Page 126 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

126
жеңіп шығады. Ал оларды жеңген соң байып шыға келіп, өз достарына жақсылық жасап,
жауларын күл-талқан етіп, құдайларға ағыл-тегіл, сән-салтанатты құрбандық шалып және
сыйлықтар беріп, бір сөзбен айтқанда, құдайларды құрметтеумен қатар, әрине адамдардың
ішінен өзі қалағандарын да сый-сияпатсыз сырт қалдырмайды. Осының барлығын ол
әділетті адамға қарағанда әлде қайда жақсы атқарады. Міне, сондықтан барлық
мүмкіндігіне қарай құдайға әділетті адам емес, әділетсіз осындай адам жағымды келеді.
Міне сондықтан да, Сократ, құдайлар жағынан да және адамдар жағынан да әділетсізге,
әділеттіге қарағанда, ең жақсы өмір әзірленген деген менің тұжырымдамам қуатталған
сияқты.
Главкон сөзін аяқтағанда мен оған қалайда қарсы пікір айтайын деп ойымды жинақтай
бергенімде, оның інісі Адимант маған былай деді:
Сен, Сократ, осы айтылғандар даулы мәселені шешеді деп ойламайтын шығарсың?
Әрине.
Айтамын дегендердің ішінен ең негізгісінен қате кетіпті.
Демек, "ағайын ағайынды құтқар" деген мәтелдегідей, егер Главкон бірдеңеден
қате жіберіп алса, сенің жұмысың оған көмектесу ғой. Ал мен үшін оның айтқанының
өзі таяқ жегенімдей және әділеттілікке көмектесуге мүмкіндігімді айырғандай
жағдайға душар еткені де жеткілікті.
Сен бос соз айтып тұрсың,— деп қарсылық білдірді Адимант,— ал енді тағыда
мынаны тыңда... Бізге Главконның айтқандарына қарсы қойылған дәлелдемелерді
анықтап, тексеруіміз керек — олар әділеттілікті жақтайды және әділетсіздікті
масқаралайды, сонда Главконның түпкі ниеті, менімше айқын бола кетеді. Өз
балаларына әділетті болу керек дейтін және соған иландыратын әкелер де және біреуді
қамқорлыққа алғандар да әділеттіліктің өзін емес, оған бағынышты қайырымды
даңқты мақұлдайды. Өйткені кімді әділетті десе, соған мемлекеттік қызметтер және
некелескендегі қыруар пайда солай қарай ағылады. Мұның барлығы, жаңа Главкон
айтқандай, әділетсіз болса да, қайырымды даңққа ие болған адам туралы болып отыр.
Оның үстіне бұл адамдар қайырымды даңқтың басқада артықшылығына сүйенеді:
бұған қосымша құдайлар жағынан құрметке ие болу, өйткені олар тақуалық
қылықтарға ағыл— тегіл игіліктерді сыйға тартады. Бұл жөнінде ең беделді ақын
Гесиод те және Гомер де айтты ғой. Гесиодтың айтуынша, құдайлар игі әділ адамдар
үшін емендер жаратыпты.
Емен жаңғақтарын жоғары бас жақтан және балды ортадан беріпті;
Қойлары қалың жабағы жүннің салмағынан ауырлапты... және осыған қосымша басқа да
игіліктерді тудырыпты. Гомерде де осылай суреттеледі:
Сен ешбір мінсіз патшаға ұқсауың мүмкін; құдайдың Қорқынышы бойыңда (және
көптеген адамдардың құдіретті әміршісің).
Ол шындықты тудырушы; оның өлкелерінде молшылық кеңінен өседі. Қара бидай және
арпа, тары, жемістердің салмағынан ағаштар ауырлайды.
Өрістегі мал көбейе түсуде және балығы мол сулар қайнап тұрғандай.
Ал Мусей мен оның баласы құдайлардың әділетті тақуаларын бұдан да артық еліктіретін
игіліктерімен назар аудартады: осы ілімнің негізі бойынша, олар Аидқа кіргенде алдымен
төсек (ложаға) орналастырылады, осы таупықты адамдар үшін кішігірім тойлар
ұйымдастырылады және олар өздерінің қалған уақыттарын бастарына гүлден өрілген