136
Басқаша айтқанда, бұл қарудың және де бағасы да болмаған болар еді!
Идеалды мемлекеттегі сақшылар сословиесінің рөлі
Демек, сақшылардың жұмысы маңызды болған сайын соғұрлым бұл іс
басқаларымен сыйыспайды — өйткені бұл шеберлік пен аса зор ыждағаттылықты
талап етеді.
Менің ойымша солай.
Бұл қызметке сәйкес келетін табиғи дарынды талапқа сай болу керек.
Әрине.
Бәлкім, егер жағдайымыз болса, біздің ісіміз ең алдымен өзінің табиғи қасиеті
жағынан мемлекетті қорғауда жарамдыларды тандап алар еді.
Әрине, бұл біздің ісіміз.
Зевстің атымен ант етейін, біз өзіміз оңай емес тақырыпты тандап алыппыз.
Әйтседе, қанша күшіміз жетеді, ешбір жасқаншаққа салынуға болмайды.
Әрине болмайды.
Сенің ойыңша қалай, күзет қызметінде табиғи қасиеті бар асыл тұқымды күшік пен
жақсыдан туған жас өспірімнің арасында айырмашылық бар ма?
Сен қандай қасиеттер туралы айтып отырсың?
Анау да және мынау да аңғырттықпен қабылдап, байқаған нәрсесін шапшаң қуып
жетіп және оған күшпен шайқасу керек.
Мұның бәрі, шынында да, керек.
Және жақсы шайқасу үшін жүректілік керек.
Басқаша қалай болады?
Ал долы, ыза кекті рухы жоқ кез-келген ат болсын, ит болсын әлде басқа жануар
болсын батыл бола ала ма? Сен қайсар рухтың тежелмейтінін және жеңілмейтінін
байқаған жоқ па едің: ол барда кез-келген жан ештемеден қорықпайды және ешкімнен
шегінбейді.
Байқадым.
Олай болса осындай сақшының денелік қасиеттері қандай болу керек екендігі саған
түсінікті болуға тиіс.
Иә.
Рухани қасиеттер де сондай, яғни қайсарлы ыза-кек рухы.
Және бұл да түсінікті.
Алайда, Главкон, егер сақшылар өзінің табиғаты жағынан осындай болса, онда
олар бір-біріне және басқа да отандастарына да мейірімсіз, қатал болмай ма?
Зевстің атымен ант етейін, бұл сұраққа жауап беру оңай емес.
Ал, өзара айтқанда, олар өз адамдарына момын және жауларына қаһарлы болуы
керек. Басқаша жағдай болса, оларды басқадай біреу-міреу құртады деп күтпей-ақ:
олар өздері де мұны істей алады және сөйтіп өздерін-өздері құртады.
Шынында.
Бізге қалай болу керек? Біз әрі жуас сонымен қатар ержүрек, батыл мінезді қайдан
табамыз. Жуас мінез қайсарлы рухқа қарама-қарсы ғой.
Бұл көрініп тұр ғой.
Егер де біреу-міреуде осының ешқайсысы болмаса, онда ол жақсы сақшы бола
алмайды. Байқаймын, бұл талап орындалмайтын сияқты және де сонымен қатар,
жақсы сақшы болуы да мүмкін емес.
Бәлкім, бұл осылай,— деді Главкон.
Мен қиыншылыққа тап болып және бұрынғы айтқандарымды оймен екшелей
бастадым.