Page 130 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

130
осындай жағын, сен мақтап атап от, егер оны қолдап отырса, ол өз-өзінен адамға
көмектеседі, ал әділетсіздік болса, керісінше, адамға зиянды. Ал әділеттіліктің ақшамен
және атақ-даңқпен сый-сияпатқа ие болатыны үшін мақтауды басқаларға қалдыр,
әділеттілікті осы үшін ғана аса жоғары бағалап және әділетсіздікті жазғырғанда даңқ пен
марапаттауды көкке көтергенде немесе оларды масқаралағанда мұны басқа адамдардан
естіп, оған төзуім мүмкін, бірақ сенен емес— әлде сен осыны талап етесің бе? Өйткені сен
өзіңнің барлық өмірінде, осыдан басқа ештемені, жете зерттеген жоқсың. Олай болса сен
өзіңнің жауабында әділеттілік әділетсіздікке қарағанда жақсырақ екенін көрсетіп қана
қоймай, адамға осы екі жақтың өз - өздігінен қандай әрекетпен ықпал ететінін, оларды
адамдардан немесе құдайлардан жасырғанның өзінде, неге оның бірі — ізгілік, ал екіншісі
— зұлымдық.
Адиманттың осы сөздері, сонда мені өте шаттандырды, әрине мен әруақытта оның және
Главконның табиғи талаптылығына таң қалатын едім.
— Сендер тура өздеріңнің даңқты ата-аналарыңның ұлдарысыңдар ғой,— дедім мен,—
Главконның табынушысының бізге арнап айтқан элегиясының бастамасы жаман емес,
сендер Мегара түбіндегі шайқаста ерекшеленгендей:
Даңқты Аристонның құдай берген тұқымы — оның балалары:
Бұл, достар, менімше жақсылық. Біздің қазіргі бастан кешіп отырған жағдайымыз
толығынан тамаша, өйткені сіздер әділетсіздік әділеттіліктен жақсы деген көзқарасты
ұстап отырған жоқсыздар. Міне, осылай айтуға толығынан мүмкіндіктеріңіз бар. Менің
байқауымша, сіздер шын мәніңде ондай көзқарасты ұстамайсыздар. Олай деген
қорытындыны сіздердің беталыстарыңа қарап, жасадым. Өйткені, мен сіздердің құрғақ
сөздеріңізге сенбеген болар едім. Мен сіздерге сенген сайын өзім аң-таң болып, маған
қалай болу керек, сіздерге қалай көмектесемін, білмеймін, сөйтіп өзімнің әлсіздігімді
мойындаймын. Осының белгісі ретінде маған пайдаға асатын мыналар: менің Фрасимахқа
қарсы айтқан уәждерім, онда мен әділеттіліктің әділетсіздіктен әлде қайда жақсы екенін
көрсеткенмін, бірақ оларды сіздер қабылдамаңыздар. Ал, екінші жағынан, мен өзімнің
көзқарастарымды қорғамай отыра алмаймын. Мен үшін ең қорқыныштысы дауыс беруге
күшің барда, сенің әлі кеудеңде жаның барда және әділеттілікті қаралап жатқанда, оған
көмектесуден бас тартудың өзі абыройсыздық болар еді. Ең жақсысы шамаң келгенше
соны жақтап шығу. Главконмен басқалары маған қандай да болсын тәсілмен
көмектесуімді және жай ғана ой жүгіртумен шектелмей, керісінше, әділеттіліктің және
әділетсіздіктің не екенін, олардың ақиқат түрдегі пайдалылығы қандай болатынын жете
зерттеуімді сұрады. Мен осы қолға алып отырған біздің зерттеуіміз айтарлықтай маңызды
іс деп өз пікірімді айтқан болатынмын, бірақ оған, меніңше, көзі қырағы көргіш адамның
күші ғана жетеді. Біз, меніңше, осындай зерттеулерді жүргізуде жеткілікті түрде шебер
емеспіз, бұл — көзі онша қырағы емес адамды алыста ұсақ әріппен жазылғандарды оқуға
зорлап көндіру сияқты. Кенеттен біреу дәл осы әріптер бар жердегі үлкен мөлшердегі
жазулар да ірі болуы да мүмкін деген болжам айтты. Менің ойымша, егер бұлар біркелкі
болса алдымен ірі әріптерді оқып, одан соң ұсақтарын анықтап алу, тура үлкен жаңалық
қой:
Әрине,— деді Адимант. — Бірақ қандай ұсақтарды көріп отырсың, сен бұл жерде
Сократ, әділеттіліктерді іздеуге қатысы барларын ба?
Мен саған айтайын. Әділеттілік дейміз біз, жеке адамға да және сондай-ақ біртұтас
мемлекетке де тән қасиет.
Әрине.
Ал мемлекет болса жеке адамнан әлде қайда көбірек қой?