143
Қалай, сен қалай дедің?
Солай, өз-өзіңе аса маңызды және ең маңызды деген заттар жөнінде ешкімде,
ешқандай ерікті түрде алдаудың қармағына түсуді тілемейді немесе өзінің алданып
қалуын қаламайды, бұл жерде әркім ең алдымен өтіріктен сақ болғысы келеді.
Мен әлі де ештеме түсінбеймін...
Сенің ойыңша, мен ерекше бірдеңені айтып отырмын ғой? Мен тек қана өз
жаныңды өзің шындық жөніндегі жалғандыққа бастасаң, оны адасушылықтың
құшағында қалдырсаң, онда сенің өзің надан боласың және өтірік он бойыңды
жайлайды — ал бұл ешкімге де қолайлы емес: бұл жерде өтірік барлығымызға аса
жиіркенішті.
Және тіпті солай.
Міне менің жаңа ғана айтып отырғаным, толық мағынасында, өтірік деп айтуға
болады: бұл жанға бойлай енген және адамды адасушылыққа апаратын надандық. Ал
сөздегі өтірік бұл жандағы жағдайды қайта қалыпқа келтіріп, оны әрі қарай бейнелеу
және мұның өзі ендігі жерде таза күйіндегі өтірік болмайды. Солай емес пе?
Әрине, солай.
Шын мәнінде өтірік құдайларға ғана емес, адамдарға да жеккөрінішті.
Менімше де солай.
Ал енді не болды? Сөздегі өтірік, кей жағдайда, бірдеңеге пайдалы да, ендеше оны
жек көруге болама? Мысалға қас адамға және де дос атанып жүргендерге қатысы бар
ғой? Егер олар қатты есінен тана ашуланып немесе ақылдан адасқанда жаман бір нәрсе
жасағысы келсе, сонда өтірік, оларды ұстап отыру үшін, қажетті құралға айналмай ма?
Иә жаңа ғана біз айтқан аңыздарда өтірікті пайдалыға айналдырмаймыз ба, қалайша
оны ақиқатқа ұқсастырамыз, егер осының бәрі көне дәуірде осылай болды ма, жоқ па,
біз оны білмейміз.
Әрине мұның бәрі осылай.
Бірақ осы қатынастардың ішіндегі қайсысы өтірікке айналып, құдайға пайдалы
болуы мүмкін? Мүмкін көне замандар туралы мәліметтері болмай, ол ұқсастардың
көмегімен алдайтын шығар?
Бұл жай ғана күлкі болар еді.
Ендеше құдайда өтірікші ақын өмір сүрмейді ғой?
Менімше солай.
Ал енді құдай жаулардың алдында қорыққандықтан алдайтын шығар?
Бұл ешқандай болуы мүмкін емес.
Бұл өз жақындарының ақылдан асқандығынан, не есінен айрылғандығынан болған
шығар?
Ешбір ақылынан адасқан немесе есінен айрылған құдайға сүйікті емес.
Ендеше ол алдауға баратындай ештеме жоқ.
Ештеме.
Ендеше, кез-келген құдайшылық бастамаға өтірік жат.
Өте жат.
Ендеше құдай — бұл, әрине сөзінде де, ісінде де қарапайым және шыншыл: ол өзі
де өзгермейді және басқаларды да өзінің сөздерімен және олардың өңі мен түсінде
жіберген нышандарында ешқандай адасушылыққа итермелемейді.
Менің өзіме де, бұл сенің сөздеріңнен нақты, айқын бола бастады.
Ендеше сен, құдайларға қатысты ойлар мен шығармашылық үшін міндетті түрде
мына екінші белгі болады: құдайлар өздерінің түрін өзгертіп және бізді өз сөзімен, не
ісімен алдауға кіргізетін сиқыршы емес деген тұжырыммен келісесің ғой.
Келісемін.