Page 137 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

137
Біз, досым менің,— деп оның есіне салдым,— әділетінде түсінбегенбіз, өйткені, біз
өзіміз ұсынған бейнеден өзіміз ауытқып кетіппіз.
Сен не нәрсе жөнінде айтқың келіп тұр?
Біз әртүрлі мінездердің болатынын түсінбегенбіз, тіпті олар туралы ойлаппыз да, ал
олардың ішінде осы қарама-қарсылықтар орын алады.
Қандай мінездердің ішінде?
Бұл басқа да жануарларда да, әсіресе, біз сақшылармен салыстырғанда анығырақ
байқалады. Сен асыл тұқымды иттер туралы білесің ғой; олардың қасиеттері — кімге
үйір және кімді білсе, оларға тым жуас болып көрінеді, ал танымайтындармен дәлме-
дәл, керісінше.
Әрине, білемін.
Олай болса мүмкіндігіне қарай осындай қасиеттерді сақшылардан да іздеу
табиғатқа қайшы келмес.
Байқауымша жоқ.
Болашақ сақшы тағы да бір қажеттілікті керек ететін сияқты емес пе саған. Оның
қайсарлы — ашулығы аздай-ақ ол өзінің табиғаты бойынша тағы да даналыққа
ұмтылады.
Бұл қалай? Маған түсініксіз.
Мұндай ерекшелікті сен иттерден де байқайсың, жануардағы тіпті өте таң
қаларлық.
Атап айтқанда не?
Ит танымайтын адамды көргенде өршелене үреді, тіпті ол оны ешуақытта
ренжітпесе де, ал танитынын көргенде еркелейді, ол оған ешқашан жақсы ештеме
жасамаса да. Сені бұл таң қалдырмайды ма?
Мен осы уақытқа дейін бұған баса назар аударған жоқпын, бірақ иттің өзін дәл
осылай ұстайтыны түсінікті.
Оның табиғатындағы осы қасиет өте тамаша және тіпті нағыз философиялық деуге
болады.
Бұл қалай.
Ия солай, өзі көріп тұрған адамның жақындығын немесе қас екенін оны өзінің
білетініне не білмейтініне байланысты айырады. Міне осы тану әрекетінде
жақындықты немесе бөтендікті анықтауға түсіну немесе, керісінше, түсінбеу бар емес
пе?
Мұны жоққа шығара алмаймыз.
Ал танымға ұмтылу мен даналыққа ұмтылу — бұл екеуі бір ғой.
Иә, екеуі де бір.
Демек, біз батыл түрде дәл осылай адамда да кездеседі деп айта аламыз: егер ол
өзінің жақындары мен таныстарына сыпайы болса, ендеше ол өзінің табиғаты жағынан
даналыққа және танымға деген ұмтылысқа ие болуы керек.
Бұл солай-ақ болсын.
Сонымен, мемлекеттің мінсіз сақшысы бізде өзінің табиғаты жағынан даналыққа
және танымға ұмтылып, сондай-ақ ол епті және күшті болады.
Әбден дұрыс.
Солай-ақ болсын дейік. Бірақ бізге сақшыларды қалай өсіру және қалай тәрбиелеу
керек? Осы мәселені қарау бізге осының бәрін не үшін айтып отырмыз, яғни біз
қоғамды әділеттілік пен әділетсіздік мәселесін байқай аламыз ба деген сұрақтарды
шешуге бағыттала ма? Қалайда біз әңгімеміздің мақсатынан айрылып қалмай және
оны тым ұзартып алмауымыз керек.
Бұған Главконның інісі былай деді: