138
Мен қалай болса да біздің осы мәселені шешуімізге бұл анықтау өте орынды
болады деп сенемін.
Зевстің атынан ант берейін, сүйікті Адимант,— дедім мен,— ендеше бұл
анықтауды, егер ол тым созылып кеткеннің өзінде де тастауға болмайды.
Кел, ендеше, аспай-саспай, әңгіме түрінде айтушылар сияқты бізде, мейлі сөз
жүзінде болса да осы адамдарды тәрбиелеумен айналысайық.
Мұны қажетті түрде орындау керек.
Сақшыларды екі жақты тәрбиелеу: мусикалық және гимнастикалық
Тәрбиелеу қандай болады? Дегенмен өте ерте кездегі табылғандардан артық
жақсыны табу қиын болар. Дене үшін — гимнастикалық, ал жан үшін — мусикалық
тәрбие.
Иә, бұл солай.
Мусикалық тәрбие бізде гимнастикалықтан бұрын келеді.
Неге олай болмасқа?
Мусикалық тәрбиені айтқанда сен оған ауызша және жазбаша тілмен білдіретін
шығармашылықты қосасың ғой, шынында солай ма?
Иә, мен сөйтемін.
Шығармашылықтың екі түрі: ақиқатты және жалған Сақшыларды тәрбиелеудегі
мифтердің рөлі
Шығармашылықтың да екі түрі бар ғой; бірі — ақиқатты, екіншісі — жалған?
Иә.
Және осы екі түріне де тәрбиелеу керек, бірақ алдымен жалғандықты ғой?
Мен тіпті ештеме түсінбеймін, сен не жөнінде айтып тұрсың?
Жас балаларға біз алдымен мифтерді әңгімелейтінімізді сен білмейсің бе? Бұл
жалпы айтқанда, жалған, бірақ олардың ішінде ақиқатта бар. Балалармен жұмыс істей
отырып, біз гимнастикалық жаттығулардан бұрын мифтерге жүгінеміз.
Иә, бұл осылай.
Сондықтан да мен ең алдымен мусикалық өнермен, артынан гимнастикалықпен
айналысуға болады дедім.
Дұрыс.
Кез-келген істе, әсіресе, егер бұл жас өспірім мен нәзік балғындарға қатысты болса
ең бастысы — бұл бастама екенін білмейсің бе? Тек сонда ғана біреу-міреу ойына
сақтап қалғысы келетін белгілер құрастырылып, нығайтылады.
Өте дұрыс.
Балалар көп жағдайда біздің ойымызша, олар өскенде пайда болатын пікірлерімен
қайшы келетін, көрінгеннің ойдан шығарған, жалған мифтерін тыңдап және олардың
жанымен қабылдауына жеңіл-желпі қарауға, рұқсат беруге бола ма?
Біз мұндайға ешбір жағдайда да жол бермейміз.
Ең алдымен бізге, мүмкіндігіне қарай мифтерді тудырушыларға назар аударуымыз
керек: егер олардың шығармалары жақсы болса, біз оларды қабылдаймыз, егер олай
болмаса қабылдамаймыз. Біз тәрбиешілер мен аналарға, балаларына тек қана танылған
мифтерді айтуларына ақыл кеңес береміз; соның көмегімен балалардың денесі мен
қолдарынан гөрі жанын тезірек қалыптастырамыз. Ал қазір, олар айтып жүрген,
көптеген мифтерді лақтырып тастау керек.
Атап айтқанда, қандайларын?