125
қолға алады, ал екіншісіне жоламайды; бұған қосымша ол өзінің қайдағы бір кездейсоқ
ағаттық жасағанын да байқап, оны түзетуге қабілетті. Әділетсіз адамның осындай ниетте
болатындығын оның әділетсіз іс — қимылындағы ең сенімді құралы — ол зымияндық
ойын басқадан жасыру. Егер оны ұстап алса, онда оның осал болғаны. Өйткені
әділетсіздіктің ең жеткен шегі — ол шын мәнінде болмаса да, әділетті сияқтану.
Толығынан әділетсіз адамға өзін әбден жетілген әділетті болып көрінуі, мұнда
әділеттіліктің бірде-бір белгісін жоғалтпауы керек. Өйткені кімде-кім ең зор әділетсіздікті
тудырса, сол адам әділеттілік саласында да өзінен ең зор даңқ дайындайды; ал егер ол
бірдеңеден жаңсақ кетсе оны түзете алады; егер оның әділетсіздік істерінде бірдеңенің
шеті ашыла қалса, ол енді қайтадан сендіру үшін сөздің құдіретті қабілетіне ие болуы
керек; ол қажет болған жерде күш қолдана алады, өйткені онда ерлік те, күш те бар, ия
сонымен қатар ол өзіне достар және байлық та жинап алған.
Әділетсіз адамды осылай көз алдымызға елестетіп, біз осы әңгімемізде оған қарама-қарсы
әділеттіні яғни, қарапайым және мейірімді, Эсхилдің тілімен айтқанда жақсы, көрінгісі
келмей, жақсы болғысы келетін адамды қарсы қояйық. Мұнда жасандылықты алып тастау
керек. Өйткені егер ол көзге көріну үшін әділетті болса, оған құрмет көрсетіліп және
сыйлықтар беріледі: өйткені ол бәріне осындай адам сияқтануы мүмкін, ал ол әділеттілік
үшін бе, әлде сыйлықтар мен құрметтеу үшін осындай ма о жағы белгісіз болып қала
береді. Оны әділеттіліктен басқа барлық жағынан әшкерелеп, бетін ашу керек және оны
бірінші адамның толық қарама-қарсы ету қажет. Ешқандай әділетсіздік жасамаса да, ол
төтенше әділетсіз болып аты шыға берсін, сол арқылы ол өзін-өзі әділеттілік сынағынан
өткізіп және енді оған ешқандай да жаман ат тағылмайтынын дәлелдейтін болады. Сөйтіп
ол енді қашан ажалы жеткенше ешқандай өзгеріссіз бұл өмірде әділетті атанып, өз
жолымен жүре берсін, ал шын мәніңде ол әділетті болатын. Ал енді осы екеуі өздерінің ең
ақырғы, яғни бірі әділеттіліктің жол шегіне жетсе, екіншісі әділетсіздіктің, сонда ғана
осылардың қайсысының бақыттырақ екенін жорамалдауға мүмкіндік туады.
Ах, қымбатты Главкон,— дедім мен,— біздің пікірімізге сәйкес келуі үшін осы екі
адамның әрқайсысын мүсін сияқты өңдеп, мықтап тегістедің ғой.
Шамам келгенше тырысып бақтым, — деп жауап берді Главкон,— Ал енді олар
осындай болса, менің ойымша, осылардың әрқайсысын қандай өмір күтіп тұрғанын ой
жүгірту арқылы анықтау қиын болмайтын сияқты. Бұл жөнінде айту керек; егер сөз
біршама қаталдау болып шықса, Сократ, мұны мен емес, әділеттіліктің орнына
әділетсіздікті асыра мақтап тұрған біреу айтты деп есепте. Олардың айтуынша: осылай
қалыптасқан әділетті адам қамшының астына алынады.Оны керіп қояды, оның аяғына
шынжыр бұғау салынады, оның көзін күйдіреді, ең соңында ұзақ қинаудан кейін оны
қазыққа отырғызады, сонда ғана ол әділетті болудың орнына, соған ұқсау ғана керек
екенін түсінеді. Сонымен бірге Эсхилдің айтқан сөзін әділетсіз адамға қолдану әлде
қайда дұрыс болар еді. Шынында да, дейді кейбіреулер, әділетсіз адам ақиқатқа жат
емес істермен айналысады, қауесет үшін емес, тек қана әділетсіз болып көрінгісі
келмейді, бірақ шын мәнінде:
"Даналық шешімдері өсіп-жетілетін жерде,
Ол өз ақылын терең соқамен жыртқандай жұмсартты".
Ең алдымен мемлекеттік өкімет оның қолына көшеді. Сондықтан да ол әділетті болып
көрінуі керек, одан соң ол өзі қалаған отбасынан өзіне әйел алады, қыздарын кімге
күйеуге бергісі келсе, бере алады. Кіммен байланыс және кіммен қарым-қатынас
жасаймын десе еркі өзінде болады да, осының барлығынан өзіне тағы қосымша пайда
табуға тырысады, өйткені әділетсіздіктен ол ешбір жиренбейді. Егер ол жеке немесе
қоғамдық дауға іліге қалса, ол одан төмендемей, қайта жоғары болып, өзінің жауларын