145
Тағы да:
Өте қараңғылық қапасты, тым қорқынышты, олардан тіпті құдайлардың өзі дірілдеп қоя
береді. Оның тұрғын жайын мәңгі өлмейтіндерге де және ажалдыларға да ашпас ем,
Немесе:
Құдайлар! Аидтың жер астындағы үйінде түп нұсқадағы
Адамның рухы және бейнесі бар, бірақ толығынан тәнсіз.
Және сондай-ақ:
Ол тек ақылмен ғана, барлық басқалары ақылсыздықтың көлеңкелерімен желбіреуде
Немесе:
Қайғылы жеребесіне жылап, қорғанын да және жастық шағын да тастап
Ақырын ғана денеден ұшып шыққан жан Аидқа келіп кіреді.
Және сондай-ақ:
Жан (Менетида) түтіннің бұлты сияқты жерге айғай шумен кіріп кетті. Немесе:
Жарқанаттар сияқты жер қойнауының терең үңгірінің
Қабырғаларында шынжырмен қағылып қалғандар
Егер біреуі үзіліп түссе,
Жартастан жерге қарай шаңқылдап құлай жөнеледі,
Қанатын қомдап пыр-пыр етіп.
Сөйтіп ызылдап - шуылдап ұшып кетеді...
Біз Гомердің және басқа да ақындардың алдында кешірім өтінеміз. Егер біз оларды және
осыған ұқсас басқаларды сызып тастасақ олар ренжімесін және олар көпшілік
тыңдаушыларға поэтикалық емес және жағымсыз болғандықтан емес, жоқ, керісінше,
олар поэтикалық болғандықтан балалар да, үлкендер де оларды тыңдауы керек, өйткені;
адам еркіндікте болуы қажет және адам ажалдан көрі құлдықтан қорқады.
Өте дұрыс.
Сонымен қатар "Кокит", "Стикс", "Өліктер", "Әруақтар" тағы сол сияқты. Оларды
естігенде адамдардың төбе шашы тік тұратын, қорқыныш тудыратын атамаларды,
осылармен байланыстылардың бәрін алып тастау керек. Мүмкін осының бәрі басқа да
бір мақсатқа жарайтын да шығар. Бірақ та біз өзіміздің сақшылар үшін олар қалайда
осындай күйзелістерден кейін бізге тым еліктегіш және сезімтал болып шықпасын деп
қауіптенеміз.
Иә, қауіптенгеніміз дұрыс.
Ендеше мұны қабылдамауымыз керек.
Иә.
Және поэтикалық негізде қайта өндіру үшін басқа да қарама—қарсы үлгі беру
керек қой?
Көрініп тұр.
Ендеше, біз поэзиядан атақты қаһармандарымыздың назалануы мен жалынышты
зарлап - жылауын шығарып тастаймыз ғой?
Егер алдыңғы айтқандарға сүйенсек, бұл өте қажет.