127
шеңберлер киіп, осылай мастық жағдайда өткізеді; Мусейдің айтуынша, ізгілік үшін ең
көрікті, тамаша сыйлық — бұл мәңгі бақи мас болу.
Ал енді келесі ілімдерге сәйкес құдайлар тарапынан берілетін марапаттаулар әрі қарай
жалғаса береді: тақуалы және антқа берік адамнан кейін оның балалары мен оның барлық
ұрпағы қалады ғой. Олар міне не үшін және осыған туыстас басқада нәрселер үшін
әділеттілікті мадақтайды. Ал абыройсыз, әділ емес адамдарды бұлар Аидтағы қайдағы бір
ми батпаққа батырып және олардың арамтер болып, елеуішпен су тасып жүруіне мәжбүр
етеді. Мұндай адамдарға олардың өмір сүріп жүрген кезінің өзінде-ақ жаман атақ
тағылады: Главкон еске түсірген әділетті адамдардың әділетсіз болып көрінуіндегі
жазаның құрығы әділетсіз адамдарға да жетеді. Олар жөнінде бұдан басқа ештеме
айтудың керегі жоқ. Міне оларды да, бұларды мақтау мен даттаудың жөні осындай.
Сонымен қатар әділеттілік пен әділетсіздік жөнінде, Сократ, байқап қарасаң, әдеттегі
сөздер мен ақындарда кездесетін пікір айтудың тағы бір түрі бар. Барлығы бір ауыздан
парасаттылық пен әділеттілікті белгісіз әсемдік, алайда, ол, сонымен қатар, жанды
қинайтын және ауыр, ал бейбастақтықпен, әділетсіздікпен ерекшелену жанға жайлы және
жеңіл, бірақ, көптің пікірі бойынша, заң жүзіне ұят нәрсе деп саналады. Көпшіліктің
айтуынша, әділетсіздік іс— қылықтар әділеттілікке қарағанда әрі орынды, әрі мақсатқа
сай келеді: адамдар қоғамдық өмірде де және күнделікті күйбең тіршілікте де жексұрын
сұмдарды, егер олар бай және беделді болса бақытты санап, оларды сыйлайды, ал енді
қайдағы бір әлсіз кедейлердің байлардан әлде қайда жақсы екенін мойындай отырып,
оларды ештемеге жаратпайды және жек көреді.
Осылардың ішінде құдайлар мен рахым етушілер жөнінде ең бір таңғаларлық көзқарастар
бар, тіпті құдайлардың өзі көптеген жақсы адамдарға бақытсыздық пен жаман өмір бөліп
беріп, ал оларға қарама-қарсы жандарға басқаша тағдыр берген. Қайыршы сәуегейлер
байлардың үйінің есігінің алдында шырғалып, қарайлай жүріп, өздерінің құдайлардан
алған қабілеттері бар екенін, солар бойынша тасаттық пен дуалау арқылы біреуін немесе
оның бабаларының ауыр күнәсін жуып, шайып беретінін, мұның өзі жанға жайлы түрде,
мерекелер үстінде өтуге тиіс деп сендіреді. Егер біреу өзінің жауына зиян келтіргісі келсе,
азын аулақ шығындармен - ақ ол әділетсіз адамға жасаған кесірін тигізуді әділетті адамға
да жасай алады: олар қайдағы бір дуалаумен және түйіншектер арқылы құдайларды да
көмекке келуге көндіреді. Ал енді осылардың бәрін мақұлдау ретінде жауыздыққа қол
жеткізу оңай екенін ақындардың куәләндіруін келтіруге болады:
Жамандықты тандап алуға адамдарға молынан мүмкіндік беріледі.
Ол өте жеңіл түзу жол және мекені тіпті жақын.
Ал ерліктің табалдырығына тер төгуді құдайлар орнатқанға дейінгі жол қайдағы бір ұзақ
және тіп-тік құламалы. Адамдар құдайларды өз жағына тартып алатындығы жөнінде олар
Гомерге сілтеме жасайды. Өйткені ол да құдайлар жалынғанға да, айтқанға да көнеді
дейді.
Сұраушы пенделер олардың алдында жазықты және күнәһар болса да, тіпті ізгілігімен,
әділеттілігімен және күшімен болсын бізден әлде қайда жоғары, бірақ мәңгілік
құдайларды да хош иісті, жуас дұғалар арқылы, шараптарды молырақ ағызып және
тасаттыққа шалынғандардың майына жұмсартады.
Абыздардың қолында Селена мен Музаның арғы аталары болған Мусей мен Орфейдің
қаптаған кітаптары бар еді және сол кітаптар арқылы олар өздерінің ырым - жоралғылары