135
киімдерін тігетін шеберлер. Бұған көптеген делдалдар да керек: меніңше, балалардың
жетекшісі, оларды тамақтандырушылар, тәрбиешілер, үй қызметіндегі әйелдер,
шаштараздар, сондай-ақ оларға аспазшылар мен ас пісірушілер керегі жоқ па? Бізге
және шошқа бағушылар да керек болады. Мұның барлығы алғашқы біз қараған
мемлекетте болған жоқ. Өйткені мұндай талаптар қойылмаған еді. Ал мына
мемлекетте осының бәрі керек болды және көптеген әртүрлі малдар да қажет, өйткені
олардың етінен тамақ жасалады. Солай емес пе?
Әрине.
Дәрігерлерге деген қажеттілік бізде, осындай тұрмыс салтына байланысты,
бұрынғыдан да көбірек болады.
Көбірек болады.
Иә және бір уақытта халықты тамақтандыратын ел, ендігі жерде азаяды. Немесе біз
қалай дейміз?
Әрине солай.
Сонымен, егер біз жеткілікті түрде егістік жер мен шабындыққа ие болғымыз
келсе, онда бізге көрші елдің жерінің бір бөлігін бөліп алуға тура келеді, ал
көршілеріміз де өз тарапынан біздің еліміздің бөлігін алғысы келеді ғой, сөйтіп олар да
ұшы-қиыры жоқ ашкөздікке салынып, қажеттіліктің шекарасынан өтіп кетеді.
Сократ, бұл толығынан сөзсіз болады.
Нәтижесінде біз соғысатын шығармыз, Главкон, немесе бұл енді қалай болады?
Иә, соғысуға тура келеді.
Біз әзірше соғыс, өз соңынан, зұлымдық немесе игілік әкеле ме, ол жөнінде ештеме
айта алмаймыз, тек айтарымыз біз ашқан жаңалығымыз соғыс — ол жүріп жатқанда,
ол жекелеген және қоғамдық апаттардың қайнар көзі.
Әрине.
Бұған қосымша, досым менің, біздің мемлекетімізді тағы да жай ғана емес, толық
біртұтас әскерге өсіру керек: ол біздің барлық дәулетімізді, біз не жөнінде айтып
отырғанымыздың бәрін қорғап және жаудың шабуылын тойтаратын болады.
Бұл қалай? Бұған біздің өзіміздің қабілетіміз келмей ме?
Шамамыз келмейді. Сен және біздің бәріміз осы мәселені қиялымыздағы
мемлекетті құрғанымызда дұрыс шешкенбіз. Егер сенің есінде болса, бір адамның
көптеген өнерді табысты түрде игеруі мүмкін емес деп шешкенбіз.
Сенікі шындық.
Енді не? Сенің ойыңша соғыс қимылдары өнерді талап етпей ме?
Тіпті, өте керек.
Бізге соғыс өнерінен гөрі етікшілер жөнінде көбірек мазасыздануымыз керек пе?
Еш уақытта.
Бізде етік тігу ісі табысты жүру үшін, біз етікшіге диқаншы немесе тігінші болмаса,
үй салушы болуға әрекет етудің өзіне тиым салдық: дәл солай әркімге біз тек бір-ақ іс
тапсырдық, оған табиғи дарыны сәйкес келуі керек; ол осымен, басқадай ештемеге
алаңдамай, өмір бойы айналысады және егер уақытын өткізіп алмаса, белгілі бір
табысқа жетеді. Ал соғыс ісіне қатысты мәселеде барлығын жақсы орындау маңызды
емес пе? Әлде бұл іс тіпті оңай болып, оны диқаншы да, етікші де, кез-келген
қолөнершіде, сонымен қатар әскери адам болуы мүмкін бе? Дойбылармен немесе
сүйек тасы ойындарымен жақсы ойнауды ешкім де үйрене алмайды, егер онымен жас
кезінен бастап айналыспай, жай былайша жүрдім-бардым ойнаса, қолға тек қалқан
немесе басқа да қару алып және әскери жабдықтаумен бірден ауыр қару жарақтылар
немесе басқалармен шайқасуға қабілетті бола аласың ба? Ешқандай қару, ол кімде-
кімнің болмасын қолына тигенімен, ешкімді бірден шеберге немесе күшті алыпқа
айналдырмайды, егер адам осы қаруын қалай қолдану керек екенін білмесе және ол
бойынша жеткілікті түрде жаттықпаса онда ол қару ешбір пайдасыз болып шығады.