140
тыңдаған алғашқы мифтерді өте зор қамқорлық аясындағы ізгілікке қарай бағыттауға
жетуіміз керек.
Мұның өз негізі бар. Бірақ, егерде біреу, бізден бұл жөнінде сұрай қалса, бұл
неғылған мифтер және олар не жөнінде десе біз қандай мифтерді айта алар едік?
Адимант,— дедім мен,— біз екеуміз қазір ақындар емеспіз, біз мемлекеттің негізін
қалаушылармыз. Мифтерді тудыру негізін қалаушылардың ісі емес; оларға тек қана
поэтикалық шығармашылықтың негізгі белгілері қандай болу керек екенін білу және
оларды бұрмалауға жол бермеу.
Дұрыс, құдайлар туралы ілімдегі негізгі белгілердің қандай екендігі туралы міне
осылар ғой?
Иә, сонда да былай болса: құдай қандай оны сондай қалпында ылғи да суреттеу
керек, ол эпикалық поэзия да ма, меликалықта ма немесе трагедияда ма!
Иә, осылай жасау керек.
Құдай шын мәнінде игілік емес пе және де ол туралы осылай айтуымыз керек қой?
Енді басқаша қалай болады?
Бірақ ешқандай да игілік зиян келтірмейді, солай емес пе?
Меніңше де солай.
Ал зиянды болмайтын нәрсе зиян келтіре ме?
Ешқандай да.
Ал зиян келтірмейтін нәрсе қандайда бір жамандық тудыруы мүмкін бе?
Ол да жоқ.
Ал енді ешбір жамандық тудырмайтын нәрсе, басқа да бір жамандықтың себебі
болуы мүмкін бе?
Бірақ, бұл қалайша болуы мүмкін?
Солай болса игілік пайдалы ма?
Иә.
Ендеше ол дұрыс іс-қимыл бейнесінің себебі ғой?
Иә.
Ендеше, игілік — кез-келген іс-қимылдың себебі емес, ол тек қана дұрыс нәрсенің
себебі. Ал жамандықта игілік кінәсіз.
Сөз жоқ.
Ендеше, құдай да егер ол — игілік болса, көпшілік тұжырымына қарама-қарсы
барлығының себебі бола алмайды ғой. Ол адамдар үшін тек қана азғантайдың себебі
болады да, ал көп жағдайда ол жазықты емес, өйткені бізде жақсылық жамандыққа
қарағанда әлде, қайда аз. Игіліктің себебін ешнәрседен іздеудің керегі жоқ, бірақ
жамандықты тек құдайдан ғана емес, қайдағы бір басқа себептерден іздеу керек.
Менімше сенің, айтқаның, толығынан, шындық.
Ендеше, Гомердің және басқа да ақындардың құдайларға қатысты бұл
адасушылықтарын қабылдауға болмайды; Гомер ең үлкен сауыт ыдыс туралы айта
келе пайымсыз адасушылыққа ұрынады:
Зевстің үлкен үйінде
Бірінде бақытқа толы сый тартулар, ал екіншісінде — бақытсыздық. Және Зевс кімге
осылардың екеуін де араластырып берсе, сол өзінің өмірінде алма кезек біресе қайғыға,
бірде қуанышқа тап болады. Ал кімге араластырмай екінші ыдыстан берсе, ол оны
құтырған аштық осы құдіретің жеріңде қуалайды да жүреді.