141
Сондай-ақ Зевс бізде игілік, сонымен қатар жамандықты беруші сияқты болуы да қате.
Егер кімде кім Пандараның берген анты мен келісімін бұзуға Афина мен Зевс түрткі
болды десе, біз ондайды мақұлдамаймыз. Сол сияқты құдайлардың өзара шайқасы мен
және олардың Фемида мен Зевс тудырған бет жыртысуын дәл осылай қолдамаймыз.
Сондай-ақ Эсхилдың мына айтқандарын:
Біреу-міреудің үйін құртып жібергісі келсе, ажалдыға себебін құдай өзі тауып береді.
Балғын жастардың тыңдауына ұлықсат етпеу керек. Егер кейбір шығармаларда осындай
өлең тармақтары кездесе қалса, онда Ниобаның немесе Пелопидтердің қайғы зары немесе
Троя соғысы немесе осыған ұқсас бірдеңелер жазылған болса, онда бұлардың бәрі
құдайдың ісі болса, онда бұған қазір біз айтып отырған мағынаны іздеуіміз керек және
құдай әрдайым тек қана әділеттілікті және игілікті билеп-төстеп, меңгеруші, ал осы
адамдарға жеткен жаза, олар үшін де пайдалы болуға тиіс.
Бірақ олардың қайыршылықта болуы белгілі бір жазаға тартылуына байланысты. Ал осы
жазаға тарту кімнен десе ол құдайға байланысты деп тұжырымдайтын ақынға жол бермеу
керек. Алайда егер ақындар бұл адамдар жазаға тартылуы керек және олардың ішінде
содырлар ғана қайыршыланған, олар жазалана отырып, өздері үшін құдайдан пайда алып
шығады десе, онда бұған ұлықсат етуге болады. Бірақ құдай игілік негізі бола тұрып,
кейбіреулерге жамандықтың қайнар көзі де болады десе, ондайлармен әрдайым күресу
керек: ешкімде ол бозбала ма, не есейген бе — егер ол өз мемлекетінде заңдылықты
сақтауға ұмтылса, бұл жөнінде айтпауға не өлеңдердегі, не жазбалардағы, не прозалық
баяндаулардағыны тыңдамауға тиіс. Өйткені мұндай тұжырымдама абыройсыз, бізге
пайда емес және өз ішінде де қисыны келмеушілік бар.
Мен сенімен бірге осы заңға дауыс беремін — ол маған ұнайды.
Бұл құдайлар жөніндегі заңдардың ішіндегі біреуі және алдын ала жазылып
қойылғандардың бірегейі болар еді: осыған сәйкес сөйлеген сөздерде және поэтикалық
шығармаларда әрдайым құдай кез-келген нәрсенің емес, тек қана игіліктің ғана себебі
деп тұжырымдауымыз қажет.
Бұл, толығынан қанағаттанарлық.
Ал енді екінші заң жөнінде қалай болады? Сенің ойыңша құдай сиқыршы және
әдейі біресе бір, біресе екінші түрде көріне ме: біресе ол өзі өзгеріп, өзінің бейнесінің
орнына түрлі басқада формаларды қабылдап, біресе бізге өзі жөнінде бір уақытта бір,
екінші уақытта басқаша түрде өзін әлдеқандай етіп көрсетуші ме? Әлде құдай әлдебір
қарапайым ба және ол әрдайым өзінің формасының шегінен шыға қоймайды ма?
Мен бұған бірден жауап бере алмаймын.
Ал мынаған ше: егер бірдеңе өзінің формасының шегінен шықса, ол өз-өзінен
өзгере ме немесе басқа да бірдеңенің ықпалымен өзгеруі қажет пе?
Қажет.
Бірақ та не нәрсе, ең жақсы жағдайда болса, сол басқаның ықпалымен онша
өзгеріске ұшырай қоймайды. Мысал үшін денсаулығы мен күші арқылы ерекшеленетін
дене тамақтардың, сусындардың және еңбектің ықпалынан онша өзгеріске ұшырай
қоймайды, емес пе? Немесе кез-келген өсімдіктің күннің жылуынан, желден тағы
басқа өзгере ме?
Әрине бәрінен аз.
Қалай болғанда да ержүрек ақылды жанды қайдағы бір сыртқы әсер ету онша
ренжітіп және өзгерте қоймайды
Иә, солай.