150
Иә, бұл жағдайда маған былай сияқты, бізге бұл туралы былай деуге тура келеді;
ақындар да және кім проза жазады, олар, көбінесе, адамдар туралы, керісінше, пікірлер
айтады; олардың ойынша, әділетсіз адамдар көбінесе бақытты болады; ал әділеттілер
— бақытсыздар; олардың ойынша, әділетсіздік жасау мақсатқа сай келеді, тек қана
құпия түрінде болу керек және әділеттілік — бұл басқа адамдар үшін игілік, ал оны
иеленуші үшін — ол жаза. Бұндай айтылғандарға біз тыйым саламыз және өлеңдерде,
аңыздарда дәлме-дәл, керісінше, баяндауға тапсырма береміз. Әлде, сеніңше, басқаша
ма?
Жоқ, осылай, мен бұған сенімдімін.
Егер сен, менің дұрыс айтқаныма келіссең, онда мен біздің бұрынғы ой-
пікірлерімізбен де сен келіседі деймін.
Сенің болжауың дұрыс.
Адамдар жөнінде пікір айту қандай болатынын, біз әділеттіліктің не екенін және
одан қандай табиғи пайда болатынын анықтағанда ғана білеміз, ал оны ұстап
отырғандар үшін әділетті ме, әлде жоқ па — бәрібір.
Нағыз шындық.
Сөйлеудің тәсілдері мен поэтикалық өнердің стилі
Осымен жазушылықты доғара тұрайық. Енді, менің ойымша, сөйлеудің тәсілдеріне
көз жүгірту керек, сонда бізде не жөнінде және не туралы, қалай сөйлеу керек екендігі
толық айқындалады.
Бұл жерде Адимант былай деді:
Мен сенің сөздеріңді түсінбеймін.
Алайда, сен міндеттісің, — дедім мен. — Тегі, сен мынаны тезірек түсінерсің:
жыраулар мен ақындар не жөніңде айтса да өткенді, осы күндер немесе болашақ
туралы баяндау болып шықпай ма?
Басқаша қалай болады?
Бұл не қарапайым баяндау немесе еліктеу арқылы, әлде осы екеуінің бірлігі арқылы
жасалмай ма және бұл шындық қой?
Маған, мынаны, тағыда анығырақ түсіну керек.
Менің күлдіргі және парықсыз ұстаз екенім көрініп тұр. Ең алдымен баяндау
білмейтін адам сияқты, мен де, бәрін біртұтас алмай, әуелі қандайда болмасын жеке
оқиғаны қарастырып, сол арқылы өзімнің не айтпақшы болғанымды түсіндіруге
тырысамын. Сен мынаны айтшы, "Илиаданың" бас жағында ақын Христің
Агамемнонға келіп, өзінің қызын босатуын сұрайды, ал буған ол қатты ашуланады,
Хрис болса өзінің дегенін орындай алмай, құдайдан ахейліктерден кек алуын
жалынып, жалбарынады. Сол есінде ме, оны білесің бе?
Иә, мен білемін.
Ендеше, сен білесің, өлеңдер аяқтала келе:
Ол барлық ахейшілерді онан бетер құдіретті Атридтерді, ахейлік жауынгерлерді
құртуды сендіре жалынды, деп тек ақынның өзі айтып отыр және біздің ойымызды
басқа жаққа бұруға әрекет етпейді. Сөйтіп, бұл жерде ол өзі емес, басқа біреу айтып
отырғандай суреттейді. Ал бұдан кейін ол өзі Хрис екенін және мұны айтып отырған
Гомер емес, бірақ абыз шал екенін, біздің көз алдымызға елестетуге тырысады. Және
барлық баяндаулары ол, сірә, дәл осылай.
Илиондағы, Итакдағы немесе "Одиссеядағы" суреттеген басқа жерлердегі оқиғалар да осы
бағытта жүргізіледі.