Page 128 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

128
болған, сол арқылы тек жеке адамдарды ғана емес, тіпті тұтас бір халықтарды, олардың
ғана емес, тіпті қазіргі тірілердің өздері жамандықтан құтылып және тазара алады. Ал енді
бұл тасаттық жасау және құпияшылдықты олар жағымды ермекке санайды. Мұның өзі
бізді ол дүниедегі азаптардан құтқарып, ал кім де кім тасаттық жасамаса оларды
қорқынышты жағдайлар күтіп тұр.
Және дәл осындай әртүрлі нәрселер, қымбатты Сократ, қаншама рет ізгіліктер,
әдепсіздіктер олар адамдар мен құдайлар тарапынан қалай бағаланады? Осындай
әсерлерде қалған біздер жасөспірімдерге не айта аламыз, не істе дейміз? Өздерінің табиғи
талаптарына қарамастан олар осындай әңгімелердің тұзағына өздері ұшып келіп,
түскендей. Олар адам қандай болу керек, ол өзінің өмір жолын барынша жақсы өткізу
үшін қандай бағытты ұстау керек дегенде осы әңгімелерден қортынды шығаруға қабілетті.
Барлық мүмкіндігінше, бәлкім бозбала өзіне өзі Пиндарға ұқсап сұрақ қоятын шығар:
Маған қорғанның биік шыңына шындықпен бе, әлде алдаумен, өтірікпен көтерілу керек
пе? олардың қорғауларының арқасында және өмір сүруім керек пе? Осы әңгімелерге
қарағанда, егер мен әділетті болсам, ол мені ондай емес деп санаса, одан маған ешқандай
пайда жоқ, қайта одан тек қана ауыртпалық және көрінер көзге зиян болады. Ал әділетсіз
адамға, бірақ әділеттілік даңқына жол тапқанға өмір, елдің айтуынша, өте жақсы болады.
Сондықтан да көзбояушылық, көзге көрінушілік, дана адамдардың айтуынша, тіпті
ақиқаттың өзінен күші басым болады дейді және аман-есен болудың негізгі жағдайы
ретінде қызмет етеді. Міне осыған мен барлық назарымды аударуым керек: көзге
көрінушіліктің табалдырығы ретінде маған айналама ізгіліктің әдемі кескінін салу керек
және оның тасасында Архилоктың тәсілқой және епті түлкісін сүйретіп әкелуім қажет.
Бірақ ылғи да өзінің теріс қылығын жасыра беру оңай емес қой, деуі мүмкін кейбіреулер.
Әрине дегенмен барлық ұлылық еңбексіз болмайды ғой деп жауап берер едік, біз оған.
Дегенмен, егер біз бәрі сәтті болуға ұмтылсақ, онда осы айтылған ой-пікірлердің іздері
алып баратын жолдармен кетуіміз керек. Жасырыну үшін, біз одақтар және бірлестіктер
құруымыз қажет; иландыру өнерінде де жетекшілер бар, солардан соттық даналықтарды
алып, пайдалану және халықтық жиналыстарда әрекет ете білу керек: сөйтіп біз бірде
ұғындыруға, бірде күш көрсетуге ұмытыламыз, сол арқылы үнемі, әрдайым үстем болып
және жазаға тартылмауымыз керек.
Бірақ құдайлардан ешбір жасырына да, оларға күш көрсете де алмайсың. Ендеше
құдайлар өмір сүрмесе немесе олар адамдардың істері жөнінде ешқандай қамқорлық
жасамаса, онда олардан жасырынамыз деп бізге уайымдаудың да керегі жоқ. Егерде
құдайлар өмір сүріп және біз туралы қам жейтін болса, онда біз олар жөніңде білеміз
немесе олар туралы ертегі-аңыздардан және олардың үрім-бұтағы туралы шежірелерде
баяндап берген ақындардан естіген болар едік. Осы деректердің өзі құрбан шалу, дұға оқу
және сыйлық тарту арқылы құдайларды өз жағымызға тартуға болар, дейді. Бұл жерде осы
айтылғандарға не сену немесе тіпті сенбеу керек. Ал егер сене қалсақ онда алдымен
әділетсіздік жасауымыз қажет, ал одан соң құдайларға өзіміздің жасаған әділетсіз
пайдакүнемдігіміз үшін құрбандық беруіміз қажет. Әрине, әділеттілікті қолдай отырып,
біз шындығында құдайлар тарапынан жазаға тартылмаймыз; бірақ оның есесіне
әділетсіздік бізге әкелуі мүмкін деген олжалардан, пайдалардан айрыламыз.
Әділетсіздікке сүйену бізге өте пайдалы, ал енді біздің қылмыстарымызға және
қателіктерімізге келсек, біз табанды түрде жалынып, жалбарыну арқылы құдайларды
қайта ұғындырамыз және жазадан құтылып кетеміз. Бірақ Аидта не біздің өзімізді, немесе
балаларымыздың балаларын, біздің осындағы әділетсіз іс - қылықтарымыз үшін жаза
күтіп тұр емес пе? Алайда, менің досым, алдын ала болжағыш адам, дәл осы жерде
құпияшылдыққа сыр ашу және құтқарушы құдайларға сенудің ұлы күштері бар дейді.
Міне осыған ірі мемлекеттерден бастап, сондай-ақ құдайлардың нәрестелері деп