Page 147 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

147
Мұндайдың болуы мүмкін емес, егерде жаңағы біздің ойларымыздағыдай,
айтқандағыларымыздай анықталса, әзірше, басқада, одан да жақсы дәлелдерді
келтірмесе соған ғана сүйенуіміз керек.
Келісемін.
Бірақ біздің жас жігіттеріміз тым шектен тыс күлкішіл болмау керек: әрдайым
қатты күлкінің ұстамы кейін, тіпті, басқа көңіл күймен алмасады.
Иә, маған да солай көрінеді.
Ендеше, күлкі қадірлі адамдарды ғана емес, құдайлардың біразын билеп - меңгеріп
кетеді деп бейнелеуге ұлықсат етпеу керек.
Иә, бұл өзі аз ғанасын ғана.
Олай болса, біз құдайлар туралы Гомердің мынандай айтқандарына жол бермейміз:
Шаттықтағы аспан әлеміне тұрғындар Гефестің кубокпен салтанатты сарайдың
маңында әбігерленгенін көріп күлкіге қарық болды.
Осындайды, сенің сөзіңе қарағанда, ұлықсат етуге болмайды ғой.
Иә, егер, сені менің пікірім қызықтырса, онда бұған шынында да ұлықсат жоқ.
Әрине, ақиқатты жоғары қою керек қой. Егер біз жаңа ғана құдайларға өтірік
негізінен алғанда қажетсіз, ал адамдарға кейде ол емдік құрал ретінде пайдалы десек,
бұл түсінікті, осындай құралды дәрігерлерге беріп, ал оны білмейтіндер оған
жоламауы керек.
Иә, бұл түсінікті.
Кімде-кімге дейсің ғой, ең алдымен мемлекетті басқарушыларға. Өтірікті өздерінің
дұшпандарына, сондай-ақ мемлекеттің игілігі үшін өз азаматтарына қарсы
пайдаланып, ал барлық басқа жағдайда бұған сүйенуге болмайды. Егер әрбір жеке
адам осы әкімдердей жалған айтатын болса, онда біз мұндайды аурудың дәрігерге
немесе гимнастикалық жаттығулармен айналысатын өзінің денесінің жағдайы туралы
ұстазына шынын айтпағанын немесе ескекші кеменің рөлін ұстаушыға және басқа
ескекшілер туралы, олармен шын мәнінде не болып жатқанын айтпағанынан жаман
қылық деп бағалауымыз керек.
Өте дұрыс.
Ендеше егер әкім қандайда болмасын бір азаматтың өтірігін мынандай көптің
ішінен ашса, кім іске керек:
Әлде балгерлер ме, әлде дәрігерлер ме, әлде сәулетшілердің шеберлеріме?...
Ол оны мемлекеті кеме сияқты төңкеріп жіберетін апатты әдет-ғұрыпты кіргізеді
деп жазалайды.
Әсіресе, сөздер іспен аяқталғанда.
Әрі қарай. Біздің жастарымызға пайымдылықтың керегі жоқ па?
Қалайша керегі жоқ болады?
Ал басқалардың айтуынша, пайымдылық, негізінен, әміршілерге ғана бағынбай,
өзіңді-өзің тек тамақтарды ішіп-жеуге және сүйіспеншіліктен туатын рахаттануға
билетіп қоймай, керісінше, олардың бәріне өзің әмірші болудан басталады.
Меніңше де солай.
Менің ойым, біз Гомердегі Диомедтің мына сөзін:
"(Капанид), үнсіз тоқта, менің ақылыма бағын" және сондай-ақ, мазмұны жағынан
ұқсас сөздерді:
"Күшпен дем алып, ахейшілер жақындап қалды, үн-түнсіз жүріп келеді, өздерінің
көсемдерінен қауіптеніп" мақұлдап сәтті шыққан дейміз. Біз және де осыған
жақындағандарының бәрін де құптаймыз.
Өте жақсы.