134
Мүмкін, сенікі дұрыс шығар. Мұны зерттеу және одан шегінбеу керек. Ең әуелі
осындай дайындығы бар адамдардың тұрмыс салтын, өмір бейнесін қарайық. Олар
нан, шарап, киім-кешек, аяқ киім өндіреді, үй салумен айналысады. Жаздың күні көп
жағдайда жалаңаштанып және аяқ-киімсіз, ал қыста жеткілікті түрде киінеді. Олар
арпадан және бидайдың ұнынан жарма жасайды; жарманы қайнатып және қамырды
илейді, одан өте жақсы бөлкелер мен нан пісіріп шығарады, оларды қатар - қатарымен
құраққа немесе таза жапырақтарға тізіп қояды. Үнемі көгеріп тұратын, хош иісті
төсектің үстінде жантайып жатып, олар той тойлайды және өздері мен олардың
балалары шарап ішіп, бастарын гүлмен өрнектеген шеңбермен әдемілеп, құдайларды
мадақтайтын әндер айтады, бір-біріне қуанышты түрде қарайды; сонымен қатар
кедейшілік пен соғыстан сақтана отырып, олар өз жағдайларына байланысты ауқатты
көтере алатындай ғана дәрежеде балалары болуы керек.
Бұл жерде мені Главкон бөліп жіберді:
Сен бұл адамдарды ешбір тамақсыз-ақ ішіп жеуге зорлайтын сияқтысың!
Сенікі дұрыс,— дедім мен,— оларға тамақтардың да болатынын айтуды тіпті
ұмытып кетіппін. Оларға тұз да, зәйтүн жемісі де, ірімшік те, пияз да, жемістер де,
бақша өсімдіктері де болады және олар қайдағы бір ауылдық көжелерді пісіреді. Біз
бұған тәтті дәмдерді: інжір жемісін, ұсақ және ірі бұршақтарды қоссақ, хош иістілердің
ұрықтары мен шамшат жаңғақтарын олар отта пісіріп және өз шамаларына қарай
шараппен бірге ішетін болады. Міне осындай жағдаймен олар өз өмірлерін бейбітшілік
пен денсаулықта өткізіп және де мүмкіндігіне қарай қаусаған қарттыққа жетіп, өз
ұрпақтарына осындай өмір қалпын өсиет етіп қалдырып, өмірден өте береді.
Сократ, егерде,— деп қарсылық білдірді Главкон,— сенің жасап отырған
мемлекетің мұндай емес, тек шошқалардан тұрса ше, сен оларға азық жем берер ме
едің?
Басқадай не талап етіледі, Главкон?
Сол қабылданған әдет: төсекте жату, дастархан басында тамақтану, қазіргі елдің
бәрінде бар тәтті тағамдар мен ауқаттарды ішіп—жеу — міне, осылардан айрылып
қалып, жапа шекпеу, менің ойымша, қажет болып отыр.
Жақсы, — дедім мен, — сені түсінем. Біз бәлкім жаңа пайда болып келе жатқан
мемлекетті емес, ен байлыққа батып отырған мемлекетті айтып отырған шығармыз.
Бұл мүмкін жаман да емес. Осындай мемлекетті де анықтай отырып, біз қалайша
мемлекеттерде әділеттілік және әділетсіздіктердің пайда болатынын, мүмкін,
толығынан байқай аламыз. Біз талдап өткен мемлекет маған түп нұсқалы яғни, сау
болып көрінеді. Егер сіз керек десеңіз, бізге тынышсыз жағдайдағы мемлекетке де
назар аударуымызға ешкім бөгет жасамайды. Шынында кейбіреулерді көрінер көзге
осының бәрі және осындай қарапайым тұрмыс салты қанағаттандырмайды, оларға
төсекте, столдарда, әртүрлі аспап және тамақтар да, хош иісті жағатындар да, сондай-
ақ ашына жай әйел, дәмді бәліштер, осының барлығы көбірек болсын. Осыдан келіп,
ең қажетті дегендер, жоғарыда біз басында айтқан, үй-жай, аяқ-киім, киім-кешектер
емес, жоқ, бізге суреттер және безендірілген әшекейлер, алтын және пілдің сүйегі,
міне, осының бәрі керек. Шын емес пе?
Иә.
Онда бұл мемлекетті ұлғайта түсу керек шығар? Біз көрсеткен сап-сау мемлекет
ендігі жерде жеткіліксіз, оны енді қаптаған халықпен толтыру керек. Олардың қатысы
бұл мемлекет үшін ешқандай қажеттіліктен туындаған жоқ: Мысал үшін, түрлі-түрлі
аңшылар, сондай-ақ еліктеушілер, олар сурет салу және бояушы болу жағынан көп-ақ,
сондай— ақ музыкалық өнерде де ақындар мен олардың орындаушылары, актерлер,
хоревтілер, мердігерлер, әртүрлі аспаптардың, әртүрлі бұйымдар мен әйелдердің бас