Page 12 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

12
Бәрі де.
Герамен ант етейін, Мелет, аузыңа май, басқаларға пайдалы адамдар қалай көп. Ал,
мынау бізді тыңдап отырғандар піс, олар да жастарды жақсылыққа тәрбиелей ме?
Олар да.
Ал Кеңестің мүшелері ше?
Ия, Кеңестің мүшелері де.
Олай болса, Мелет, мүмкін Халық Жиналысына к.атысушылар жастарды бұзатын
болар? Әлде олар да, бірі қалмай, жастарды жақсарта ма?
Олар да.
Мүмкін менен басқа афиналықтардың бәрі де оларды пәк етеді екен, бұзатын тек
мен екем, сен осыны айтқың кеп тұр ма?
Тап осыны.
Сен маған тым ауыр бақытсыздықты таңып тұрсың, Мелет. Бірақ, айтшы, сеніңше,
мысалы, аттарды да тек біреу баптап, жарата ала ма, әлде көп адамдар жаратып, біреу
ғана бұза ма? Басқа жануарлармен де қалай болады, біреу ғана бағып, жақсарта ма,
жоқ көпшілік жақсартып, біреу ғана бұза ма? Әрине тәрбиелеу, баптау сияқты,
жұрттың бәрінің қолынан келе бермейді, оған жеке біреулер ғана қабілетті, онымен
сен Анит екеуің келісесің бе, келіспейсің бе, ақиқат солай. Әйтпесе, тек бір-ақ адам
бұзатын, басқаның бәрі жақсартатын болса, жастар үшін қандай бақыт болған болар
еді. Сонымен, Мелет, жастардың тағдыры үшін сен еш уақытта жаның ауырмағанын
көрсеттің.
Тағы да мынаған жауап бер, Мелет, Зевс үшін: адал адамдардың арасында өмір
сүрген жақсы ма, жоқ, арам адамдардың ортасында ма? Бұл қиын сұрақ емес. Арам
адамдар маңайындағыларға тек зиян, ал адал адамдар тек жақсылық әкелмей ме?
Әрине.
Ендеше әркім маңайындағылардың өзіне зиян емес, тек пайда әкелгенін тілемей
ме? Жауап бер, заң да сотта жауап беруді талап етеді ғой. Ешкім өзіне зиян келгенді
қаламайды емес пе?
Әрине, қаламайды.
Солай, дейік. Ал сен мені сотқа жастарды әдейі қастық оймен бұзып жүр немесе
тек білместіктен істеді деп тартып отырсың ба?
Әдейі.
Бұл қалай, Мелет, сен жаста болсаң бәрін білесің, жаманшылықтың да,
жақсылықтың да өзіне ең жақын жүргенге зиян, не пайда жасайтынын түсінесің, ал
мен тіпті осыны да білмейді екем, егер мен біреуді оңбаған етсем, алдымен одан өзіме
жамандық келетінін білуім керек қой, ал мен оны тағы, әдейі, біле тұрып істейді
екенмін. Сонда мен алдымен өзіме қас болғаным ба? Сенің бүл сөзіңе сенбеймін,
ешкім де сенбейді. Екінің бірі — я мен ешкімді де аздырмаймын, егер аздырсам, тек
білмегендіктен. Ал егер білмегендіктен істесем, онда ол үшін сотқа тарту емес, қайта
ісімнің теріс екеніне көзімді жеткізіп, түсіндіру қажет. Сен болсаң маған түсіндіруге
ешбір әрекет жасаған жоқсың, қайта бірден жазалауға сотқа шағым жасап отырсың.
Дегенмен, Мелет, айтшы, мен жастарды қалай азғындатып жүрмін? Берген
шағымыңа қарағанда мен оларды қаланың сиынатын құдайларын мойындамауға, оның
есесіне басқа, жаңа бір құдайларды мойындауға үйретеді екенмін, солай ғой?
Тап солай.
Тап сол құдайлар үшін және осы бізді тыңдап отырғандар үшін анығын айтшы,
Мелет. Сенің не айтқың келгенін толық түсіне алмай тұрмын. Мені шаһарымыздың
сиынатын құдайларын мойындамай, басқа құдайларды мойындайды, соған жастарды
үйретеді деп айыптайсың ба? Онда мені алаңсыз құдайдан безген деуге болмайды,
өйткені белгілі бір құдайларды мойындайтын болғаным ғой. Әлде сен мені мүлде
ешбір құдайларды мойындамайтын, құдайдан безген дегің келіп тұр ма?