142
Тіпті әртүрлі құрамындағы заттар— аспап, құрылыстар, киім-кешектер, егер олар
жақсы жасалса және тәртіппен таза ұсталса олар осының негізінде уақыттың ықпал
етуімен және басқа да әсер етулерден өзгерістерге аз ұшырайды.
Бұл солай.
Барлық табиғатынан немесе өнердің арқасында сондай-ақ ананың да және
мынаның да арқасында жақсы болған сыртқы әсер азғантай ғана өзгереді.
Солай көрініп тұрған сияқты.
Бірақ құдай дегеніміз де не нәрсе сонымен кездессе ол барлық қатынас жағынан ең
жақсы ғой.
Әрине.
Осы себепке байланысты құдай түрлі формаларды қабылдауды барлық жағынан
азайту керек.
Дәл солай, азайту керек.
Ол өзінің өңін өзі айналдырып және өзгерте ме?
Сірә, егер ол өзгеретін болса.
Ол өзін ең жақсы және ең әдемі бірдеңеге, әлде ең жаман және көріксіз бірдеңеге
айналдыра ма?
Сөзсіз. Егер ол өзгерсе, сөзсіз ең жаманына айналады. Өйткені біз құдай әдемілік
пен қайырымдылық жағынан жетіспеушіліктің зардабын тартып жүр деп айта
алмаймыз ғой.
Сенің айтқаның өте дұрыс. Егер бұл осылай болса, онда сен, Адимант, біреу-міреу,
бұл құдай немесе адам болсын кейбір жағдайда өз еркімен өзін-өзі ең жаман ете алады
деп есептейсің бе?
Бұл мүмкін емес.
Ендеше құдайдың өзін-өзі өзгерткісі келуі тіпті мүмкін емес: бірақ, сірә, құдайлар
әрқайсысы ең жоғары дәрежелі көркем және әдемі болғандықтан, осы мүмкіндігіне
қарай әрдайым өзіне тән формада болады.
Меніңше, бұл аса қажет.
Ендеше, досым менің, ақындардың ішіндегі ешқайсысы бізге мынандай
Тәрізділерді:
"Құдайлар жиі-жиі шет елдік адамдардың бейнесін жамылып,
Бөтендердің пәтер — үйлеріне ене береді — айта бермесін және ешкімде Протей
мен Фетидаға нақақ — жала жаппасын, трагедия және әртүрлі басқа да шығармаларда
Гераны абыз әйелге айналдырып, оны өзеннің Аргосты балаларына өмір беретін Инах
үшін қайыр садақа сұрайтын етіп, көрсетуді тоқтатып және мұндай қисынсыз
өтіріктерді ойлап табуды жалпы доғарғаны жөн. Өз тарапынан аналар да осыған сеніп,
әртүрлі ойдан шығарылған сандырақтармен және қайдағы бір құдайлар түн ішінде
әртүрлі бөтен елдердің адамдарының бейнесіне кіріп жүреді екен деп балаларды
қорқытпауға тиіс, бұл құдайларға тіл тигізу, иә және де сонымен қатар балалар бұдан
жасқаншақ болып кетеді.
Иә, бұған дейін бармау керек.
Ендеше, құдайлардың өздері өзгермейді. Бірақ олар өздерінің сиқырымен бізді
алдауға түсіріп, әртүрлі сырт кескіндері жөнінде елестерге айбынды түрде сендіретін
шығар?
Мүмкін, солай болар.
Ендеше біздің алдымызға сөз жүзінде немесе іс жүзіңде тек ғана елесті көрсете
отырып, құдайдың өтірікті ұсынуы мүмкін бе?
Білмеймін.
Шын мәніндегі өтірікті — егер осылай деп айтса, барлық құдайлар да және адамдар
да жек көреді ғой?!