Page 129 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

129
саналатын ақындар мен тәңірдің әулиелері де сүйенеді: олар істің мәні дәл осылай деп
көрсетеді.
Нағыз әділетсіздіктің орнына тағы да қандай негізде біз өзімізге әділеттілікті қалап алар
едік? Егер біз әділетсіздікке ие болып, оны жалған сыпайылықпен қосақтасақ, онда біздің
іс-әрекеттеріміз құдайлардың, сондай-ақ адамдардың алдында және біздің өмірімізде де
және біз қаза болғаннан кейін де зердемен келісімді болып қала береді. Міне көптеген
жоғары лауазымды адамдардың көзқарасы осындай. Барлық осы айтылғандардан кейін,
Сократ, шын жүрегімен, дене күшімен дарынды, әрі байлыққа ие болған және текті
адамның әділеттілікті құрметтейтіндей тілек білдіре қояр ма екен, жоқ әлде оны қалай
мадақтағанын естіп, күліп жүрмей ме? Ия, кімде-кім қазіргі біздің айтқанымыздың бәрін
жоққа шығарса және кім ең жақсысы бүл әділеттілік екендігіне толығынан сенімді болса,
тіпті соның өзі әділетсіз адамдарды кешіруге дайын және оларға ешбір ашуланбауға
тырысады. Өйткені ол мынаны ұғынады: адамның әділетсіздікке ызасы келуі мүмкін, егер
ол табиғаты жағынан құдайшыл болса және әділетсіздіктен бас тартуы біліммен толық
қаруланғанда ғана пайда болады, ал жалпы алғанда ешкім де әділеттілікті өз еркімен
қолдамайды: әркім әділетсіздікті өзінің жасқаншақтығынан, қартайғандығынан немесе
қайдағы бір дәрменсіздігінен айыптайды, өйткені ол оны жасауға шамасы келмейді.
Мұның осылай екені түсінікті. Өйткені осындай адамдардан ең бірінші кім күшке енді
ғана енсе, сол өзінің икемділігіне қарай бірінші болып әділетсіздік жасайды.
Осының барлығына себеп — біздің әңгімеміздің қайдан жөне неден шыққандығында
болып отыр. Міне, ол және мен де, біз екеуміз саған, Сократ, мынаны айтамыз: Сен
керемет таңғаларлықтай адамсың! Біздің ішімізде әділеттілікті қанша адам болса да
олардың ешқайсысы ең алғашқы батырлардан бастап, олардың көбінің айтқандары
сақталды ғой және содан біздің замандастарымызға дейін ешкімде әділетсіздікті
масқаралаған да жоқ және әділеттіліктің өзін одан пайда болатын атақ, құрмет, сый-
сыяпат үшін ғана болмаса, жалпы, мақтаған жоқ. Ал әділеттілік немесе әділетсіздік өзінің
меншікті күшімен кім оны меңгерсе, соның ой ниетінде сақталып, бірақ бұл құдайлардан
да және адамдардан да жасырынғанымен де, әлі күнге дейін ешкім ешуақытта не
өлеңдерде, не прозада да әділетсіздік бұл — адам жаны өз бойына мұны қалайша сақтауы
мүмкін екені белгісіз, асқан зұлымдық, ал әділеттілік аса зор игілік деп айтқан ешкім жоқ.
Егер сіздер осының барлығын басынан бастап осылайша айтып және бізді жас кезімізден
осыған сендіргенде, біздер бір-бірімізді әділетсіз іс-әрекеттерден сақтандырмас па едік,
әркім зұлымдыққа сыбайлас болмас үшін қауіпті жағдайда өзіне-өзі сақшы болар еді.
Міне осыны мүмкін бұдан да көбірек Фрасимах немесе басқа біреу әділеттілік пен
әділетсіздік туралы, менің ойымша, дөрекі түрде, олардың маңызын бұрмалап айтқан
болар еді. Бірақ мен сенен ештемені жасырмаймын, сенен қызу түрде өтірікті
әшкерелеуіңді тілеймін, осыған байланысты барлық күшімді салып, сөйлеп отырмын.
Міне сондықтан сен өзіңнің жауабыңда әділеттілік әділетсіздіктен жақсы екенін
көрсетумен ғана шектелмей, адамға осы екеуінің әрқайсысы қандай әсер ететінін,
зұлымдық па, әлде игілік пе? — соны көрсет. Главкон кеңес бергендей әділеттілік пен
әділетсіздік туралы пікірлерді қозғамай-ақ қой. Егер сен осы екі жағдайда да ақиқатты
пікірлерді сақтап, соларға тағы да жалған жақтарын қоссаң, онда біз сен әділетсіздікті
емес тек оның көрінісін ғана мақтап отырсың, ал сенің масқаралауың әділетсіздікке емес,
ол жөніндегі ой-пікірге ғана қатысты: сонда сен әділетсіз адамға жасырынып қал дейсің
және Фрасимахтың әділеттілік дегеніміз басқаның игілігі, ол мықтыға ғана лайықты,
өйткені ол үшін мақсатына сай келетін және пайдалы өзінің ғана әділетсіздігі керек, ал
осал адамға әділеттіліктің қажеті жоқ деген пікірмен келісесің. Ал енді сен әділеттілік ең
зор игілікке жатады деп мойындасаң, оны иемденіп алуға болады және одан шығатын
салдары үшін және одан да гөрі қажетті — көру, есту, зерде, денсаулық және басқа да
адамдардың пікірінен құралған емес, өз табиғаты жағынан түпнұсқа әділеттіліктің, міне