір адам бірден екі істі атқаруы мүмкін емес.
Және жыраулар бір жағынан актерлер болуы мүмкін емес.
Дұрыс.
Және бір — екілі актерлер комикалық және трагикалық ақындар болуға
жарамайды, дегенмен ол, да бұл да еліктеушілік қой. Солай емес пе?
Иә, бұл еліктеушілік.
Адимант, бұған қосымша, адамдардың табиғатында, менің байқауымша ұсақ
ерекше белгілердің көптігі сонша, олардың көбін көз алдына келтіру немесе еліктеудің
неге ұқсап, қызмет ететінін толық орындау көп жағдайда сәтті болмай қалады.
Бұл жоғары дәрежеде дұрыс.
Ендеше біз өзіміздің алғашқы ойлауымызды сақтасақ онда біздің сақшыларымыз
барлық басқа да айналысатын істерін тастап, тек қана мемлекеттің еркіндігін күзету
керек. Оның өзін ұқыпты түрде және басқадай еш нәрсеге алаңдамай жүргізсін, олар
басқадай ештеңе істемей немесе басқада бірдеңеге еліктемеуі керек. Егер еліктеу
қажет болса, онда бірден жас кезінен бастап-ақ ер жүрек, парасатты, еркіндіктегі
адамдарға ғана еліктеуі керек. Ал енді еркіндіктегі адамға жат нәрселерді, жалпы
алғанда, ұят қой, оларды орындап қажеті жоқ. Бұларға еліктеймін деп, кейбір
адамдарда шын мәнінде сондай болуға ұмтылу пайда болады, немесе, сен байқадың ба,
еліктеу, егер онымен ұзақ уақыт жас кезінен айналысса, ол оның әдетіне және адамның
табиғатына сіңісті болады — оның сырт бейнесі, дауысы және рухани құрылымы
өзгереді.
Иә, өте көп, байқадым.
Сөйтіп біз кімнің қамын ойласақ, қайталап айтамын, солардың адамгершілікті
болуын, өздері еркектер бола тұра әйелге — бәрібір жас әйеліме, әлде кәріме, ол
күйеуімен шаңқылдап ұрыса ма, әлде құдайлармен айтыса ма, әлде өзін бақытты санай
ма, әлде, керісінше, кедейшілікте болып, өзінің қайғысын аянышты өлеңдерде төгіле
айтып жүр ме — иә, осының бәрін күні бұрын білмейсің, еліктеуіне жол бермейміз.