Page 14 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

14
да айтқандай, көп адамдардың маған деген өшпенділігінің өршіп отырғандығы, ол —
шындық. Мені құртса, Мелет те, Анит те емес, тап осы құртады, ал көп адамдардың
жаласы мен дұшпандығы бұған дейін де көптеген адал адамдардың түбіне жеткен, әлі
де жете береді деп ойлаймын. Тап менімен бұл пәле тоқтар деп ойлауға ешқандай негіз
жоқ.
Сократ өзі қақында
Бірақ та, мүмкін біреу: "Өзіңді ажалға душар ететін істермен айналысу, Сократ, саған ұят
емес пе?",— дер. Бұған мен былай дер едім: "Бұл айтқаның жақсылықтың сөзі емес,
достым, аз да болса шарапатты іспен шұғылданған адамға, ол істің өлімге, не өмірге
душар ету мүмкіндігін ғана ескеріп, тек сондай есепті ғана ұстануға бола ма? Ол ең
алдымен, тіпті тек қана ол істің әділдігін, не әділ еместігін, жақсы адамға, не жаман
адамға лайықты екендігін ескеруге тиіс емес пе? Сеніңше, Трояның түбінде опат болған
пайғамбарлар, соның ішінде Фетиданың ұлы да жаман болғаны ғой! Оның ұят
қылықтардан жиіркеніп қауіп-қатерлерді елемегендігі сондай, шешесі — құдай Фетида
оның Гекторды өлтіру ниетін біліп: "Ұлым, егер досың Патроклды өлтіргені үшін
Гекторды өлтірсең, артынша өзің де ажалмен қауышасың: "Приамның ұлының соңынан өз
ақырың да дайын тұр" дегенде де, ол қорқақтың масқара өмірінен гөрі достарының кегін
алып өлгенді артық көрді. Бүкіл елге мазақ болып, жер бетіне масыл болып тірі жүргенше,
жауымды жазалап барып өлгенім артық емес пе деген жоқ па еді ол. Ол үшін ең асыл
мұрат өлімнен аман қалу ма еді?
Шындығында, афиналықтар, мәселе мынада: әркім өмір салтында қандай орынды өзіне
лайық деп тапса, немесе әркімді оның басшылары оған лайық деген орынға қойған болса,
ол сол орыннан, сол міндеттен таймауға тиіс, ол жерде оған қандай қауіп-қатерлер
ұшырасса да, өлімнен де гөрі ол масқара болудан қорқуы керек. Егер мені өзіміз сайлаған
басшыларымыз Потиденің де, Амфипольдің де, Делийдің түбінде де жүктеген
міндеттерден қандай қатер төнсе де таймаған болсам, басқалар сияқты сапта болсам, енді
құдай мені философиямен шұғылданып, өзімді де, басқаларды да сынап, өмір сапында осы
іске қойып, соны маған жүктеген болса, мен өлімнен, не басқа бірдемеден қорқып саптан
қашсам, ол бір сұмдық іс болар еді. Ондай қылық үшін мені шынында сотқа тартып,
құдайларды мойындамайды деп айыптауға болар еді, сәуегейлікті тыңдамайтындығымнан
өлімнен қорқам, өзімді дана болмай тұрып данамын деп қиялдаймын. Өлімнен қорқу,
афиналықтар, — ол өзіңді дана деп есептеумен бірдей, яғни, білмейтін нәрсеңді білем деп
ойлау ғой. Шынына келсек, өлімнің не нәрсе екенін, ол бір жақсылық па, әлде жамандық
па, ешкім білмейді ғой, әйтседе жұрттың көпшілігі одан ол бір дүниедегі ең сұмдық
нәрседей қорқады. Ал дүниедегі ең масқара нәрсе ол білмейтініңді білем деп есептеу емес
пе? Афина жұртшылығы, менің басқалардан өзгешелігім болса, кейбіреулерге
басқалардан ақылдырақ көрінсем, ол менің білмейтін нәрсемді, мысалы, Аидты жақсы
білмей тұрып, сол білмейтіндігімді бүкпесіз мойындауымда. Ал өзімнен артық құдайды,
не адамды, һәм заңдарды мойындамаудың ұят және айып екендігін жақсы білемін. Олай
болса, жақсы не жаман екендігі белгісіз нәрседен қорқып, одан қашпаймын.
Егер тіпті Аниттің осы жерде: менің бүл сотқа келмеуім керек еді, ал келгеннен соң, мені
өлім жазасына тартпауға болмайды, себебі мен құтылып кетсем, сіздердің ұлдарыңыз
менің жолыммен кетіп, бәрі де алаңсыз азғындайды дегеніне қарамастан, сіздер: "Бұл
жолы, Сократ, біз Анитты тыңдамай, сені босатамыз, бірақ сен бұдан былай осы
сынауларыңды, философиямен айналысуыңды қоясың, ал егер осы кәсібіңмен тағы да
айналысатының анықталса, онда өлуге тиіссің" десеңіздер, сонда да мен сіздерге былай
дер едім: "Мен сендерге, афиналықтар, жан-тәнімен берілген жанмын, сендерді жақсы
көремін, бірақ сендерден кәрі құдайдың дегенімен жүремін, демім мен қуатым