Page 148 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

148
Ал енді мынау ше:
"Бейшара маскүнем, көздері иттікіндей және жүрегі бұғыныкіндей" және басқа да
одан арғы өлеңдер — олар да жақсы ма? Иә, және де, егер қарапайым адамдардан
шыққан біреу өз сөздері мен өлеңдерін де өзінің әміршісіне қатысты осындай балалық
жасауға дейін барса, жалпы жақсы болар ма еді?
Жоқ, өте жаман.
Менің ойымша, егер осындайларды тыңдаса, онда жастардың пайымдылығы арта
түсуіне мүмкіндік туғызбайды, дегенмен, осындайлар сүйсінуге әкелуі мүмкін, бұған
таң қалатын ештеңе жоқ, немесе, саған қалай көрінеді?
Дәл осылай.
Солай болса, енді не? Ең данышпан адам өзінің өлеңдеріндегі көркемдігі зор болып
көрінетін мыналар:
"Нанмен де, етпен де, сәнді жайылған дастархандардың басында отырып...
Кратерден аққан күш-қуат беретін ішімдік шарап құятын ыдыстан ағып және оның
көбіктенген ыдысына тасылып жатыр...".
Сенің ойыңша, ұстамдылықты дамыту үшін осыны жастарға тыңдатуға жарай ма?
Немесе мынау:
"Бірақ бізге бәрінен жеккөрінішті аштық өліммен өлуге болмайды ғой".
Немесе Зевсті былай суреттеу: барлық құдайлар мен адамдар ұйқыға кеткенде, тек қана ол
ұйықтамады, құштарлық, сүйіспеншілік, ынтықтан ол басқа нәрсенің бәрін, олар жөнінде
не ойлағанын, ұмытты және Гераны көргенде құштарлыққа берілгені сонша, үйдегі
ұйықтайтын орынға барғысы келмеді, бірден осы жерде онымен бірге болғысы келді,
құмарлықтың қозғаны сонша, олардың "өзінің сүйікті ата-аналарынан жасырын" алғашқы
кездескенінде де мұндай сезімнің күші билеп алмаған еді. Міне, дәл осындай себеппен
Арес пен Афродитаны Гефест бірге бұғалаған болатын.
Зевстің атымен ант етейін, осылардың бәрі маған үйлесімді болып көрінбейді.
Оның есесіне даңқты адамдардың көрсетуімен және айтуымен барлық жағынан
шыдамдылықтың өнегелерін, тіпті болмаса, мынандай әрі естіп, әрі көруге болады:
"Ол өз-өзінің төсін ұрып және ашу кернеген жүрегіне:
Жүрек, бой ұрып: сен одан да өткен пасықтыққа шыдауға күшің бар".
Өте дұрыс.
Сондай-ақ, біздің тәрбиешілерімізге парақорлар мен пайдакүнемдер болуына жол
бермеуіміз керек.
Ешбір жағдайда да.
Олар мынандай дәріптеулерді тыңдауларына болмайды; "Құдайларды да және ең
зор патшаларды да — барлығын – сый - тартулар риза етті".
Ахиллдің тәрбиешісі — Фениксті де мақтауға болмайды, ол Ахиллге ахейшілердің
сыйлықтарын алып, оларға көмектесу керек, ал егер сый - тартулары болмаса, онда оларға
деген ашу-ызадан қайтпау керек, дегені ақылға қонымды сияқты, бірақ бұл дұрыс емес.
Біз, сондай-ақ Ахиллге лайықты емес айтылғандарға келісе алмаймыз — мысал үшін, ол
сондай пайдакүнем болған, тіпті Агамемноннан да сыйлықтар алған, немесе, сондай-ақ
өлген адамның денесі үшін төлем ақы алған. әйтпесе, денені қайтарғысы келмеді.
Мұндай іс-әрекеттерді мақтауға болмайды.