146
Осындай заттарды шығара отырып, — дедім мен,— біз дұрыс жасап отырмыз ба,
әлде жоқ па көрерміз. Беделді адамның, басқада өзі сияқты құрметті адамның ажалын,
тіпті ол оның досы болса да, аса бір қорқынышты деп санамайтынын мақұлдаймыз.
Иә, бізде дәл солай мақұлдаймыз.
Ендеше ол, сол адам қайдағы бір тым қорқынышты бірдеңеге ұшырап қалды деп
зарламайтын болады.
Әрине, ондай жасамайды.
Бірақ, біз осындай адам басқаларға қарағанда көбірек өзіне-өзі басып, лайықты
өмір сүріп және басқаларға қарағанда қайдағы біреудің көмегіне арқа сүйемейді.
Бұл дұрыс.
Ендеше, ол үшін өз ұлынан, не ағасынан, не мүлкінен, не басқа да осындайлардан
айырылу тіпті қорқынышты емес қой.
Тіпті қорқынышты емес.
Ендеше, ол ешбір назаланбай және ең зор асқан момындықпен өзіне тап болған
бақытсыздықты басынан өткереді.
Ең зорын.
Ендеше, біз даңқты қаһармандарға жылаудың керегі жоғын, оны осы әйелдерге,
оның өзіне де, олардың ұшқалақтарына, иә, тағы да, түкке тұрғысыз еркектерге берейік
деп дұрыс жасадық. Сондықтан бұған жоғарыда, біз айтқан, елімізді қорғаушылардың
сүйенуі зығырданыңды қайнатады деп есептейміз.
Дұрыс.
Және біз тағы да Гомер мен басқа да ақындардан Ахиллды, егер ол әйел құдайдың
ұлы болса, "біресе арқасымен, біресе бүйіріне жатады", "біресе жер тірей қалады"
немесе ол, ақырында, төсегін тастап, жабырқанушы боп теңіздің жағалауын кезіп
жүрді және "тез екі қолымен кір-кір күлді уыстап алып, оны басына төкті". Иә және
басқа да сылтауға, Гомер әрдайым ойлап тапқандай, ол тіпті жыламай-ақ және
зарламай-ақ қойсын және Приам, егер ол құдайларға жақын жүрсе, Лас батпақтарға
аунап, жалынбасын:
Әрбір еркектің атымен атап, Гомерден тағы да көбірек сұрайтынымыз ол құдайларды
қайғыртып, мынадайлары айтқызбасын:
"Қаһарманды тудырған мен бишараға қайғы беріп, бақытсыз ғып қойды". Егерде және
жалпы бұлай құдайларды суреттеуге болмайды десек, онда құдайлардың ішіндегі ең зор
өз-өзіне ұқсастырмай, оған былай дегізеді:
Қайғы! Сүйікті күйеуімді қаланың маңында қуалағанын Мына, менің көздерім, көріп, ауру
жүрегіме бойладың, немесе:
Қайғы! Мен Сарпедонның, ажалдылардың арасындағы менің қадірлімнің, дәл қазір
Патроклдың қолынан қаза тауып, жеңілгенін көрдім.
Егер біздің жас жігіттеріміз, қымбатты Адимант, осындай ойдан шығарылған
сандырақтарды шын деп қабылдаса және оларды қайдағы бір лайықсыз деуге батылы
бармаса, онда біреу-міреу, тек адам болғандықтан, өзінің беделін төмендетіп және өзін-өзі
кіналай алмай, егер оның ойына осыған ұқсас бірдеңені айтқысы немесе сондай әлде не
жасағысы келсе, ол, керісінше, ешбір ар-ұятсыз және кез-келген сылтаумен жылап-сықтай
бастайды.
Шын мәніндегі, шындық.