Page 151 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

151
Әрине.
Ендеше ол бөтендердің сөздерін келтірген бе және олардың арасындағы өз атынан
айтылғандар, осының барлығы да, бір әңгімеге жатады ғой?
Басқаша қалай болады?
Бірақ ол қандай да болмасын бөтен біреудің ойынан айтылғандарын келтіргенде
біз, ол өзінің сөзін басқаның сөйлегеніне шама-шарқынша ұқсас етіп айтты дейміз бе?
Иә, біз осылай дейміз.
Ал басқа бір адамға не дауысыңмен, не кескінмен ұқсас болу— кімге ұқсасаң соған
еліктеу емес пе?
Онда не тұр?
Мұндай жағдайда, мүмкін, Гомер де және басқа да ақындар да еліктеудің көмегімен
баяндайды.
Әрине.
Егер ақын еш жерде өзін-өзі жасырмаса, оның барлық шығармасы және
баяндағандары еліктеулерге жат болып шығар еді. Ал сен тағы да түсінбеймін деп
айтпас үшін, мұның қалай мүмкін болатынын мен баяндайын. Егер Хрис келді, қызы
үшін төлем ақы әкелді және ахейшілерге, әсіресе, патшаларға жалынды деп Гомер
одан соң өзінің әңгімесін ретіне қарай жалғастырады, ол Хрис сияқты болып сөйлеген
болар еді. Бұл ендігі жерде еліктеу емес, жай ғана баяндау және бұл мынандай түрде
болуы мүмкін (мен мұны өлеңмен емес, жай сөзбен берейін, өйткені мен поэзиядан
аулақ жанмын ғой): "Абыз келіп, жалына бастады, құдайлар бұларға Трояны алуға
және өздерінің тірі қалуына көмектессін және ахейшілер, құдайдан ұялғанынан, оған
қызын, төлем ақымен, қайтарып берсін; ол осы сөздерді айтқанда барлықтары оны
сыйлап және оған келісім берді. Бірақ Агамемнон қатты ашуланып, оған жылдам
кетуіне және ендігәрі, еш уақытта, келмеуіне бұйрық берді. Ал егер, олай болмаса,
онда абызды оның асатаяғы да, не құдайлық тәжі да қорғай алмайды деді. Ал енді
оның қызы туралы, оны босатудан бұрын, ол өзімен бірге Аргоста қартаяды деді. Егер
абыз үйіне аман-есен барғысы келсе, ол тезірек кетуі және оны ашуландырмауы керек.
Мұны естіген ақсақал қорқып қалып және үндемей кетіп қалды. Ал лагерьден шыққан
соң ол Аполлонға жан-тәнін сала сыйынып, оның барлық есімдерімен атап және оған
жағымпазданып жасаған сый-құрметтерін, қатал талап ретінде, есіне түсіріп —
храмдарды салудағы және қасиетті құрбан шалудағы өз еңбектерін атап көрсетті. Міне
осының барлығына төлем ретінде, мұның көз жасы үшін, Аполлон садағының оғымен
ахейшілерден кегін алып беруді сұрады. Міне, менің досым, ешқандай еліктеусіз
қарапайым баяндау қалай болады".
Түсінемін.
Енді саған, бұған қарама-қарсы келетін, яғни ақын сөз алмасулардың арасындағы
өзі айтқандарын алып тастаса, онда тек өзара сөз айырбасы ғана қалатыны түсінікті
шығар.
Және мұны да түсінемін, — трагедияларда осылай болады.
Сен менің ойымды өте дұрыс ұғып алдың және мен саған бұрын түсіндіре
алмағанды енді анықтадым, атап айтқанда, поэзия мен мифтік шығармашылық
толығынан еліктеулерден құрастырылады - ал бұл сен айтып отырған — трагедия мен
комедия; ал басқа түрі ақынның өзі айтқандарынан құралады — мұны сен көбінесе
дифирамбалардан (мақтау өлеңдерден) табасың; ал эпикалық поэзия мен көптеген
басқа түрлерде, егер сен мені түсінсең, осы екі тәсіл бар.
Сен сонда не жөнінде айтқың келгенін түсіндім.
Және есіңе түсір, біз осының алдында не жөнінде кеңестік: поэзияда не айтылады
— ол туралы да атап өттік, бірақ тағы да қалай айтылады, соны қарауымыз керек.
Менің есімде.