149
Бұл Гомер болғандықтан, мен Ахиллді осылай бейнелеу ұждансыздық деп айтуға
батылым бармайды және басқа да ақындардың тарапынан осындай пікірдің
мақұлдануына сенбеймін. Бірақ сонда да Ахилл Аполлонға міне былай дейді:
"Иә, сен мені алдадың ғой. О, құдайлардың арасындағы асқан қаскүнем! Мен сенен
кек алар едім, ондай мүмкіндік болса".
Тіпті ағымның өзіне — ол құдай ғой — Ахилл бағынбайды және онымен соғысып қалуға
дайын. Және онымен қоймай өзінің басқа ағым, Сперхейге арнаған бұйра шашы туралы
Ахилл былай дейді:
"Ержүрек Патрокл Ахиллестің бұйраларын өзімен бірге ала кетеді", ал Патрокл болса ол
кезде қаза тапқан болатын. Осыны Ахилл айтты деп сенуге болмайды. Сондай-ақ Ахилл
Гекторды Патроклдың қабірінің арасында сүйретіп жүрді, ол тіпті тұтқындарды даладағы
өртейтін отқа үйіп тастады,— міне осының бәрі дейміз біз, шылғи өтірік. Ахилл әйел
құдайы мен Пилейдің баласы, өте парасатты адам және оның үстіне Зевстің немересі,
асқан дана Херонның қолында тәрбиеленген Ахиллдің бойын абыржу, асып-тасудың
кернегені сонша, оның өзінде де бір-біріне қарама-қарсы екі ауру — бірі опасыздық пен
пайдакүнемдік, ал екінші жағынан құдайлар мен адамдарды жек көрінушілік болды деген
біздің жастарымызды сендіретін сезімге жол бермейміз.
Сенікі шындық.
Біз ешбір жағдайда Посейдонның баласы — Тесей мен Зевстің баласы —
Пирифойдың пысықтық және жауыздық - тонаушылықтарға дейін барғаны тәрізді, иә
және жалпы құдайдың немесе геройлардың балаларының кейбіреулері сұмдық,
арамдық істерге дейін барыпты деп, оларға өтірік жала жапқанға ешбір жағдайда да
сенбейміз және мұндай әңгімелерге жол бермейміз. Ол аз болса: біз ақындарды не осы
қылықтарды басқа біреулердің жасаған әрекеттері, не, тіпті, солар жасаған күнде де
олар құдайлардың балалары емес екендігін мойындатамыз. Ал енді бұған да
қарамастан мұндай әңгімелерді айтуға болмайды. Бізде жастарға құдайлар
жамандықты тудырады және геройлардың адамдардан ешбір артықшылығы жоқ, деп
сендіруге тырыспайтын болсын. Бұдан бұрын да айтқандай, бұл — бұл абыройсыздық
және қателік — өйткені біз, құдайлар жамандықты туғызуға мүмкін емес деп
дәлелдедік.
Ешбір күмәнсіз.
Және бұл жөнінде тыңдаудың өзі зиянды: онда әркім өз ішіндегі жамандыққа
кешірім өтініп, мұндай істер болды және бола береді:
"Кімде-кім құдайларға туысқан, және кімде-кім Зевске жақын; Идейск тауларының
ішінде онда олардың әкелері Зевстің құрбандық шалатын орны биікте көрініп тұр.
Мұнда даналар, олардың ата-бабалары, қаны таусылған жоқ".
Міне сондықтан біздің жастарымыздың бұзыққа бейімделуін тудырмас үшін осы
мифтерді әңгімелей беруді тоқтататын уақыт жетті.
Өте дұрыс.
Не жөнінде айту, не жөнінде айтпау үшін біз де жазушылықтың тағы қандай түрі
қалды? Құдайлар туралы, сондай-ақ даналар, қаһармандар жайында не айту керек?
Немесе Аидта кім бар екені айтылды ғой.
Толығынан.
Адамдар туралы айту қалды емес пе?
Сірә, солай.
Алайда, досым менің, әзірше бізге мұны белгілеу мүмкін емес.
Неге?