Page 13 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

13
Тап осылай, сені ешбір құдайларды мойындамайды деп тұрмын.
Ғажап жансың, Мелет! Қалай бұлай дей аласың? Сонда басқа адамдар сияқты мен
Күнді де, Айды да құдай деп танымаймын ғой?
Шынында осылай, қазылар, себебі ол Күнді — тас, Айды жер деп уағыздайды.
Достым Мелет, сен мені емес, Анаксагорды айыптап тұрсың! Алдыңдағы
қазыларды Клазоменнен шыққан Анаксагорды оқымаған надандар деп ойлаймысың?
Оның кітаптары сенің маған таңып отырғандай тұжырымдарыңа толы. Ал жас жігіттер
ол ойларды Орхестрде бір-ақ драхма төлеп біле алады, ал сен парықсыз нәрселерді мен
ойдан шығарған деп айыптайсың. Дегенмен, Зевс үшін, айтшы, сеніңше мен
шынымен-ақ ешқандай құдай жоқ деп есептеймін бе?
Зевспен ант етем, ешқандай.
Мүмкін емес, Мелет, меніңше осыған сен өзің де сенбейсің. Афиналықтар,
меніңше, ол барып тұрған ұятсыз әрі бұзақы, ол осы шағымды ұятсыздықтан,
ұстамсыздықтан һәм жастығынан беріп отыр. Ол өзінше бір жұмбақ шешуді мақсат
еткен сияқты: "Дана Сократ менің өз-өзіме қайшы келіп отырғанымды, яғни
мазағымды түсіне алар ма екен, әлде алданып қалар ма және басқалар да солай болар
ма екен" деп. Оның жапқан жаласы: "Сократ құдайларды мойындамайды, өйткені
құдайларды мойындайды" деген сияқты былық нәрсе.
Енді бәріміз бірге байқап қарайықшы, афиналықтар, оның сөздері тап мен
айтқандай болып шығар ма екен. Мелет, сен бізге жауап бер, ал басқаларың шуламай
тыңдасаңыздаршы.
Дүниеде, Мелет, адамдардың ісін мойындайтын, ал адамдардың өзін
мойындамайтын кісі бола ма? Афиналықтар, ол осыған жауап берсін, бірақ жоқтан
өзгеге даурықпасын. Өмірде аттардың бар екенін мойындамайтын, ал атқа шабуды
мойындайтын кісі бола ма? Флейташыларды мойындамай, флейтада ойнауды
мойындауға бола ма? Олай болмайды. Ең болмаса мынаған жауап берші, генийлердің
аян беруін мойындайтын, бірақ генийлердің өзін мойындамайтындар бола ма?
Жоқ, болмайды.
Ақыры бір жауап берді-ау! Афиналықтардың сені жауап беруге мәжбүр еткені
қандай жақсы болды. Олай болса, байырғылары болсын, жаңадан шыққандары
болсын, данышпандардың аян беруін мен танимын және басқаларды да солай тануға
үйретемін. Яғни, сенің айтуыңша, мен генийлердің аян беруін мойындаймын, өз
шағымында да сен соны айтып отырсың. Егер генийлердің аян беруін мойындасам,
мен қалай данышпандардың өзін мойындамай алмаймын? Олай болуы мүмкін емес.
Солай емес пе? Әрине солай. Үндемегеніңе қарағанда, сен онымен келісіп тұрсың. Ал
генийлерді біз құдайлар немесе құдайдың перзенттері демейміз бе? Солай ма, жоқ па?
Әрине, солай.
Сонымен, сенің өз айтуыңша генийлерді мен мойындаймын, яғни сен онымен
келістің, ал генийлер — белгілі бір құдайлар, олай болса, жаңа мен айтқандай, сен
бәрін бір қылжаққа, не жұмбаққа айналдырып тұрсың, өйткені мені генийлерді
мойындайды деп тұрып, әрі мені құдайларды мойындамайды деп айыптайсың. Екінші
бір жағынан алсақ, аңыздарда айтылатындай генийлер құдайлардың нимфалардан,
тағы басқалардан өрбіген перзенттері десек, қандай адам құдайлардың балаларын
мойындап, құдайлардың өздерін мойындамайды? Ол аттар мен есектерден өрбіген
қашырларды (мулдарды) мойындап, ал аттар мен есектердің бар екендігін теріске
шығарумен бірдей нәрсе ғой. Жоқ, Мелет, сен бұл шағымды біздің бір өзіміздің
бүтіндігін сынауға бергендейсің, немесе не де болса бір қылмыспен айыптауға
ниеттеніп, бірақ қандай айып тағуда шатасқансың? Басқаша мүмкін емес. Әйтпесе, есі
бүтін адамдарды жаңағыдай айыппен иландыру мүмкін емес.
Сонымен, афиналықтар, Мелеттің маған таңып отырған қылмыстарынан менің пәк
екендігім бұдан әрі дәлелдеуді қажет етпес, осы айтқанымыз да жетер. Ал, мен бұрын