131
Әрине, көбірек.
Жеке әділеттілікті тану үшін мемлекеттік тәжірибені пайдалану
Көбірек болғандықтан, бәлкім, әділеттілік артығырақ өлшемдерге ие болады және
оны сол жерде зерттеп тану оңайырақ. Сондықтан, егер керек болса, біз алдымен
мемлекеттегі әділеттілік дегеніміз не, одан соң тура осылай оның жеке адамға
байланысын ашып, яғни жекедегі пікір көбіректіге ұқсастығын байқаймыз.
Менімше, бұл жақсы ұсыныс.
Егер біз ойменен пайда болып келе жатқан мемлекетті көз алдымызға елестетсек,
біз ең алдымен сондағы әділеттілік пен әділетсіздіктің бастамаларын көретініміз рас
емес пе?
Бәлкім, солай шығар.
Міне, осы жағдайда біздің не іздеп жүргенімізді байқау оңайырақ болар деген үміт
бар.
Әрине.
Менімше осыған жетуге әрекеттенуіміз керек болар. Менің ойымша мұндағы істер
біз үшін жеткіліктіден де көбірек болар. Өздерің шешіңдер.
Идеалды мемлекеттегі қажеттіліктер мен табиғи талаптылықтарға байланысты
еңбек бөлінісі
Енді шешілді деді,— Адимант,— кірісе берсеңші.
Мемлекет,— дедім мен,— менің жобалауым бойынша, біздің әрқайсымыз өзін-өзі
толық қанағаттандыра алмай, бірақ көп нәрсені қажет еткенде пайда болады. Әлде сен
қоғамның бастамасын, басқаға, тағы бірдеңеге тіркейсің бе?
Жоқ, ештеңеге де емес.
Сондықтан да әрбір адам өзінің мынандай, не басқадай қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін біресе бір нәрсені, біресе келесі біреуін қамтиды. Кей жағдайда
мұқтаждықты басынан кешіре отырып, көптеген адамдар бір жерге жиналады, бірігіп
мекендейді және бір-біріне көмек көрсетеді; міне осындай біріккен елді мекен бізде
мемлекет деген атқа ие болмай ма, бұл шындық қой?
Әрине.
Сөйтіп, олар бір-біріне бірдеңелерді бөледі және бірдеңелерді бір-бірінен алады,
әркім, міне, осы жағдай оған жақсы болады ғой деп ойлайды.
Әрине.
Ал ендеше кел екеуіміз,— дедім мен, — басынан бастап, ойша мемлекетті құрайық.
Байқап отырсың, оны біздің қажеттіліктеріміз тудырады.
Ешбір күмәнсіз.
Ал ең бірінші және ең үлкен қажеттілік бұл тіршілік ету және өмір сүру үшін тамақ
табу.
Сөз жоқ.
Екінші қажеттілік — пәтер, үй, үшіншісі — киім және тағы басқалары.
Бұл дұрыс.
Енді қара,— дедім мен,— мемлекет қалайша осының бәрін өзіне қамтамасыз етеді:
біреу—диқаншы, екіншісі — құрылысшы, үшінші — тігінші болады және осыған біз
етікшіні, біздің денемізге қажетті мұқтаждығымызды қамтамасыз ететіндерді қоссақ
ше?
Ия, қосу керек.
Ең азы, мемлекет қажетті түрде төрт немесе бес адамнан ғана құрылуы керек.