Page 144 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

144
Ендеше, Гомердің көптеген ойларын мақұлдай келе, бірақта біз Зевстің
Агамемнонға жіберген қате түс көруін, біз және де Эсхилдің трагедияларындағы
Аполлон Фетиданың үйлену тойында өлең айтып, оған балаларына бақытты
болатынын ескертіп:
"Аурулар оларға соқпай өтіп кетеді; ұзақ ғасырға созылады —
Сенің тағдырың, — дейді ол, құдайларға қымбат,
Осындай өлеңмен ол мені құттықтады.
Мен осыған үміт арттым, өйткені өтірік
Құдайшылық пен Фебаның сәуегейлі ауызына жат нәрсе.
Оның өзі осылай ән айтып, тойға өзі қатысты.
Өзі солай деп күні бұрын болжап және оның өзі маған
Менің ұлымды өлтірушіге айналды.
Егер біреу құдайлар туралы осындай нәрселерді айтса, ол біздің тарапымыздан наразылық
тудырады, біз оған хор айтқызбаймыз және ұстаздарға жас өспірімдерді тәрбиелеуде
осындай шығармаларды пайдалануға рұқсат етпейміз, өйткені біздегі сақшылар, адамның
күші қаншалықты жетерліктей, тақуа және құдайшыл болулары керек.
Мен осы алдын-ала жазылып қойылғандармен толығынан келісемін және оларды
заң ретінде пайдалануға дайынмын.
Үшінші кітап
Сақшыларды тәрбиелеудегі поэзияның рөлі
Сонымен, құдайларға қатысты мәселеге келсек дедім мен,— онда бұл іс бізге
шамамен алғанда былай болады; осылардың барлығына бірден жас кезіңнен көңіл
аударып, тыңдау керек немесе, керісінше, құлақ қоя тыңдаудың қажеті жоқ. Өйткені
кімде-кім құдайлар мен өз ата-аналарын құрметтеп сыйласа және адамдардың
арасындағы достық қатынастардың маңызын кемсітпесе болғаны.
Иә, менің ойымша,— деді Адимант,— бұл біздегі дұрыс көзқарас.
Ал енді не? Егер олар ержүрек болу керек десек, біз оларды осылардың бәрімен
таныстыруымыз керек емес пе, әсіресе, ешбір қорықпауына не мүмкіндік береді?
Сеніңше осындай қорқынышқа ие болған адам ержүрек бола ала ма?
Зевстің атымен ант етейін, жоқ.
Олай болса не? Аидты бар және оны аса қорқынышты деп есептейтінге өлімнің
үрейі жат деп айта аламыз ба және ол жеңіліс пен құлдықтан гөрі соғыстағы өлімді
артық көре ме?
Ешуақытта да.
Міне көріп отырғанымыздай, бізге осындай мифтерді және оларды баяндап
берушілерден Аид ішіндегілерді масқараламай, керісінше, мақтағаны жөн: өйткені
өздерінің әшкерелеуінде олардікі дұрыс емес және де бұл әрекет келешектегі
жауынгерлер үшін ешбір пайдалы емес.
Иә, мұнымен айналысуымыз керек.
Осындай негізде болып, алғашқы өлеңде басталғандарды сызып тастайық:
Мұндағы жансыз өліктердің үстінен патшалық етіп өлік болғанша,
Ең жақсысы мен тірі жүріп,
Күн сайын істейтін жүмысшы сияқты далада жұмыс жасағаным,
Кедей егіншіге қызмет етіп, өзімнің күнделікті несібемді тауып жүрсем.